Жаңалықтар

Оралда «Ұлттық тарихты зерделеудегі жаңа қағидаттар мен міндеттер» тақыбырында кеңес өтк

9 шілде күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мәжіліс залында «Ұлттық тарихты зерделеудегі жаңа қағидаттар мен міндеттер» тақырыбында облыстық кеңес өткізілді. Онда облыс әкімі, ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің төрағасы Нұрлан Ноғаев ұлт тарихын байыпты зерттеудің маңыздылығын атап көрсетті. Бұл ретте тарихшылар алдында үлкен міндеттер тұр. Басты мақсат Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасы бойынша ұлттың тарихи санасын жетілдіру және жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бағытындағы іс-шараларды жандандыруға күш салу және іске асыру болып табылады. Ел болып көсегесі көгерген мемлекет құру бабалардың асыл арманы еді. Ғасырлар тоғысында қазақтың бағы жанды. Тәуелсіздік жылдары Елбасы да, халық та ұлы сыннан өтті. Әлем картасында толыққанды қазақ мемлекеті орнықты. Мәңгілік ел идеясы - ұлтты біріктіруші идеология! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мәңгілік елдің уығын қадап, шаңырағын көтерді. Ендігі сөз ұлттың өзінде, интеллигенцияның сөзінде! Аталған мәселенін маңыздылығын ескере отырып, бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанында ұлттық тарихты зерделеу мәселелерін үйлестіру жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды. Кеңестің төрағасы облыс әкімі Н.Ноғаев, құрамында 15 адам бар. Кеңесте сондай-ақ М.Өтемісов атындағы БҚМУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұяқбай Рысбеков - «Отандық тарихты зерттеудің кейбір көкейкесті мәселелері», БҚО тарих және археология орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы Мұрат Сыдықов - «Батыс Қазақстан тарихының негізгі мәселелері», облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева - «Орта және кәсіби білім беру ұйымдарындағы Қазақстан тарихының оқытылу жағдайы», «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин - «Ұлттық тарихты зерделеуге қатысты ұсыныстар», облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Әбіл Жоламанов «Ұлттық мәдени мұраны сақтау және оны насихаттаудағы музейдің рөлі» тақырыбында өз ой-толғамдарын білдірді. Кеңесте талқыланған мәселелер бойынша қарар қабылданды. ҚазАқпарат.
09.07.2013 12:36 2744

9 шілде күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мәжіліс залында «Ұлттық тарихты зерделеудегі жаңа қағидаттар мен міндеттер» тақырыбында облыстық кеңес өткізілді.

Онда облыс әкімі, ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің төрағасы Нұрлан Ноғаев ұлт тарихын байыпты зерттеудің маңыздылығын атап көрсетті. Бұл ретте тарихшылар алдында үлкен міндеттер тұр.

Басты мақсат Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасы бойынша ұлттың тарихи санасын жетілдіру және жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бағытындағы іс-шараларды жандандыруға күш салу және іске асыру болып табылады.

Ел болып көсегесі көгерген мемлекет құру бабалардың асыл арманы еді. Ғасырлар тоғысында қазақтың бағы жанды. Тәуелсіздік жылдары Елбасы да, халық та ұлы сыннан өтті. Әлем картасында толыққанды қазақ мемлекеті орнықты.

Мәңгілік ел идеясы - ұлтты біріктіруші идеология! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мәңгілік елдің уығын қадап, шаңырағын көтерді. Ендігі сөз ұлттың өзінде, интеллигенцияның сөзінде!

Аталған мәселенін маңыздылығын ескере отырып, бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанында ұлттық тарихты зерделеу мәселелерін үйлестіру жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды. Кеңестің төрағасы облыс әкімі Н.Ноғаев, құрамында 15 адам бар.

Кеңесте сондай-ақ М.Өтемісов атындағы БҚМУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұяқбай Рысбеков - «Отандық тарихты зерттеудің кейбір көкейкесті мәселелері», БҚО тарих және археология орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы Мұрат Сыдықов - «Батыс Қазақстан тарихының негізгі мәселелері», облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева - «Орта және кәсіби білім беру ұйымдарындағы Қазақстан тарихының оқытылу жағдайы», «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин - «Ұлттық тарихты зерделеуге қатысты ұсыныстар», облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Әбіл Жоламанов «Ұлттық мәдени мұраны сақтау және оны насихаттаудағы музейдің рөлі» тақырыбында өз ой-толғамдарын білдірді.

Кеңесте талқыланған мәселелер бойынша қарар қабылданды.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға