1929-1931ж.ж. Қызыл империяға қарсы 372 көтеріліс болғанын білеміз бе?
Ресми құжаттарға қарағанда, 1929-31 жылдар аралығында Қазақстанда 372 шаруалар көтерілісі болған. Бұл көтерілістерге 80 мыңдай адам қатысқан [10, 239 б]. ОГПУ-дің саяси құпия бөлімінің 1931 жылы 1 желтоқсанда берген статистикалық мəліметіне қарағанда, 1929 жылы 54, 1930 жылы 77, 1931 жылы болған көтерілістердің барлығын қосқанда 372 көтеріліс болған. Көтерілістерге 1921 жылы 31 топ, 351 адам, 1930 жылы 85 топ, 1925 адам, 1931 жылы 80 топ, 3192 адам қатысқан. Барлығы үш жылдың ішінде 196 көтерілістер жасаған. Аталған жылдары көтерілістерге барлығы 5468 адам қатысса керек. Кеңес үкіметіне қарсы 460 рет қастандық əрекеттері, колхоз жəне совхоз құруға қарсы 127 рет зиян келтіру оқиғасы ресми тіркелген [11,1-2 пп]. Жоғарыдағы мәліметтер ресми орындарда істеген қызметкер-лерден алынған. Әсілі, бұл мәліметтер толық емес. 1929-39 жылдар арасында тек қана қазақтардан екі миллионнан астам адамның аштық, соғыс т.б. себептермен өлгенін немесе өлтірілгендігі ресми берілген мәліметтерде көрсетілмейді деп айта аламыз [2, s. 100].
Көтерілістер мен оған қатысқан адам-дардың саны ресми мәліметтерден қа-рағанда әлдеқайда көп. Демек, бірнеше оқиғалар ресми тіркеуге алынбастан жабылған. Оның себебі, Кеңес үкіметіне қарсы көтерілгендер саны көп болды. Сонымен бірге, бұндай ішкі алауыздықтар Кеңес үкіметінің сыртқы «келбетіне» кір келтіретін еді. Күллі әлемге коммунизмді таратқысы келген Кеңес үкіметі, алдымен бұл идеяны өз халқына мойындатуы керек болатын. Сыртқы күштерге қарсы тұру үшін өз халқының кеңестік режимге риза екендіктерін танытуы тиіс болды. Яғни, Кеңес үкіметіне қарсы көтерілістердің санын аз етіп көрсету осы мақсаттан туындаған еді.
Мемлекеттік қызметкерлер де жо-ғары жаққа көтерілістердің санын аз етіп көрсеткенін аңғару қиын емес. Мысалы, 1931 жылы желтоқсан айында Ф.И.Голощекин Сталинге жазған ха-тында: «Тап күресінің өрістегенін ГПУ-дің төмендегідей анықтамасынан білуге болады: соңғы екі жылда ірі бандалардың 34000-дай адамы қатысқан 15 бас көтеруі орын алды. Осы екі жылда 1350 контрреволюциялық топтар жойылып және оған қатысқан 7500 кісі қолға түсті…» [12,108 п]– деп жазды.
Көтерілістердің орын алуының бірден- бір себебі Кеңес өкіметінің саясаты еді. Көтерілістердің басты себептерінің бірі 1929 жылы қолға алынған күштеп колхоздастыру саясаты болды. Сталин 1928 жылы Лениннің жаңа экономикалық саясатын қорытындылап, 1-бесжылдықты бастап, жоспарлы экономиканы жүзеге асыра бастады. Ал мәселеде өзіне қарсы келген Л.Д.Троцкий секілді тұлғаларды саясаттан қуғындады [13, s. 147].
Әсілі, бұл саясаты 1925 жылдың жел-тоқсан айында коммунистік партияның ХІV съезінен бастау алды. Сталиннің директивасымен қабылданған шешім бойынша ауыл шаруашылығын ұжым-дастыру жөнінде қарар алынды. Қарар негізіндегі жоспар бойынша қауым басшыларынан билік алынып, жер қазақ шаруаларының қолына берілуі керек болды. Бірақ, бұл Кеңес үкіметінің айтқанындай болмады. Айтылған мен жа-салынған іс-әрекеттер бір-біріне қарсы келді. Ауыл шаруашылығында ұжымдық шаруашылыққа күшпен біріктіру белең алды. Осы себептен де А.Байтұрсынов секілді зиялылар бұл реформаға қарсы шықты. Алайда, Кеңестік үкімет ре-формаға қарсы келгендерді аяусыз жазалады. Көптеген адамдар мемлекеттік қызметтен қуылды [2, s. 97].
Тек қана жер емес, халықтың малы да мемлекеттік меншікке алынды. Бағзы заманнан мал шаруашылығымен шұ-ғылданатын қазақ шаруалары малынан айырылғысы келмеді. Қолындағы малын тартып алғысы келген үкіметке малдарын бермес үшін өз қолымен малдарын өлтіріп немесе көрші мемлекеттерге қашып, жан сақтауды жөн көрді. Осының нәтижесінде 1915 жылы бір қазақ отбасына 26 бас малдан келсе, 1929 жылы 5 бас малдан келді [2, s. 97-98]. 1928-1932 жылдар аралығында ірі қара малдың басы 6 миллион 509 мыңнан 965 мыңға, қой 18 миллион 566 мыңнан, 1 миллион 386 мыңға, жылқы 3 миллион 516 мыңнан 316 мыңға, түйе 1 миллион 42 мыңнан 63 мыңға дейін азайып кеткен. 1925-1929 жылдары Кеңес үкіметінің жүргізген колхоздастыру саясаты осылайша аласапыранға айналды [14,166 б].
Алғашқы бес жылдық жылдары (1928-1932 жж) ауылда жекеменшік жойылып, колхоз бен совхоздар құрылды. Осы реформаның нәтижесінде халықтың әлеуметтік жағдайы теңестіріліп ұжымдастырылды. Реформа Кеңестік идeология мен жүйені жүзеге асыруды жеңілдетті. Осылайша, халық мемле-кеттің қатаң бақылауына алынды [5, s. 90].
А.Заки Валиди Тоған: «Бұл жер реформасы олардың мінетін аты еді. Өйткені, үкімет әр жерде шаруалар фeодалдардан, билер және ағамандардан құтқаратын болып көрінуді негізгі мақсат етіп қойды» [15, s. 97], — дегендей, қазақ халқының байлыққа толы жерін өз иесінен тартып алып, құтқара ма екен? Негізінде, қазақтарда жерге деген меншік немесе фeодалдық ұғым болған емес. Яғни, бұл мәселеде ішкі Ресейдегі шаруалар мен қазақ халқымен бірге Орта Азия халқының өмір сүруі мүлде басқа болатын. Орыстарда кулак деген ауқатты шаруалар болды. 1905 жылы Ресейде кулактар шаруалардың 10 пайызын құрағанына қарамастан, жердің 35 пайызына иелік ететін. Кедей шаруалар кулактардың құлы секілді өмір сүретін [6, s.792]. Қазақтарда мүлде басқаша еді. Қазақтар көбіне мал шаруашылығымен айналысатын. Жылдың белгілі бір мерзімінде малды өрістету үшін жайлауға шығатын. Дәл осы кезде керегінше егін егетін. Аз да болса сауда-саттықпен шұғылданатын [16, s. 8].
Жер, қырдағы халықтың әдеп-ғұрпы негізінде әрбір рудың ортақ меншігі болатын. Қала немесе өзге де елді мекендерде шариғатқа сай меншік құ-қығы бар-тын. Сонымен бірге, қырды мекендеген халық жерді шабындық және мал жаю үшін пайдаланатын. 1917 жылғы төңкеріске дейін қазақ қоғамында негізінде үлкен жер иеленушілер жоқ болды. Мақта егуге мемлекеттің мәжбүрлеуі және ұсақ жер иелерінің қарызға батуына байланысты
Қызыл империяға қарсы 372 көтеріліс болғанын білеміз бе?
төңкерістен кейін аз да болса ірі жер иелері пайда болды. Бірақ, бұл да Кеңес үкіметінің ауылшаруашылық саясаты-ның негізінде ортаға шықты. Қысқасы, Қазақстан мен Орта Азияда жер мәселесі Ресейдегідей халықтың жікке бөлінетіндей ушыққан емес еді [3, s. 953-54].
1929 жылы Сталин Кеңес үкіметінің жылдық қорытындысы ретінде сөйлеген сөзінде: «Мынаны білгеніміз жөн, ұжым-дастыру әрекетінде біз туындаған дағ-дарыстан міндетті түрде құтыламыз неме-се құтылдық. Егер колхоз бен совхоздарды құруды осылайша жеделдете түссек, өл-кеміз үш жылдан кейін бидайға бай ел болып, бидайды экспорттайтын бірден-бір мемлекет болатындығына шүбә жоқ», — деген еді [7, s. 364-373]. Бірақ, үмітке толы бұл сөздер 1929-1931 жылдар аралығында тек қана қазақтардан екі миллионнан астам адамның өлуіне әкеп соқты.
Кеңес үкіметі орта шаруаларды жойып, шаруаларды мақта секілді шаруашылықпен шұғылдануға мәжбүрлеп, аз жалақы беріп т.с.с. әрекеттерімен халықты мемлекеттің беретін бидайына телміртіп қойды [17, s. 1-2]. Сұралған бидай да дер кезінде келме-ді. Мысалы, 1928 жылы 688.000 тонна сұралса, оның тек 550.000 тоннасы ғана жіберілді. Жер мен суды да мемлекеттік меншікке алған Кеңес үкіметі халықты астық егуден бас тартқызып, шаруаларды ұжымдасуға мәжбүрледі. Бұл саясатқа қарсы шыққандарға бай, буржуй деп айып тағылып, түрмеге қамалып, қуғын-сүргінге ұшырап, өлім жазасына кесілді. Мақта екпеген, ұжымға кірмеген шаруалардың қолынан жері мен малы тартып алынды. Мемлекеттің берген тракторы тек мақта егіп, ұжымға мүше болғандарға ғана берілді. Шаруалар арасында болған әртүрлі түсініспеушіліктен олар бір-біріне қарсы келетін. Осылайша Кеңес үкіметінің жүргізген саясаты дәлелдеуді қажет етпейтін зұлымдықты тудырды [1, s. 385].
1929 жылы 27 желтоқсанда қабылдан-ған шешімде «Кулак» деп аталатын жер иелері қуғындау және тап ретінде жоюды міндет етіп қойды. Әсілі, қазақ қоғамында «кулак» деген ірі жер иелері жоқ еді. Кулактарды қуғындау барысында ұсақ жер иелері немесе бір сиыры бар адамдар да сүргінге айдалған кездері болды [5, s. 90].
Сталин 1929 жылы жариялаған ше-шімімен колхоз және совхоз жұмыстары-на басымдық берді. Бірақ, бұл реформаны іске асыруда кедергілер жоқ емес еді. Қазақстандағы Коммунистік партияның өкілдері колхоздастыруға әлі ерте екендігі жөнінде сан мәрте Мәскеуге мәлімдеме жасағанмен, ештеңе өзгермеді.
Мемлекет жетекшілерінің ұжымдасты-ру кезіндегі қателіктерін мойындаған кездері болды. Голощекиннің 1931 жылы желтоқсанда Сталинге жазған хатында: «Сонымен, бұл қозғалыстардың таралуына уақыт көзімен қарасақ, мұны тек қана ұйымдастырудағы қателіктер-мен байланыстыруға болмайды ғой», — деді. Бірақ, хаттағы мына сөздер үкімет адамдарының ойына не келе соны жасаға-нын айғақтайды: «Қазақ аудандарында отырықшы және жаппай ұжымдастыру аудандарына қарағанда ұжымдастыру әлдеқайда қарқынды болды. Оларды ұжымдастыруға ешқандай бір жағдай болмағандықтан, онда ұжымдастыруды қалай өткізу керектігін ешкім біле алма-ғаны белгілі және білмейді де»[18,108-109 пп]. Мемлекет басындағы қызметкерлер-дің өзі ұжымдастыру ісін білмесе, оны кім біледі? Жетекшілерінің өзі білмейтін бұл күштеп ұжымдастыру құбылыс шынында қорқынышты еді.
1929 жылы 7.4 пайыз қазақты мәж-бүрлеп ұжымдастырды. 1930 жылы 5 қаңтарда Мәскеуден келген директивалар нәтижесінде Қазақстанның 1932 жылдың көктеміне дейін колхоздастыруды аяқтау керек болды. Бұл бұйрықтар нәтижесінде 1930 жылдың қаңтарында қазақтарды колхоздарға топтастыру жүрді. 1930 жылдың 1 ақпанында 53.3 пайызы, 1930 жылдың наурызында 42 пайызы, 1931 жылдың қараша айында 62.7 пайызы, 1932 жылы 70 пайызы колхоздастырылды. Қыс маусымында халықтың қолындағы мал алынып, жерді мемлекеттік меншікке өткізу үшін Мәскеуден 25.000 жеке топ қызметке тағайындалды. Қолдарындағы малдары мен жерлері тартып алынып, қыстың ортасында ашаршылыққа ұрынған халық ашуға булықты. Осындай кейбір топтар колхоздарға қараңғы кештерде шабуыл жасап, халықты өлімнен арашалап алғысы келді. 1933 жылға дейін жалғасқан бұл нәубет кезінде жүз мыңдаған адамдар аштан өлді. Жүз мыңдаған адамдар өз
отанын тастап, басы ауған жаққа босып кетті [2, s. 98-100].
Қазақстанда бұл жылдары орын алған көтерілістердің негізгі себебі Кеңес үкіметінің отаршылдық саясатының бір көрінісі болған колхоздастыру реформасынан туындады. Бірақ, мемлекет жетекшілері көтерілістердің негізгі себебін басқаша көрсеткісі келді. Ф.И.Голощекин 1930 жылы 21 сәуірде Сталинге: «Қазақ ауылындағы 91 жағдай туралы» атты жіберген хатында, көтерілістер «бай, атқамінер, ру басысы әлі де ауылда елеулі күш болып табылатын тап күресінің шиеленісе түсуінен» [19, 127 б] – деп бұны баскөтеру себебі ретінде көрсетті.
Кеңес Үкіметінің ресми орындары Қазақстандағы әлеуметтік реформаны Ресейдегі ірі жер иелері және олардың қанауына ұшыраған орыс шаруаларына ұқсатып, бұны өз мүддесіне пайдаланды. Тек Кеңес үкіметі емес, Еуропа империалистері басып алған өлкелерін мәдениет әкелу, халықты фeодалдардан құтқару т.б. себеп етіп отарлаған бо-латын.
Көтерілістерді ресми мәліметтерде көрсетілгендей Ташкенттегі зиялылар ұйымдастырған. 1921 жылы Самарқанд-та А.З.Валиди Тоған басшылығымен «Орта Азия Ұлттық революциялық қауымдастықтар одағы» құрылған бо-латын. Түркістан халықтары (қазақ, өзбек, түркмен, башқұрт) құрған бұл одақты қысқаша «жамиғат» деп атайтын. Алаш орда қайраткерлері де мүше болған бұл «жамиғаттың» жеті баптан тұратын платформасының біріншісінде: «Жамағаттың мақсаты — Түркістанның тәуелсіз болуы және Түркістанның билігі түркістандықтардың қолында болуы» [1, s. 408] – деп көрсетілді.
«Советская степь» (“Казахстанская правда”) газетінің 1930 жылы 6 қыр-күйегіндегі санында зиялыларды айып-тап, былай жазды: «Қазақстанда ОГПУ органдары ашқан Қазақ ұлтшылда-рының контрреволюциялық астыртын ұйымы Кеңес үкіметін құлатуды және буржуазиялық демократиялық автоно-мияны қалпына келтіруді өзінің мақсаты етіп қояды. Астыртын ұйым пантуркизмнің белгілі идeологы және Орта Азиядағы басмашылықтың идеялық жетекшісі Заки Валиди басқаратын «Тәуелсіз Түркістан» контрреволюциялық ұйымына біріккен ақтардың шығыс әміршісімен құпия байланыс орнатқан [21].
1923 жылы 21 ақпанда Орта Азияны тастап шыққан [42, s. 401] Заки Валиди Тоған қазақ қайраткерлерімен байланыс жасады. Ол Германиядағы Түркістанға қайтқысы келген Мурадиеге 1926 жылы 10 желтоқсанда Түркиядан жіберген хатына қарағанда «жамиғаттың» аз да болса қазақ қайраткерлерімен байланысы болғандығын білдіреді [8, s. 811-815].
Зиялылар халықты ұйымдастырып, әрекет етіп бақты. Олардың бұл әрекеті туралы «Еңбекші қазақ» газетінің 269 санында Голощекин: «Көшпенділерді отырықшыландыру мәселесінде Әлихан Бөкейханов, Қаратілеуов пен Жафар Сұлтан Бек секілді тұлғалармен екі жыл бойы күресіп келеміз» [9, s. 298], — дейді.
Қазақстандағы Кеңес үкіметінің би-леушілері көтерілістердің себептері жө-нінде Мәскеуге жіберген рапорттарын-да былай дейді: «Банды басшыларының Кеңес үкіметі мен кулактарды арандату-лар негізінде елді наразылық күштерді топтастыруы, ал екіншісі ауылдағы таң-даулы адамдарды округтық жұмысқа совхоздарға, оқу орындарына алып қоюға, байланысты жергілікті жерлерде негізінен ескі кадрлардың қалды. Мәліметтерді берген Голощекиннің пікірінше, кейінгілер «байлардың қолжаулықтары, топшылдар бізге зиянды адамдарын дайындап, ол агенттерімен бірге өздерінің қаскүнемдік істерін жүзеге асырды» [19,130 б].
Кеңес үкіметінің жетекшілерінің кө-теріліс туралы пікірі осылай еді. Ал, халықтың пікірі қалай еді? 1930 жылдың көктемінде Қарақұмдағы көтеріліске қатысқандардың мемлекет басшыларына жазған хатында мынандай талаптар қойылды:
1. 1928 жыл ортасындағы әділетсіз тәркіленген мал-мүлікті қайтару;
2. Дін бостандығын беру, мешіттерді қайтару, діни салттар мен шараларға кедіргі жасамау;
3. Ірі байлар тәркіленгеннен кейін, енді тәркілеу болмайтындығы жөнінде дек-рет шыққан еді, бірақ бұл іс орта ша-руаға қарсы әлі жасалуда;
4. Колхоздарға зорлап кіргізу тоқ-татылсын. Олар тек ерікті негізде кір-гізілсін;
5. Қазақ даласында тапқа бөліп, жіктеуді қою керек. Істі шешуге ком-сомолдарды жібермеу, оны ауылдың жал-пы жиналысында шешу қажет;
6. Салықтарды мал-мүліктің санына қарай салу керек. Егін екпейтіндерге астық салығы салынбасын…» [20, 82 п].
Бұл талаптарды халық айтпай-ақ, мемлекет өз жасауы керек еді. Кеңес үкіметінің жетекшілерінің айтқанындай ешкім ірі жер иелерін қорғау немесе қуғындау ниеті болмағандығы анық. Онсыз да бұндай адамдар өте аз болатын. Халық әділетсіздіктің орын алмауын қалады. Хатта байлардың мал-мүлкін тәркілеу жөніндегі қаулыны да сынға алады. Кеңес үкіметі жетекшілері қалаған адамын осы категорияға жатқызып, мал-мүлкіне қол сала алатын. Қаулыны іске асыруда бай мен кедейдің немесе орта шаруаның шекарасын анықтамады. Егер өте бай адамдар көп болса, аштық болмас еді ғой. Бұған қатысты «Қарақұмға жиналған азаматтардан!» деп жазылған хатта жағдайды былайша жеткізеді: «Ірі байларды тәркілеген «Еңбекші қазақ» беттерінде енді мал-мүлікті тәркілеудің болмайтындығы бірнеше рет атап көрсетілді. Бұған қарамастан, соңғы жылдары байларды ғана емес, тіпті орташаларды да тәркілеу басталды. Сондай-ақ, оларды жер аударды. Қазақ даласында байлар жоқ, сондықтан 58-бапты басшылыққа алмай-ақ, 58 бап бойынша жері барларға тек салық салуды өтінеміз… Біз мемлекеттік міндеткерліктен ешқашан жалтармаймыз. Біз үкіметке қарсы шықпаймыз. Қарсы наразылық білдірмейміз. Адамша өмір сүру құқығын қамтамасыз етуді өтінеміз» [21,98 п].
Жоғарыдағы халықты колхоздарға мәжбүрлеп кіргізу, дін бостандығы т.б. талап-тілектері — адам құқығына ешқандай қайшы емес негіздер. Бірақ, бұл Кеңес үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы талап-тілектер еді. Мәселенің мәні осында болатын.
Кеңес үкіметінің отаршылдық саяса-тына қарсы шыққандарда «бандит» деп бағалады. Олардың талап-тілектері, өкінішке орай, назарға алынбады. Көтерілістер Кеңес үкіметінің айтқаны секілді байлар мен дін адамдарының бастаған көтерілісі емес, ашынған халықтың отаршылдыққа қарсы нара-зылығы болатын [19, 130 б, 138-142 бб]. Денеге кірген у денені қаншалықты қыздырса, бұл жердегі жағдай да халықтың өз-өзін қорғаудағы жанталасы еді.
Ергүн Акгедік, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлeкеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының ізденушісі (Жалғасы)
”Қазақстан-Заман” газеті.