Жаңалықтар

Адай көтерiлiсшiлерiнiң рухы мәңгi өлмейдi

Кешегi iшмерез қызыл империяның кесiрiнен тұмшаланып келген, кезiнде бүкiл әлемнiң назарын аударған қанды оқиғалардың бiрi, Адай көтерiлiсi екенi мәлiм. Адай көтерiлiсi 1929-32 жылдардағы Қазақстанның түкпiрiнде бой көтерген халық наразылығының ең үлкенi. Қазақ өлкелiк партия комитетiнiң басында отырған Ф.И.Голощекиннiң қанқұйлы өктем саясатына, зорлық-зомбылығына қарсы халық толқуы 1931 жылдың көктемiнде басталды. Оған Адай елiн ерекше бақылауға алған өшпендiлiгi, Қазақ Өлкелiк атқару комитетiнiң мүшесi, Адай округтiк атқару комитетi төрағасының орынбасары Шәбден Ералиевтiң қазасына байланысты орынсыз айыптаулар, зиялы азаматтарға деген қуғындаулар, қызыл жүн сияқты ойдан шығарылған салықтар, күшпен ұжымшарға бiрiктiру, қорлау-зорлау, тонау, шолақ белсендiлердiң жүгенсiздiгi, халықты жаппай түрмелерге қамау түрткi болғаны аян. Ш.Ера­лиевтiң қазасы желеуiмен ОГПУ округтiң басшыларын қуғындауға ұшыратты. Кезiнде “Адай ханы” болып танылған Тобанияз Әлниязұлы бастаған азаматтардың түрмеге жабылуы да елдiң наразылығын туғызды. Ауыр салықтардың толастамауынан түбек халқы әбден титықтады. 1928 жылғы жұт және оның соңын ала келген ашаршылық Адай көтерiлiсiнiң басталуын тездеттi. 1930 жылғы тамызда Адай округiнiң таратылып, Гурьев және Ақтөбе округтерiне бөлшектенуi де халық толқуына өз әсерiн тигiздi. Сол жайлы ОГПУ “Сопы”, “Адайды құтқару”, “Ақбота” астыртын ұйымдарын құрып, кеңес үкiметiне қарсы күрес жүргiздi деген желеумен 61 адамның iсiн қарап 21 адамды ату жазасына кестi. Адай көтерiлiсiне ОГПУ-дың есебi бойынша елуден астам жасақтар қатысты. Көтерiлiсшiлердiң қарулы қарсылығы бiрте-бiрте ұйымдасқан сипат алып, 1931 жылы өзiнiң шырқау биiгiне көтерiлдi. Көтерiлiс тек Маңғыстауды ғана емес, Жылой, Табын аудандарын да қамтыды. Бұл ұлан-ғайыр жердi шарлаған көтерiлiс аймақ-аймаққа бөлiнiп, әрқайсысы өз басқарушыларын (хандарын) сайлады. Мәселен, Бозашының батыс бөлiгiнде (Тұщықұдық Шебiр жаға) Берiш Мамай Салпықовты, Қызау, Ақшымырау өңiрiнде Бөкен Қарабатыр Қаралдинды, Оңтүстiк Орталық бергi үстiрт аймақтарында құнанорыс Мырзағали Тынымбаевты, Солтүстiк үстiртте майлан жары Боқмаш Шолановты “хан” етiп сайлады. Көтерiлiсшiлер қаруды 1920 жылы-ақ иемденген. Ақ генерал Толстовтың дивизиясы қызыл әскерлерден шегiнгенде Гурьев қаласы арқылы Маңғыстаудың үстiмен өттi. Толстовшылар қыс кезiнде аш-жалаңаш болғандықтан қаруларын жергiлiктi халыққа болмашы азық-түлiкке айырбастаған-ды. Жергiлiктi халықтың бiр қатары осындай жолдармен қаруға ие болған. Бiрақ кеңес үкiметi бұл қарудың бiр қатарын кезiнде халықтан жинап алған-ды. Бiрақ тұрғындардың көпшiлiк бөлiгi қаруларын тапсырмай аман алып қалған. Адай көтерiлiсi кезiнде жасақшылардың бiразы сол қару-жарақты пайдаланды. “Адай көтерiлiсi” деп аталатын алапат қасiрет ұзақ жылдар бойы өте құпия сақталды. Бiр таңданарлығы, осы тақырыпқа алғаш түрен салған ардагер азамат – 35 жыл бойы iшкi iстер министрлiгiнде жауапты қызметтер атқарған полковник Iзтұрған Сариев едi. 1995 жылы Iзтұрған Сариев Мұқаш Омаровтың авторлығымен “Ойрандалған Адай даласы” деген шағын очерк жарық көрдi. Осы көмескi тарихқа құлшына кiрiскен Iзтұрған Сариев кейiннен мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң құпия мұрағаттарына кiрiп, сол кездегi алтынға бергiсiз құжаттарды қолға түсiрiп, соның негiзiнде “Қанды ойран” атты деректi тарихи хикаятты дүниеге әкелдi. Онда атылған, асылғандардың, сотталғандардың тiзiмi, олардың фото бейнелерi, тағы да басқа құнды дүниелердiң барлығы – Iзтұрғанның құпия мұрағаттардан тiрнектеп жинаған жәдiгерлерi. Сол түп нусқалардың бәрiн кейiн (марқұм) Iзтұрғанның зайыбы Нұрсан Маңғыстау мұражайына тапсырды. Қалай дегенмен де сонау 1870-71 жылдары патша озбырлығына қарсы көтерiлiп, кейiн қанжоса болып басылған Досан Тәжиев бастаған ұлт-азаттық көтерiлiсi сияқты, 1929-31 жылдардағы Адай көтерiлiсi де қанға боялып жеңiлiс тапты. Мәселен, Тұщықұдық, Шебiр, Ақшымырау бағытында тегеурiңдi қимылдар танытқан Мамай Салпақовтың жасағы ұжымдастыру кезiнде халықтан тартылып алынған малды бiрнеше рет иелерiне қайтарды. Елге тiзесi батқан шолақ белсендiлер мен қызметiн асыра пайдаланған милиция қызметкерлерiнiң жазасын бердi. Елге үкiмет әскерлерiнiң келуiн тежеу үшiн кемелерге белгi беретiн маяктарды қиратты. Телефон – телеграф апараттарын бүлдiрдi, Прорваны шауып, тәуелсiздiк жолында басын тауға да, тасқа да ұрды. Шәудiр жерiнде күшi әлденеше есе басым қызыл әскерлермен шайқасып жеңiлiске ұшырады. Үкiмет әскерiне күшi жетпейтiнiн түсiнген Мамай өз жасағымен көшiн Иранға алып өтпек болып, үстiрттiң тасалау жерлерiмен шегiндi. Бейнеу ауылынан 100 шақырымдай жердегi Бесшымырау құдығы маңында қызылдардың қоршауына түсiп, өзi де мерт болды.  Смақұмы мен Орталық үстүрттiң қарабауыр беткейi, Қарамая көлi мен таулары аралығы көтерiлiсшiлердiң мықты тiректерiне айналды. Бұл аралықтарға Ақшолақ Жанаев, Мамай Салғараев, Өткiлбай Батынов, Бәйiмбет Жангелдиев, Нәзiр Бекенов, Қарабатыр Қаралдиндер басшылық жасады. Солтүстiк Ақтау және оңтүстiк Ақтау жоталарымен Батыс және Шығыс Қаратау аумағындағы көтерiлген елге Жармағанбет Қожабаев пен Жұмабай Үсеновтер басшылық еттi. Олардың қарамағында мыңға тарта атты жасақ болды. Жазалаушы отряд көтерiлiсшiлердiң iзiне түсiп үнемi шабуылдап отырды. Жазалаушылар маусым айында Сенек жерiмен Қарақын құдығының маңында Қоғабай сарбаздарымен, Сырма жазалаушы отрядымен кездесiп қалды. Ал Босаға жерiнде Бәйiмбет пен Мырзағали Тынымбайұлының жасақтары 68-шi дивизион жазалаушы отрядымен айқасқа түстi. Бұл кезде Мырзағалидың жасағының саны жазалаушы отрядтан он есе көп едi. Ал жазалаушы отрядта үш станокты екi қол пулеметтерiмен қаруланған 110 жауынгер ғана болды. 24 маусымда тау шатқалы арқылы өтетiн жолдарымен Қарақын құдығымен көлiкке мiнген Чапурин мен Фетисов бастаған 8 жауынгер барлауға шығып келе жатты. Жол бойы тасада тұрған Мырзағалидың жасақшыларымен атысып қалады. Осы атыста Фетисов ауыр жарақаттан қайтыс болады. Сол шайқаста ауыр жараланып, берiлуден бас тартқан Мырзағалиды жазалаушылар қылышпен шауып өлтiрдi. Сол күнi Қараған Босағада Мырзағали Тынымбаевпен бiрге оның қарулас досы Өткiлбай Батынов та қаза тапты. Оның 16 жасар қызы Тұрған сол соғыста жараланып жатқан әкесiнiң басын сүйеп отырып, екi қызыл әскердi құс мылтығымен атып түсiрiп, өзi де оққа ұшты. Боқмаш Шоланов бастаған жасақшылар қоршауға түсiп, тiрi қалғандары түгел тұтқындалып, мал мүлкi тәркiлендi. Адай көтерiлiсiне қатысқан дарабоз батыр Құрмаш Қосжанов отарлаушылармен шайқасып, ақырғы оғы қалғанша берiлмей атысып, мерт болды. Сол сияқты осынау көтерiлiске қатысқан батырлардың бiрi Құныскерей Қожахметов те жауларының зәре-құтын қашырған айлакерлiгiмен көзге түстi. Көтерiлiстi басуға құрамында ОГПУ-дiң кавказдық 400 жауынгерi және 100 адамдық атқыштар тобымен 2 станокты пулеметымен, 70 адамдық саяси басқарма әскерi “Атарбеков” күзетшi кемесi атыс құралдарымен жiберiлдi. Бұларға қоса Саратов отрядының 100 жауынгерi 2 станокты 6 пулеметтерiмен қаруланып жеттi, 40 кiсiлiк Гурьев дивизионы және 110 әскер 2 қол станокты пулеметымен қоса 8 автокөлiгi 39 кiсiлiк атты әскер аттандырылды. Көтерiлiс басылғаннан кейiн тәркiленген қару – 137 винтовка мен бесатар, 542 аңшы мылтығы, 3349 патрон. Кейiн ресми орындардың берген мәлiметтерiнде көтерiлiсшiлерден 168 адам өлiп, 22-сi жаралы болып, 74-i қолға түстi, 1715 адам қамауға алынды деп көрсетiлдi. Мәлiметтiң жалған екенi өзiнен-өзi көрiнiп тұр. Өлгендер мен жараланғандар бұдан әлдеқайда көп екенi даусыз. Қандай соғыста да өлгендерден жараланғандар көп болады. Қызылдар қатаң тәртiп орнатамын деп бақайшағына дейiн қаруланған әскерлерiмен бейбiт халықты да қынадай қырды. Бiрақ оның есебiн түгендеген ешкiм болмады. Жазалаушы отрядтың шығыны мүлдем аз, олардан 1 ОГПУ қызметкерi, 16 жауынгер өлiп, 7 адам жаралы болған, 9 адамы қолға түскен. Сонымен Адай көтерiлiсi қанға бөктiрiлiп басылды. Көтерiлiс басшылары Боқмаш Шоланов, Қарамырза Ембердиев, Рахмет Бақмашев, Демеген Айтжанов, Қоғабай Алдасүгiров, Өтебай Жанасов, Қойшығұл Жантiлеев, Демберген Есембердиев, Көбеген Құрманов, Қайсары Қайдағулов, Әмiр Нысанов, Қазақ Шененов, Көбейсiн Қуантыров, Жұмабай Үсенов және Лұқпан Сарғуловтар үштiктiң шешiмi бойынша атылды. 10 адам дүние-мүлкi тәркiленiп, 10 жылға итжеккенге айдалды. 200-дей адам әртүрлi жыл жазаларына кесiлдi. 100 адамға жер аудару жазасы берiлдi. Адай көтерiлiсшi­лерiнiң арманы араға 60 жыл салғаннан кейiн iс жүзiне асты. Қазақстан өз алдына тәуелсiздiк алды. Сол тәуелсiздiгiмiздiң бастауы Адай көтерiлiсiнен басталды десек, оған 2011 жылы 80 жыл толады. Ел басына күн туғанда етiгiмен қан кешкен ерлердiң жүрiп өткен жолдарына еңселi ескерткiш белгiлер қойылса, арманда кеткен көзсiз батырлардың есiмiн әр ауылдың көрiктi көшелерiне берсе, көтерiлiс деректерi мектептердiң мұражайларына қойылса, Адай көтерiлiсi тарихи тұрғыдан терең зерттелiп, жас ұрпақтың жадында мәңгi қалдыру шаралары ұйымдастырылса, нұр үстiне нұр болар едi.   Төлекеш Орақов. Маңғыстау облысы Шетпе кентi. Қазақстан журналистер одағының мүшесi
09.07.2013 10:21 4683

Кешегi iшмерез қызыл империяның кесiрiнен тұмшаланып келген, кезiнде бүкiл әлемнiң назарын аударған қанды оқиғалардың бiрi, Адай көтерiлiсi екенi мәлiм. Адай көтерiлiсi 1929-32 жылдардағы Қазақстанның түкпiрiнде бой көтерген халық наразылығының ең үлкенi. Қазақ өлкелiк партия комитетiнiң басында отырған Ф.И.Голощекиннiң қанқұйлы өктем саясатына, зорлық-зомбылығына қарсы халық толқуы 1931 жылдың көктемiнде басталды. Оған Адай елiн ерекше бақылауға алған өшпендiлiгi, Қазақ Өлкелiк атқару комитетiнiң мүшесi, Адай округтiк атқару комитетi төрағасының орынбасары Шәбден Ералиевтiң қазасына байланысты орынсыз айыптаулар, зиялы азаматтарға деген қуғындаулар, қызыл жүн сияқты ойдан шығарылған салықтар, күшпен ұжымшарға бiрiктiру, қорлау-зорлау, тонау, шолақ белсендiлердiң жүгенсiздiгi, халықты жаппай түрмелерге қамау түрткi болғаны аян. Ш.Ера­лиевтiң қазасы желеуiмен ОГПУ округтiң басшыларын қуғындауға ұшыратты. Кезiнде “Адай ханы” болып танылған Тобанияз Әлниязұлы бастаған азаматтардың түрмеге жабылуы да елдiң наразылығын туғызды.

Ауыр салықтардың толастамауынан түбек халқы әбден титықтады. 1928 жылғы жұт және оның соңын ала келген ашаршылық Адай көтерiлiсiнiң басталуын тездеттi.

1930 жылғы тамызда Адай округiнiң таратылып, Гурьев және Ақтөбе округтерiне бөлшектенуi де халық толқуына өз әсерiн тигiздi. Сол жайлы ОГПУ “Сопы”, “Адайды құтқару”, “Ақбота” астыртын ұйымдарын құрып, кеңес үкiметiне қарсы күрес жүргiздi деген желеумен 61 адамның iсiн қарап 21 адамды ату жазасына кестi.

Адай көтерiлiсiне ОГПУ-дың есебi бойынша елуден астам жасақтар қатысты. Көтерiлiсшiлердiң қарулы қарсылығы бiрте-бiрте ұйымдасқан сипат алып, 1931 жылы өзiнiң шырқау биiгiне көтерiлдi. Көтерiлiс тек Маңғыстауды ғана емес, Жылой, Табын аудандарын да қамтыды. Бұл ұлан-ғайыр жердi шарлаған көтерiлiс аймақ-аймаққа бөлiнiп, әрқайсысы өз басқарушыларын (хандарын) сайлады. Мәселен, Бозашының батыс бөлiгiнде (Тұщықұдық Шебiр жаға) Берiш Мамай Салпықовты, Қызау, Ақшымырау өңiрiнде Бөкен Қарабатыр Қаралдинды, Оңтүстiк Орталық бергi үстiрт аймақтарында құнанорыс Мырзағали Тынымбаевты, Солтүстiк үстiртте майлан жары Боқмаш Шолановты “хан” етiп сайлады.

Көтерiлiсшiлер қаруды 1920 жылы-ақ иемденген. Ақ генерал Толстовтың дивизиясы қызыл әскерлерден шегiнгенде Гурьев қаласы арқылы Маңғыстаудың үстiмен өттi. Толстовшылар қыс кезiнде аш-жалаңаш болғандықтан қаруларын жергiлiктi халыққа болмашы азық-түлiкке айырбастаған-ды. Жергiлiктi халықтың бiр қатары осындай жолдармен қаруға ие болған. Бiрақ кеңес үкiметi бұл қарудың бiр қатарын кезiнде халықтан жинап алған-ды. Бiрақ тұрғындардың көпшiлiк бөлiгi қаруларын тапсырмай аман алып қалған. Адай көтерiлiсi кезiнде жасақшылардың бiразы сол қару-жарақты пайдаланды.

“Адай көтерiлiсi” деп аталатын алапат қасiрет ұзақ жылдар бойы өте құпия сақталды. Бiр таңданарлығы, осы тақырыпқа алғаш түрен салған ардагер азамат – 35 жыл бойы iшкi iстер министрлiгiнде жауапты қызметтер атқарған полковник Iзтұрған Сариев едi. 1995 жылы Iзтұрған Сариев Мұқаш Омаровтың авторлығымен “Ойрандалған Адай даласы” деген шағын очерк жарық көрдi. Осы көмескi тарихқа құлшына кiрiскен Iзтұрған Сариев кейiннен мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң құпия мұрағаттарына кiрiп, сол кездегi алтынға бергiсiз құжаттарды қолға түсiрiп, соның негiзiнде “Қанды ойран” атты деректi тарихи хикаятты дүниеге әкелдi. Онда атылған, асылғандардың, сотталғандардың тiзiмi, олардың фото бейнелерi, тағы да басқа құнды дүниелердiң барлығы – Iзтұрғанның құпия мұрағаттардан тiрнектеп жинаған жәдiгерлерi. Сол түп нусқалардың бәрiн кейiн (марқұм) Iзтұрғанның зайыбы Нұрсан Маңғыстау мұражайына тапсырды.

Қалай дегенмен де сонау 1870-71 жылдары патша озбырлығына қарсы көтерiлiп, кейiн қанжоса болып басылған Досан Тәжиев бастаған ұлт-азаттық көтерiлiсi сияқты, 1929-31 жылдардағы Адай көтерiлiсi де қанға боялып жеңiлiс тапты.

Мәселен, Тұщықұдық, Шебiр, Ақшымырау бағытында тегеурiңдi қимылдар танытқан Мамай Салпақовтың жасағы ұжымдастыру кезiнде халықтан тартылып алынған малды бiрнеше рет иелерiне қайтарды. Елге тiзесi батқан шолақ белсендiлер мен қызметiн асыра пайдаланған милиция қызметкерлерiнiң жазасын бердi.

Елге үкiмет әскерлерiнiң келуiн тежеу үшiн кемелерге белгi беретiн маяктарды қиратты. Телефон – телеграф апараттарын бүлдiрдi, Прорваны шауып, тәуелсiздiк жолында басын тауға да, тасқа да ұрды. Шәудiр жерiнде күшi әлденеше есе басым қызыл әскерлермен шайқасып жеңiлiске ұшырады.

Үкiмет әскерiне күшi жетпейтiнiн түсiнген Мамай өз жасағымен көшiн Иранға алып өтпек болып, үстiрттiң тасалау жерлерiмен шегiндi. Бейнеу ауылынан 100 шақырымдай жердегi Бесшымырау құдығы маңында қызылдардың қоршауына түсiп, өзi де мерт болды.

 Смақұмы мен Орталық үстүрттiң қарабауыр беткейi, Қарамая көлi мен таулары аралығы көтерiлiсшiлердiң мықты тiректерiне айналды. Бұл аралықтарға Ақшолақ Жанаев, Мамай Салғараев, Өткiлбай Батынов, Бәйiмбет Жангелдиев, Нәзiр Бекенов, Қарабатыр Қаралдиндер басшылық жасады.

Солтүстiк Ақтау және оңтүстiк Ақтау жоталарымен Батыс және Шығыс Қаратау аумағындағы көтерiлген елге Жармағанбет Қожабаев пен Жұмабай Үсеновтер басшылық еттi. Олардың қарамағында мыңға тарта атты жасақ болды. Жазалаушы отряд көтерiлiсшiлердiң iзiне түсiп үнемi шабуылдап отырды. Жазалаушылар маусым айында Сенек жерiмен Қарақын құдығының маңында Қоғабай сарбаздарымен, Сырма жазалаушы отрядымен кездесiп қалды. Ал Босаға жерiнде Бәйiмбет пен Мырзағали Тынымбайұлының жасақтары 68-шi дивизион жазалаушы отрядымен айқасқа түстi. Бұл кезде Мырзағалидың жасағының саны жазалаушы отрядтан он есе көп едi. Ал жазалаушы отрядта үш станокты екi қол пулеметтерiмен қаруланған 110 жауынгер ғана болды.

24 маусымда тау шатқалы арқылы өтетiн жолдарымен Қарақын құдығымен көлiкке мiнген Чапурин мен Фетисов бастаған 8 жауынгер барлауға шығып келе жатты. Жол бойы тасада тұрған Мырзағалидың жасақшыларымен атысып қалады. Осы атыста Фетисов ауыр жарақаттан қайтыс болады. Сол шайқаста ауыр жараланып, берiлуден бас тартқан Мырзағалиды жазалаушылар қылышпен шауып өлтiрдi. Сол күнi Қараған Босағада Мырзағали Тынымбаевпен бiрге оның қарулас досы Өткiлбай Батынов та қаза тапты. Оның 16 жасар қызы Тұрған сол соғыста жараланып жатқан әкесiнiң басын сүйеп отырып, екi қызыл әскердi құс мылтығымен атып түсiрiп, өзi де оққа ұшты.

Боқмаш Шоланов бастаған жасақшылар қоршауға түсiп, тiрi қалғандары түгел тұтқындалып, мал мүлкi тәркiлендi. Адай көтерiлiсiне қатысқан дарабоз батыр Құрмаш Қосжанов отарлаушылармен шайқасып, ақырғы оғы қалғанша берiлмей атысып, мерт болды. Сол сияқты осынау көтерiлiске қатысқан батырлардың бiрi Құныскерей Қожахметов те жауларының зәре-құтын қашырған айлакерлiгiмен көзге түстi. Көтерiлiстi басуға құрамында ОГПУ-дiң кавказдық 400 жауынгерi және 100 адамдық атқыштар тобымен 2 станокты пулеметымен, 70 адамдық саяси басқарма әскерi “Атарбеков” күзетшi кемесi атыс құралдарымен жiберiлдi. Бұларға қоса Саратов отрядының 100 жауынгерi 2 станокты 6 пулеметтерiмен қаруланып жеттi, 40 кiсiлiк Гурьев дивизионы және 110 әскер 2 қол станокты пулеметымен қоса 8 автокөлiгi 39 кiсiлiк атты әскер аттандырылды.

Көтерiлiс басылғаннан кейiн тәркiленген қару – 137 винтовка мен бесатар, 542 аңшы мылтығы, 3349 патрон. Кейiн ресми орындардың берген мәлiметтерiнде көтерiлiсшiлерден 168 адам өлiп, 22-сi жаралы болып, 74-i қолға түстi, 1715 адам қамауға алынды деп көрсетiлдi. Мәлiметтiң жалған екенi өзiнен-өзi көрiнiп тұр. Өлгендер мен жараланғандар бұдан әлдеқайда көп екенi даусыз. Қандай соғыста да өлгендерден жараланғандар көп болады. Қызылдар қатаң тәртiп орнатамын деп бақайшағына дейiн қаруланған әскерлерiмен бейбiт халықты да қынадай қырды. Бiрақ оның есебiн түгендеген ешкiм болмады.

Жазалаушы отрядтың шығыны мүлдем аз, олардан 1 ОГПУ қызметкерi, 16 жауынгер өлiп, 7 адам жаралы болған, 9 адамы қолға түскен. Сонымен Адай көтерiлiсi қанға бөктiрiлiп басылды.

Көтерiлiс басшылары Боқмаш Шоланов, Қарамырза Ембердиев, Рахмет Бақмашев, Демеген Айтжанов, Қоғабай Алдасүгiров, Өтебай Жанасов, Қойшығұл Жантiлеев, Демберген Есембердиев, Көбеген Құрманов, Қайсары Қайдағулов, Әмiр Нысанов, Қазақ Шененов, Көбейсiн Қуантыров, Жұмабай Үсенов және Лұқпан Сарғуловтар үштiктiң шешiмi бойынша атылды. 10 адам дүние-мүлкi тәркiленiп, 10 жылға итжеккенге айдалды. 200-дей адам әртүрлi жыл жазаларына кесiлдi. 100 адамға жер аудару жазасы берiлдi. Адай көтерiлiсшi­лерiнiң арманы араға 60 жыл салғаннан кейiн iс жүзiне асты.

Қазақстан өз алдына тәуелсiздiк алды. Сол тәуелсiздiгiмiздiң бастауы Адай көтерiлiсiнен басталды десек, оған 2011 жылы 80 жыл толады. Ел басына күн туғанда етiгiмен қан кешкен ерлердiң жүрiп өткен жолдарына еңселi ескерткiш белгiлер қойылса, арманда кеткен көзсiз батырлардың есiмiн әр ауылдың көрiктi көшелерiне берсе, көтерiлiс деректерi мектептердiң мұражайларына қойылса, Адай көтерiлiсi тарихи тұрғыдан терең зерттелiп, жас ұрпақтың жадында мәңгi қалдыру шаралары ұйымдастырылса, нұр үстiне нұр болар едi.

 

Төлекеш Орақов.

Маңғыстау облысы Шетпе кентi.

Қазақстан журналистер одағының мүшесi

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға