Жаңалықтар

Орыстың жуан жұдырығы қазақ жерін тартып алып жатыр

Сұлтанбек Қожанов Қазақтың  жерін орыс алғанда, ескі хүкімет зорлығына жол тауып, закон  жасап беру – қазақтың өзінен шыққан амалдарлардың міндеті еді. Өзі арқасы қышып, жеріміз артық деп қазақ халқы приагуор бергені, жерімізге өрнек көрсету үшін орыс орнасын деген өтініштер,  диқаншылыққа лайық жерлерді орысқа беріп, өзіміз мал қонысына көшеміз деген қазақ атынан ынтымақшылдық – барлығы атқамінерлер мен амалдарлардың өнері болушы еді… Пішек уезі, Ботпай болысында Әліқұл, Қосшы деген атқамінерлер Шу бойындағы орыс поселкелерінің орыстарына 50 десятина жерін жерін сатты. Қазақ айдағалы барса, орыстар сатып алдық деп жуытпайды. Болыс исполком бастығы Желеу Алдабергенұлына, ауыл исполком бастығы Әбижан Әлібайұлына қазақ арыз беріп барса, тыңдамай, өздеріне ұрсып жібереді. Ол жер бос жатқан соң, күші жеткен орыстар өз бетімен келіп егін егіп жатыр, тоқтата алмаймыз дейді. Бұл бір Ботпай болысында емес, һәр жерде болып жатқан болса керек. Бір жерде амалдарлар, бір жерде атқамінерлер, бір жерде жұрттың өзі керікеткендік қылып, теңсерікке иә басы бүтін жерлерін орыс байларына өткізіп жатқаны. Мысалы  Жетісуда көп болса керек. Мұны алдын алып ескеріп, себебін түсініп, шарасын қарастырмаса, ана жылғы жер реформасы, «жер жетпейді» деп күнде дауласып жүрген әрекет – барлығы далаға кететін түрі бар. Диқаншылыққа жалпы енді өтіп жатқан қазақ халқы жер реформасы дәуірінде орыс байларынан алынған аз ғана аспаптар болмаса, әлі жарытымды аспап алған жоқ. …Елде аспап жетіспесе, кедейлер еңбегімен жерге ие бола алмай отырғанда, амалдылар мен пысықтардың істеп жатқаны мынау. Самсы маңайында пішек үйезінен ауып келген қырық үй кедей аспапсыздықтан жерді қолмен тырмалап жатыр десе болғандай. …берсе қолынан, бермесе жолынан қылып, баса-көктеп шеттен келіп жатқан орыстар көп екен. Оның үстіне әлі келмегендер болып, атқамінерлер болып жер өткізіп, орыс жуан жұдырықтарын бұрынғыдан бетер жуандатуға себеп болып жатқанға ұқсайды. Орнығып отырмай, қадағалап артына түспей, ерінбей еңбек сіңірмей, ие боламын демек, «жер менікі» деп таласпақ, пішен қорыған иттік екенін қанша таңдайына татса да, жұрт түсінбегенге ұқсайды. Жер түгілі, отырған үйіне ие бола алмағандар да бар екен. Дегерес болысы, Көлқамыста айуан Колесников деген жуан жұдырық бір Әбжан деген қазақ кедейдің баспанасына жала қылып, соттасып жүр екен. Үйі өз билеуінде, ішінде өзі отырып, Әбжанның зәресі ұшып отыр. Айуан бір зәкүн тауып, айдап шыға ма деп… Тілші, 1924 жыл, 21 сәуір, №105
09.07.2013 09:38 3803

Сұлтанбек Қожанов

Қазақтың  жерін орыс алғанда, ескі хүкімет зорлығына жол тауып, закон  жасап беру – қазақтың өзінен шыққан амалдарлардың міндеті еді. Өзі арқасы қышып, жеріміз артық деп қазақ халқы приагуор бергені, жерімізге өрнек көрсету үшін орыс орнасын деген өтініштер,  диқаншылыққа лайық жерлерді орысқа беріп, өзіміз мал қонысына көшеміз деген қазақ атынан ынтымақшылдық – барлығы атқамінерлер мен амалдарлардың өнері болушы еді…

Пішек уезі, Ботпай болысында Әліқұл, Қосшы деген атқамінерлер Шу бойындағы орыс поселкелерінің орыстарына 50 десятина жерін жерін сатты.

Қазақ айдағалы барса, орыстар сатып алдық деп жуытпайды. Болыс исполком бастығы Желеу Алдабергенұлына, ауыл исполком бастығы Әбижан Әлібайұлына қазақ арыз беріп барса, тыңдамай, өздеріне ұрсып жібереді. Ол жер бос жатқан соң, күші жеткен орыстар өз бетімен келіп егін егіп жатыр, тоқтата алмаймыз дейді.

Бұл бір Ботпай болысында емес, һәр жерде болып жатқан болса керек. Бір жерде амалдарлар, бір жерде атқамінерлер, бір жерде жұрттың өзі керікеткендік қылып, теңсерікке иә басы бүтін жерлерін орыс байларына өткізіп жатқаны. Мысалы  Жетісуда көп болса керек. Мұны алдын алып ескеріп, себебін түсініп, шарасын қарастырмаса, ана жылғы жер реформасы, «жер жетпейді» деп күнде дауласып жүрген әрекет – барлығы далаға кететін түрі бар.

Диқаншылыққа жалпы енді өтіп жатқан қазақ халқы жер реформасы дәуірінде орыс байларынан алынған аз ғана аспаптар болмаса, әлі жарытымды аспап алған жоқ. …Елде аспап жетіспесе, кедейлер еңбегімен жерге ие бола алмай отырғанда, амалдылар мен пысықтардың істеп жатқаны мынау. Самсы маңайында пішек үйезінен ауып келген қырық үй кедей аспапсыздықтан жерді қолмен тырмалап жатыр десе болғандай.

…берсе қолынан, бермесе жолынан қылып, баса-көктеп шеттен келіп жатқан орыстар көп екен. Оның үстіне әлі келмегендер болып, атқамінерлер болып жер өткізіп, орыс жуан жұдырықтарын бұрынғыдан бетер жуандатуға себеп болып жатқанға ұқсайды. Орнығып отырмай, қадағалап артына түспей, ерінбей еңбек сіңірмей, ие боламын демек, «жер менікі» деп таласпақ, пішен қорыған иттік екенін қанша таңдайына татса да, жұрт түсінбегенге ұқсайды. Жер түгілі, отырған үйіне ие бола алмағандар да бар екен.

Дегерес болысы, Көлқамыста айуан Колесников деген жуан жұдырық бір Әбжан деген қазақ кедейдің баспанасына жала қылып, соттасып жүр екен. Үйі өз билеуінде, ішінде өзі отырып, Әбжанның зәресі ұшып отыр. Айуан бір зәкүн тауып, айдап шыға ма деп…

Тілші, 1924 жыл, 21 сәуір, №105

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға