Жаңалықтар

Елорда күніне орай көптеген игі шаралар ұйымдастырылуда

Астана күнін Павлодар өңірі де ерекше атап өтті. Елордаға жақын орналасқан еліміздің индустриалды орталығы бас қаламен бірге дамып, бірге өркендеп келеді. Бүгінде ауыз толтырып айтатын жетістік жетерлік. Ірі өндірістер, әлеуметтік маңызды нысандар, жаңадан салынған спорттық кешендер мен мәдениет орындары халықтың игілігі үшін жұмыс атқаруда. Астананың 15 жылдығы құрметіне Павлодарда көптеген игі шаралар өтіп жатыр. «Интелектуалды қала» жобасы аясында жазғы кітапхана жұмысын бастады. Халық көп келетін орталық жағалауда дала кіптапханасы жаз бойы жұмыс істейді. Роза ҚАДЫСОВА, Облыстық мәдениет басқармасының басшысы: - Қазіргі жастар көбінесе виртуалдық электрондық әлемде, сондықтан біз жастарға жағдай жасамаймыз деп ойлаймын. Сондықтан бүгінгі ашылып жатқан жазғы кітапхана жастарды кітапқа баулып, кітап әлемінің жаңа қырларын ашады деп ойлаймын. Дала кітапханасы ашылған алғашқы сәттің өзінде оқырманын тауып жатты. Мерекелік сыйға ризашылықтарын білдіргендердің қатары көп. Серік АРЫНОВ, еңбек ардагері: - Қуанышты мереке күн құтты болсын. Осындай мерекеден мерекеге жалғастыра берсін. Талайлы тағдыр тәнтімін саған, осындай отан сыйладың маған. Осында туып, осында өскен, әулие әжем, баһадүр бабам, жәннәттан артық ғажабы менің, мәңгілік мақтан қазағым, елім! Павлодар – Астанаға қарап бой түзеген қала. Қаланың келбеті соңғы жылдары адам танымастай өзгерді. Әлеуметтік нысандар салынды. Солардың бірі – Елбасының қатысумен тұсауы кесілген Баянтау спорт кешені. Мұнда спортты серік еткен жастар көптеп келеді. Мәдина Қонақбаева көркем өнер гимнастикамен айналысады. Болашақта еліміздің туын биіктетін спортшылардың қатырынан көрінуге белді бекем буған. Мәдина ҚОНАҚБАЕВА, спортшы: - Мен Баянтау спорт сарайында шұғылданып жатырмын. Көркем гимнастикамен шұғылданып жүрмін. 1-2 күннен кейін мен Германияға барайын деп жатырмын. Сол жерде отанымның намысын қорғайын деп жатырмын. Мен барлық қазақстандықтарды Астананың туған күнімен құттықтаймын. Усолка – павлодарлықтар үшін жаңа аудан. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша салынған  үйлер орналасқан. Бұл ауданның халқы өзімізді Астанада тұрып жатқандай сезінеміз дейді. Орынтай ИМАНТАЕВА, қала тұрғыны: - Біздің Усолка ауданымыз Астанаға енді ұқсап келе жатыр. Усолкаға алдында жете алмайтынбыз, ал қазір өте көркейіп келеді. Назарбаев мектебі де ашылып, балаларымызды береміз ба деп ойлаймыз. Елорданың мерейі – барша қазақ елі үшін мақтаныш. Астанаға қол созым жерде тұрған Ертіс Баян өңірінің еңбеккер халқы еліміздің дамуы жолында қызмет ете береді. Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Марат Якубов  
07.07.2013 05:34 3161

Астана күнін Павлодар өңірі де ерекше атап өтті.

Елордаға жақын орналасқан еліміздің индустриалды орталығы бас қаламен бірге дамып, бірге өркендеп келеді. Бүгінде ауыз толтырып айтатын жетістік жетерлік. Ірі өндірістер, әлеуметтік маңызды нысандар, жаңадан салынған спорттық кешендер мен мәдениет орындары халықтың игілігі үшін жұмыс атқаруда.

Астананың 15 жылдығы құрметіне Павлодарда көптеген игі шаралар өтіп жатыр. «Интелектуалды қала» жобасы аясында жазғы кітапхана жұмысын бастады. Халық көп келетін орталық жағалауда дала кіптапханасы жаз бойы жұмыс істейді.

Роза ҚАДЫСОВАОблыстық мәдениет басқармасының басшысы:

- Қазіргі жастар көбінесе виртуалдық электрондық әлемде, сондықтан біз жастарға жағдай жасамаймыз деп ойлаймын. Сондықтан бүгінгі ашылып жатқан жазғы кітапхана жастарды кітапқа баулып, кітап әлемінің жаңа қырларын ашады деп ойлаймын.

Дала кітапханасы ашылған алғашқы сәттің өзінде оқырманын тауып жатты. Мерекелік сыйға ризашылықтарын білдіргендердің қатары көп.

Серік АРЫНОВ, еңбек ардагері:

- Қуанышты мереке күн құтты болсын. Осындай мерекеден мерекеге жалғастыра берсін. Талайлы тағдыр тәнтімін саған, осындай отан сыйладың маған. Осында туып, осында өскен, әулие әжем, баһадүр бабам, жәннәттан артық ғажабы менің, мәңгілік мақтан қазағым, елім!

Павлодар – Астанаға қарап бой түзеген қала. Қаланың келбеті соңғы жылдары адам танымастай өзгерді. Әлеуметтік нысандар салынды. Солардың бірі – Елбасының қатысумен тұсауы кесілген Баянтау спорт кешені. Мұнда спортты серік еткен жастар көптеп келеді. Мәдина Қонақбаева көркем өнер гимнастикамен айналысады. Болашақта еліміздің туын биіктетін спортшылардың қатырынан көрінуге белді бекем буған.

Мәдина ҚОНАҚБАЕВА, спортшы:

- Мен Баянтау спорт сарайында шұғылданып жатырмын. Көркем гимнастикамен шұғылданып жүрмін. 1-2 күннен кейін мен Германияға барайын деп жатырмын. Сол жерде отанымның намысын қорғайын деп жатырмын. Мен барлық қазақстандықтарды Астананың туған күнімен құттықтаймын.

Усолка – павлодарлықтар үшін жаңа аудан. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша салынған  үйлер орналасқан. Бұл ауданның халқы өзімізді Астанада тұрып жатқандай сезінеміз дейді.

Орынтай ИМАНТАЕВА, қала тұрғыны:

- Біздің Усолка ауданымыз Астанаға енді ұқсап келе жатыр. Усолкаға алдында жете алмайтынбыз, ал қазір өте көркейіп келеді. Назарбаев мектебі де ашылып, балаларымызды береміз ба деп ойлаймыз.

Елорданың мерейі – барша қазақ елі үшін мақтаныш. Астанаға қол созым жерде тұрған Ертіс Баян өңірінің еңбеккер халқы еліміздің дамуы жолында қызмет ете береді.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Марат Якубов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға