Кеше Лондонда өнерлі қазақ жастары дәстүрге айналған Домбыра Party өткізді
Оның айтуына қарағанда Рединг деген іргелес жатқан қаладан, Фарнбородан күй мен ән тыңдау үшін арнайы қонақтар келген. Отбасыларымен, кішкентайларымен келгендер де болған.
«Бір қызығы, сен тұр, мен атайындап, жарыса тартысты жастар. Әсіресе белсенділікті Елжан, Төрежан, Жарасбек, Арман мен Жанаргүл танытты. Жанаргүл Атырау тумасы, күйді төгіп, төгіп жібергенде жиналғандар айрықша арқаланды. Редингтен келген қонақтар ауылдың алты ауызын ала келген екен, кешті солар аяқтады. Павлодардан екен, Құсни Қорланды нақышына келтіре айтқанда бей-жай қарап тұра алмадық», деп жазады Нұрғиса.
Естеріңізге сала кетсек, бір топ белсенді әрі өнерлі жастар Домбыра Party өнер кешін ұйымдастыруды қолға алғалы бір жылдан асты. Осы уақытта ол еліміздің облыс орталықтары мен көптеген қалаларында әр бейсенбі кешкілік өтуі дәстүрге айналды.
Домбыра пати шарасы бұған дейін Португалияда, Түркияның Стамбұл қаласында өткен болатын. Соңғысын Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттердің ұйымдастырды.
Ұйымдастырушылар бұл істің мақсаты ұлттық аспапты, ұлттық музыканы насихаттау, әрі Party-дің арқасында домбыраны кез-келген адам ойнай алатынын дәлелдеп, кез-келген адамның үйренуге деген талпынысын ояту, деп отыр.