Жаңалықтар

Астана күнінің мерекесіне орай екі балабақша ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Астана күні мерекесіне орай бірқатар іс-шаралар өткізуде. Солардың қатарында ашылып жатқан әлеуметтік нысандар да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   Атап айтқанда, Елбасының тапсырмасы бойынша «Балапан» бағдарламасы аясында Қазығұрт ауданында Астана күнінің 15 жылдық мерекесіне орай аудандық бюджеттің қаржыландырылуымен мемлекеттік екі балабақша ашылды. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды. Аталған нысанның бірі Рабат елді мекеніндегі 100 орындық «Кәусар» балабақшасы. 2012 жылдың мамыр айында басталған балабақша құрылысы биыл Наурыз айында аяқталған. Аудандық бюджеттен нысанның құрылысына 1 млн. 643 мың теңге бөлінді. Ал «Сынтас» елді мекеніндегі 50 орындық «Балбөбек» балабақшасының құрылысы 2012 жылдың маусым айында басталып, биыл мамыр айында толық аяқталды. Бұл балабақшаға аудан бюджетінен 8 млн. 55 мың теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді. Ауданда жалпы мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 60,8 пайызды құрап отыр. Мерекелік іс-шаралар жалғасуда. бақ.кз
06.07.2013 09:07 3444

Оңтүстік Қазақстан облысы Астана күні мерекесіне орай бірқатар іс-шаралар өткізуде. Солардың қатарында ашылып жатқан әлеуметтік нысандар да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Атап айтқанда, Елбасының тапсырмасы бойынша «Балапан» бағдарламасы аясында Қазығұрт ауданында Астана күнінің 15 жылдық мерекесіне орай аудандық бюджеттің қаржыландырылуымен мемлекеттік екі балабақша ашылды. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Аталған нысанның бірі Рабат елді мекеніндегі 100 орындық «Кәусар» балабақшасы. 2012 жылдың мамыр айында басталған балабақша құрылысы биыл Наурыз айында аяқталған. Аудандық бюджеттен нысанның құрылысына 1 млн. 643 мың теңге бөлінді.

Ал «Сынтас» елді мекеніндегі 50 орындық «Балбөбек» балабақшасының құрылысы 2012 жылдың маусым айында басталып, биыл мамыр айында толық аяқталды. Бұл балабақшаға аудан бюджетінен 8 млн. 55 мың теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді. Ауданда жалпы мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 60,8 пайызды құрап отыр.

Мерекелік іс-шаралар жалғасуда.

бақ.кз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға