В.Додонов: әлемдік экономика мен қаржы архитектурасын ұйымдастырудағы өзгерістер қайда алып келетіні
Әлемдік экономика мен қаржы архитектурасын ұйымдастырудағы өзгерістер қайда алып келетінін болжап білудің маңызы зор. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов мәлімдеді.
«Аталған саладағы жаһандық болжамдар әрқашан, сондай-ақ бүгінде өзекті боп табылады. Себебі ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асыруға, дамудың дұрыс басымдықтарын таңдауға және стратегиялық келешекте өзекті болатын салаларды алдын ала дамытуға мүмкіндік береді. Қазір заман әлемдік экономика мен қаржылық архитектураны ұйымдастырудың негізгі өзгерістерінің табалдырығында тұрғандықтан бұл мәселелер әлдеқайда өзекті болуы мүмкін және бұл өзгерістер қайда алып келетінін болжап білудің маңызы зор», – деді В.Додонов.
Оның айтуынша, «Перспектива – 2050» сынды құжаттардың маңызы зор, бірақ мұндай ұзақ мерзімді болжамдардың қаншалықты дәл екені білгісіз.
«30-40 жыл бұрын болашақ жайында дәл әрі дұрыс болжам жасау шынында да қиын. Себебі олар «бір сызықты» емес. Ал болжам әрекет етуші трендтердің экстраполяциясының негізінде жасалатыны белгілі», – деді В.Додонов.
2013 жылы «Дағдарыстан кейінгі әлем» қоры өткізген «Перспектива – 2050: әлемнің жаңа саяси-экономикалық картасы» зерттеуіне әлемнің 68 елінен 303 сарапшы қатысты.
bnews.kz