Қазақ киносы романтикалық мелодрамамен толықпақ
05.07.2013 04:17
3316
Осы жылдың қыркүйегінде қазақстандық кинофильмдердің қоржыны «Он и Она» атты романтикалық мелодрамамен толықпақ деп хабарлайды Tengrinews.
Бұл фильм осы уақытқа дейін тек әлеуметтік бейнебаяндар түсіріп келген Сәкен Жолдастың кино саласындағы алғашқы туындысы. Ұзақ уақытқа созылған кастингтің қорытындысында фильмнің басты рөлі жас актерлерлер Жандос Айбасов пен Динара Бақтыбаеваға бұйырған.
Фильмнің желісі Алматы қаласында өтеді. Қарапайым алматылық студент жігіттің өміріне ол армандамаған қыз кіріп, оның бірқалыпты жүріп жатқан өмірінің астаң-кестеңін шығарады. Сөйтеді де оны өзіне ғашық етіп жоқ болып кетеді...
Baq.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президенттің қандай тамақты жақсы көретіні белгілі болды
Келесі жаңалық
Қазақстандықтар қыркүйекте 163,9 мың көлік сатып алған