Жаңалықтар

Геннадий Головкин орташа салмақта әлемдегі барлық мықты боксшыларды шаршы алаңға шақырды

«Астана» президенттік кәсіби спорт клубының ашылу салтанатына келген еліміздің былғары қолғап шебері Геннадий Головкин өзінің келешек жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы Vesti.kz жазып отыр. - Барлығына ұсыныстар жолдадық, қыркүйек-қазан айларына жоспарлар бар. Орташа және алғашқы орташа салмақтағы барлық мықты боксшыларды келіссөздерге шақырдым. Жауаптарын күтудемін. - Жақын арадағы жоспарларыңыз қандай? - Бүгін Астанада болсам, ертең Қарағанды қаласына табан тіреймін. Кейінірек Монакоға аттанамын. Ханзада Альберт турнирге құрмейтті мейман ретінде шақырды. - Геннадий, сіздің жеңісіңізден кейін әлеуметтік желілерде белсенді талқылаулар күрт көбейді. Бұған көзқарасыңыз қандай? - Мен ғаламтордағы өзім туралы жазылған пікірлерді бақыламаймын. Өзіме ешкім ештеңе айтпайды, мен тек жаныма жақын іспен айналысамын. Бокспен шұғылданамын. Атап өткен жөн, жақын арада Г.Головкин «Астана» ПКСК қатарын толықтыруы ықтимал. Қазір екі тарап арасында келіссөздер жүруде. ҚазАқпарат.  
05.07.2013 03:58 3061

«Астана» президенттік кәсіби спорт клубының ашылу салтанатына келген еліміздің былғары қолғап шебері Геннадий Головкин өзінің келешек жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы Vesti.kz жазып отыр.

- Барлығына ұсыныстар жолдадық, қыркүйек-қазан айларына жоспарлар бар. Орташа және алғашқы орташа салмақтағы барлық мықты боксшыларды келіссөздерге шақырдым. Жауаптарын күтудемін.

- Жақын арадағы жоспарларыңыз қандай?

- Бүгін Астанада болсам, ертең Қарағанды қаласына табан тіреймін. Кейінірек Монакоға аттанамын. Ханзада Альберт турнирге құрмейтті мейман ретінде шақырды.

- Геннадий, сіздің жеңісіңізден кейін әлеуметтік желілерде белсенді талқылаулар күрт көбейді. Бұған көзқарасыңыз қандай?

- Мен ғаламтордағы өзім туралы жазылған пікірлерді бақыламаймын. Өзіме ешкім ештеңе айтпайды, мен тек жаныма жақын іспен айналысамын. Бокспен шұғылданамын.

Атап өткен жөн, жақын арада Г.Головкин «Астана» ПКСК қатарын толықтыруы ықтимал. Қазір екі тарап арасында келіссөздер жүруде.

ҚазАқпарат.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға