Жаңалықтар

«Ұйқыдағы аруды» Елбасы да тамашалады (ФОТО)

Сәрсенбінің кешінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" опера және балет театрында әлемдік сахнаның хас шеберлері астаналықтар мен қала қонақтарына арнап тарту етіліп жатқан П. И. Чайковскийдің "Ұйқыдағы ару" балетін тамашалады. Бұл жөнінде Baq.kz тілшісі хабарлайды.  Әлем назарын өзіне аударған "Ұйқыдағы ару" балетінің қоюшысы – хореографияның теңдессіз шебері - Юрий Григорович. Ал қоюшы суретші, сценограф - әйгілі Эцио Фриджерио болса, киім жөніндегі суретші - Италиядан арнайы шақыртылған Оскар сыйлығының иегері Франка Скуарчапино. Сахна шеберлері осыған дейін "Ұйқыдағы аруды" Генуя, Варшава мен Мәскеуде қойған екен.  Юрий Григорович редакциялап, Эцио Фриджерио сценографиясын жаңартқан "Ұйқыдағы ару" балеті "Астана Опера" театрының орасан зор сахнасының барлық мүмкіндіктерін толыққанды көрсетті. Аталған қойылым бүгінге дейін әлемнің төрт театрында қойылған, мінекей, енді бесінші рет су жаңа "Астана Опера" театрында сахналануда. "Бұл Григоровичтің бесінші редакциясы. Бес редакцияның ең үздігі осы. Оның айтуынша, әрбір редакция бойынша жұмыс істегенде, қосымша дүниелер қосқан, әсемдеген, дамытқан. Сондықтан бүгінгі біздің сахнамыздағы "Ұйқыдағы ару" осы кезге дейінгі қойылымдардың ішіндегі ең үздігі", - деді "Астана Опера" опера және балет театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов.  Қойылымда ертегі сарыны мен махаббат поэтикасы ұштасқан. Ал сюжет Аврора ханшайымның жүз жыл ұйықтап, айналадағының бәрінің сонымен бірге ұйықтап, бірге оянатыны жайында өрбиді. Әртістердің киімдері көздің жауын аларлықтай әсем болды демеске амал қайсы. Себебі, 17 ғасыр мен 18 ғасырдағы модельдердің үлгісіндей жеңіл жібек көйлектерді арнайы тапсырыспен тіктірген. Барлық көйлектердің қолмен кестеленіп, оларды әзірлеуде өрнекпен айналысатын мамандар, суретшілер мен кестешілер күн-түн демей еңбектенгені сезіліп-ақ тұрады. Костюмдердің біршамасы Милан мен Мәскеу шеберханаларында дайындалса, бірқатары өз елімізде тігіліпті.  Суретші-сценограф Эцио Фриджерионың да еңбегі көрермендердің таңданысын тудырды. Ол қойылымға ерекше, жарқыраған тың нобайлар жасаған. Мысалы, ол салмағы 16 тоннаны құрайтын алтын жалатылған дайын декорацияны Италиядан арнайы алдырған. Ал сахнадағы патша сарайының қақпасы 500 келіні құрағанымен, әсем де көркем безендірілген декорациялардың механикаландырылған жүйеде конструкциялық көтергіштердің көмегімен жедел көтерілуі, жаңа театрдың орасан зор мүмкіндікке ие екендігін паш еткендей. Қойылым барысында тағы бір ерекше көрініс жасаудың нәзік иірімдерінің бірі – жарық беру тәсілі екендігі болса керек-ті. Бұл ретте жарық бойынша суретші италиялық Виничо Келидің есімін атап өтуге тиіспіз. Ол опералық, драмалық және балеттік спектакльдердің жарықтық партитураларын жасаушы ретінде әлемнің көптеген елдеріне таныс. Қоюшы – дирижер ретінде қойылымға қызмет еткен отандасымыз Айдар Абжахановтың да есімін атап өтпей болмас. Тұтас оркестрдің ғажайып үнін таяқ ұшымен шебер иіре білген дирижер Айдардың еңбегін көрермендер де өте жоғар бағалады.  Жалпы, театр ұжымы мен қойылым әртістерінің екі жарым сағатқа созылған өнеріне тәнті болған көрермендер «Ұйқыдағы аруды» ұсынушылар қауымына дән ризашылығын білдіріп, ұзақ қол соқты. Тіпті, он бес минутқа созылған қошеметке Елбасының өзі тік тұрып құрмет көрсетіп, дестелі ықылас гүлін тарту етті.  Әлемдік сахнаның озық үлгісі болып табылатын бұл қойылым Астананың он бес жылдығы құрметіне ұйымдастырылып отырғандықтан, алдағы күндері тағы да жалғасын таппақ. Нақтылай түссек, 6 және 7 шілде күндері кешкі жетіде «Астана опера» опера және балет театрында бастау алатын болады. Келіңіздер, көріңіздер! Baq.kz  
04.07.2013 04:24 3947

Сәрсенбінің кешінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" опера және балет театрында әлемдік сахнаның хас шеберлері астаналықтар мен қала қонақтарына арнап тарту етіліп жатқан П. И. Чайковскийдің "Ұйқыдағы ару" балетін тамашалады. Бұл жөнінде Baq.kz тілшісі хабарлайды. 

Әлем назарын өзіне аударған "Ұйқыдағы ару" балетінің қоюшысы – хореографияның теңдессіз шебері - Юрий Григорович. Ал қоюшы суретші, сценограф - әйгілі Эцио Фриджерио болса, киім жөніндегі суретші - Италиядан арнайы шақыртылған Оскар сыйлығының иегері Франка Скуарчапино. Сахна шеберлері осыған дейін "Ұйқыдағы аруды" Генуя, Варшава мен Мәскеуде қойған екен. 
Юрий Григорович редакциялап, Эцио Фриджерио сценографиясын жаңартқан "Ұйқыдағы ару" балеті "Астана Опера" театрының орасан зор сахнасының барлық мүмкіндіктерін толыққанды көрсетті. Аталған қойылым бүгінге дейін әлемнің төрт театрында қойылған, мінекей, енді бесінші рет су жаңа "Астана Опера" театрында сахналануда.
"Бұл Григоровичтің бесінші редакциясы. Бес редакцияның ең үздігі осы. Оның айтуынша, әрбір редакция бойынша жұмыс істегенде, қосымша дүниелер қосқан, әсемдеген, дамытқан. Сондықтан бүгінгі біздің сахнамыздағы "Ұйқыдағы ару" осы кезге дейінгі қойылымдардың ішіндегі ең үздігі", - деді "Астана Опера" опера және балет театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов. 
Қойылымда ертегі сарыны мен махаббат поэтикасы ұштасқан. Ал сюжет Аврора ханшайымның жүз жыл ұйықтап, айналадағының бәрінің сонымен бірге ұйықтап, бірге оянатыны жайында өрбиді. Әртістердің киімдері көздің жауын аларлықтай әсем болды демеске амал қайсы. Себебі, 17 ғасыр мен 18 ғасырдағы модельдердің үлгісіндей жеңіл жібек көйлектерді арнайы тапсырыспен тіктірген. Барлық көйлектердің қолмен кестеленіп, оларды әзірлеуде өрнекпен айналысатын мамандар, суретшілер мен кестешілер күн-түн демей еңбектенгені сезіліп-ақ тұрады. Костюмдердің біршамасы Милан мен Мәскеу шеберханаларында дайындалса, бірқатары өз елімізде тігіліпті. 
Суретші-сценограф Эцио Фриджерионың да еңбегі көрермендердің таңданысын тудырды. Ол қойылымға ерекше, жарқыраған тың нобайлар жасаған. Мысалы, ол салмағы 16 тоннаны құрайтын алтын жалатылған дайын декорацияны Италиядан арнайы алдырған. Ал сахнадағы патша сарайының қақпасы 500 келіні құрағанымен, әсем де көркем безендірілген декорациялардың механикаландырылған жүйеде конструкциялық көтергіштердің көмегімен жедел көтерілуі, жаңа театрдың орасан зор мүмкіндікке ие екендігін паш еткендей.
Қойылым барысында тағы бір ерекше көрініс жасаудың нәзік иірімдерінің бірі – жарық беру тәсілі екендігі болса керек-ті. Бұл ретте жарық бойынша суретші италиялық Виничо Келидің есімін атап өтуге тиіспіз. Ол опералық, драмалық және балеттік спектакльдердің жарықтық партитураларын жасаушы ретінде әлемнің көптеген елдеріне таныс. Қоюшы – дирижер ретінде қойылымға қызмет еткен отандасымыз Айдар Абжахановтың да есімін атап өтпей болмас. Тұтас оркестрдің ғажайып үнін таяқ ұшымен шебер иіре білген дирижер Айдардың еңбегін көрермендер де өте жоғар бағалады. 
Жалпы, театр ұжымы мен қойылым әртістерінің екі жарым сағатқа созылған өнеріне тәнті болған көрермендер «Ұйқыдағы аруды» ұсынушылар қауымына дән ризашылығын білдіріп, ұзақ қол соқты. Тіпті, он бес минутқа созылған қошеметке Елбасының өзі тік тұрып құрмет көрсетіп, дестелі ықылас гүлін тарту етті. 
Әлемдік сахнаның озық үлгісі болып табылатын бұл қойылым Астананың он бес жылдығы құрметіне ұйымдастырылып отырғандықтан, алдағы күндері тағы да жалғасын таппақ. Нақтылай түссек, 6 және 7 шілде күндері кешкі жетіде «Астана опера» опера және балет театрында бастау алатын болады. Келіңіздер, көріңіздер!

Baq.kz

 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға