Қытайда әлемдегі ең үлкен ғимарат салынды
04.07.2013 03:39
7318
РБК ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, New Century Global Center құрылысының жалпы аумағы 1,7 млн шаршы метрді құрайды.
Алып ғимараттың ішінде көптеген сауда орталықтары, су саябақтары, сырғанақтар, қонақүйлер, кинотеатрлар, мәжіліс залдары, тіпті сәулетті виллалар салынған тұтас қалашықтар бар көрінеді.
Әлемдік БАҚ мәліметтеріне қарағанда, ұзындығы жарты шақырым, ені - 400 м, ал биіктігі 100 м құрылысты небәрі 90 күннің ішінде салып бітірген.
Сонымен бірге, ғимараттың жеке жасанды жарықтандыру жүйесі бар. «Жасанды күн» жарық беріп қана қомай, ғимаратты тәулік бойы жылытып та тұрады екен. Бұл тың технологияны жапон ғалымдары ойлап тапқан.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Хроника Деятельности 2010
Келесі жаңалық
Қазақстандықтар қыркүйекте 163,9 мың көлік сатып алған