Жаңалықтар

Қарағандыда әкімдерді сайлау мәселелері бойынша семинар өтті

Бүгін Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің алдағы сайлауын ұйымдастыру, даярлау және өткізу мәселелері жөнінде семинар өтті. Бұл жайында ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлайды.  Семинардың жұмысына қатысу үшін алдағы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге қатысатын облыстық, аудандық және қалалық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, аудан әкімдері, облыс әкімі аппаратының басшысы мен қызметкерлері, мәслихаттардың хатшылары, Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының және БАҚ-тың өкілдері шақырылды.  Ортсайлауком басшысы алдағы сайлау науқаны барысында барлығы ауылдық округ құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдық округтерінің, кенттері мен ауылдарының 2458 әкімі, яғни елдегі барлық әкімдердің жалпы санының 91,5% сайланатынын атап өтті. Сайлау өткізуге тікелей 160 аудандық және 28 қалалық аумақтық сайлау комиссиясы қатысады. Олардағы сайлау комиссиялары мүшелерінің саны 1316 адамды құрамақ. Сайлау науқанында таңдаушылар ретінде 188 мәслихаттан 2602 депутат қатысады. Әкімдікке кандидаттар ұсынуды аудан әкімі жергілікті қоғамдастықпен консультациялардан кейін балама негізде жүзеге асырады. Осы консультацияларды жүргізу тәртібі Қағидаларда көрсетілмейді.  «Осыған байланысты оларды бірыңғай өткізу тәсілі ұсынылады. Бұл ретте, қоғамдық пікірді зерделеудің, аудан әкімінің халықпен тікелей ауылдарда, кенттер мен қалаларда жеке кездесуі түрін таңдау ең тиімді болады деп есептейміз. Аудан әкіміне кандидаттарды ұсыну құқығын беру ақталды, себебі ол тұтастай аудан бойынша және әрбір әкімшілік құрылым бойынша істердің жай-күйі үшін дербес жауапты болады. Бұдан басқа, кандидаттың облыс аумағында тұруы талабы маңызды болып отыр, себебі бұл талап өзі жұмыс істейтін аудандағы жағдайды нақты білетін әкімдерді таңдауды қамтамасыз етеді» - деді Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы.  Сөзінің соңында Қ. Тұрғанқұлов қатысушыларды құқықтық және сайлау практикасы мәселелерін, сондай-ақ сайлауды ұйымдастыру мен өткізумен тікелей байланысты рәсімдік кездерді белсенді түрде және сындарлы бірлесіп талқылауға шақырды.  Семинардың жұмысы барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларының негізгі ережелеріне, сондай-ақ сайлауды ұйымдастыру мен материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуге қатысты ауқымды мәселелерді қарауға ерекше көңіл бөлді. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну, тіркеу, олардың сайлау алдындағы үгіттеуді жүргізуі, таңдаушылар отырысын ұйымдастыруы, дауыс беру, дауыстарды санау және сайлау қорытындыларын шығару рәсімдерінің ерекшеліктері айрықша талқыланды.   Baq.kz
03.07.2013 10:57 3401

Бүгін Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің алдағы сайлауын ұйымдастыру, даярлау және өткізу мәселелері жөнінде семинар өтті. Бұл жайында ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Семинардың жұмысына қатысу үшін алдағы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге қатысатын облыстық, аудандық және қалалық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, аудан әкімдері, облыс әкімі аппаратының басшысы мен қызметкерлері, мәслихаттардың хатшылары, Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының және БАҚ-тың өкілдері шақырылды. 

Ортсайлауком басшысы алдағы сайлау науқаны барысында барлығы ауылдық округ құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдық округтерінің, кенттері мен ауылдарының 2458 әкімі, яғни елдегі барлық әкімдердің жалпы санының 91,5% сайланатынын атап өтті. Сайлау өткізуге тікелей 160 аудандық және 28 қалалық аумақтық сайлау комиссиясы қатысады. Олардағы сайлау комиссиялары мүшелерінің саны 1316 адамды құрамақ. Сайлау науқанында таңдаушылар ретінде 188 мәслихаттан 2602 депутат қатысады. Әкімдікке кандидаттар ұсынуды аудан әкімі жергілікті қоғамдастықпен консультациялардан кейін балама негізде жүзеге асырады. Осы консультацияларды жүргізу тәртібі Қағидаларда көрсетілмейді. 
«Осыған байланысты оларды бірыңғай өткізу тәсілі ұсынылады. Бұл ретте, қоғамдық пікірді зерделеудің, аудан әкімінің халықпен тікелей ауылдарда, кенттер мен қалаларда жеке кездесуі түрін таңдау ең тиімді болады деп есептейміз.
Аудан әкіміне кандидаттарды ұсыну құқығын беру ақталды, себебі ол тұтастай аудан бойынша және әрбір әкімшілік құрылым бойынша істердің жай-күйі үшін дербес жауапты болады. Бұдан басқа, кандидаттың облыс аумағында тұруы талабы маңызды болып отыр, себебі бұл талап өзі жұмыс істейтін аудандағы жағдайды нақты білетін әкімдерді таңдауды қамтамасыз етеді» - деді Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы. 
Сөзінің соңында Қ. Тұрғанқұлов қатысушыларды құқықтық және сайлау практикасы мәселелерін, сондай-ақ сайлауды ұйымдастыру мен өткізумен тікелей байланысты рәсімдік кездерді белсенді түрде және сындарлы бірлесіп талқылауға шақырды. 
Семинардың жұмысы барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларының негізгі ережелеріне, сондай-ақ сайлауды ұйымдастыру мен материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуге қатысты ауқымды мәселелерді қарауға ерекше көңіл бөлді.
Әкімдікке кандидаттарды ұсыну, тіркеу, олардың сайлау алдындағы үгіттеуді жүргізуі, таңдаушылар отырысын ұйымдастыруы, дауыс беру, дауыстарды санау және сайлау қорытындыларын шығару рәсімдерінің ерекшеліктері айрықша талқыланды.  

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға