Жаңалықтар

Соңғы 4 жылда 9 млрд. теңгені құрайтын 179 грант бөлінген

Бүгін Астанада елдің инновациялық дамудың негізгі операторы - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның 10 жылдығына орай мерейтойлық баспасөз мәслихаты өтті. соңғы жылдары 600 идея мен жоба қолдау тапуып, оның ішінде 396 жоба ҮИИМДБ аясында жүзеге асырыла бастаған. Қабылданған шаралар нәтижесінде инновациялық-белсенді кәсіпорындардың саны үлесі 4%-дан 7,6%-ға дейін өскен. 2009 жылмен салыстырғанда технологиялық инновацияларға арналған кәсіпорындардың жұмсалымдары 2 млрд. долларға дейін (61 млрд теңгеден 326 млрд. тегеге дейін) 5 еседен астамға өсті. 2009 жылдан бері жалпы сомасы 9 млрд. теңгеге 179 инновациялық гранттар бөлініпті. Мысалы, «Вентиляциялық жабдық өндірісін жаңғырту үшін жабдықты сатып алу» жобасымен «Алматы вентилятор зауыты» 97 951 728 теңге сомасына технологияларды сатып алуға инновациялық грант алған. Кәсіпорын климаттық техниканы әзірлеумен, дайындаумен және өткізумен айналысады және Қазақстан Республикасының аумағында осындай жабдықты шығаратын жалғыз кәсіпорын болып табылады. Сол сияқты, өнертапқыш Евгений Воронов «Жылу алмасу модулін өнеркәсіптік шығару» жобасымен «Технологиялық бизнес-инкубациялау» құралы шеңберінде 6 586 632 теңге сомасында қолдауға ие болды. Ол жылу маусымы үшін отынның 40-45% үнемдеуге мүмкіндік жоғары тиімділікті инновациялық жылу қазандығын ойлап тапуып патенттеген. Бақ.кз
03.07.2013 09:12 3115

Бүгін Астанада елдің инновациялық дамудың негізгі операторы - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның 10 жылдығына орай мерейтойлық баспасөз мәслихаты өтті. соңғы жылдары 600 идея мен жоба қолдау тапуып, оның ішінде 396 жоба ҮИИМДБ аясында жүзеге асырыла бастаған.

Қабылданған шаралар нәтижесінде инновациялық-белсенді кәсіпорындардың саны үлесі 4%-дан 7,6%-ға дейін өскен. 2009 жылмен салыстырғанда технологиялық инновацияларға арналған кәсіпорындардың жұмсалымдары 2 млрд. долларға дейін (61 млрд теңгеден 326 млрд. тегеге дейін) 5 еседен астамға өсті. 2009 жылдан бері жалпы сомасы 9 млрд. теңгеге 179 инновациялық гранттар бөлініпті. Мысалы, «Вентиляциялық жабдық өндірісін жаңғырту үшін жабдықты сатып алу» жобасымен «Алматы вентилятор зауыты» 97 951 728 теңге сомасына технологияларды сатып алуға инновациялық грант алған. Кәсіпорын климаттық техниканы әзірлеумен, дайындаумен және өткізумен айналысады және Қазақстан Республикасының аумағында осындай жабдықты шығаратын жалғыз кәсіпорын болып табылады.
Сол сияқты, өнертапқыш Евгений Воронов «Жылу алмасу модулін өнеркәсіптік шығару» жобасымен «Технологиялық бизнес-инкубациялау» құралы шеңберінде 6 586 632 теңге сомасында қолдауға ие болды. Ол жылу маусымы үшін отынның 40-45% үнемдеуге мүмкіндік жоғары тиімділікті инновациялық жылу қазандығын ойлап тапуып патенттеген.

Бақ.кз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға