Жаңалықтар

БҚО-да Индустриаландыру картасы аясында 6 жоба жүзеге асырылады

Батыс Қазақстан облысында 2013-2014 жылдары Индустриаландыру картасының құны 6,9 млрд теңге тең 6 жобасы жүзеге асырылады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысының өңірлік жалпы ішкі өнімі 968,4 млрд теңгеге жеткен. Облыста 347 өнеркәсіптік өндіріс жұміс істейді. Олардың өндіріс көлемі 1 трлн 632,9 млрд теңге. «Биылғы алғашқы үш айда облыс өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша елімізде үшінші орынға тұрақтады. Ал, белсенді жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпкерлік саны бойынша бесінші орында. Негізгі капиталға салынған инвецтиция көлемі бойынша он бірінші орында», - дейді облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімов. Үш жылда облыста Индустриализация картасы бойынша құны 250,8 млрд теңге тұратын 29 жоба жүзеге асырылған. ҮИИДМБ екінші кезеңінің басым бағыттары анықталған. Бұлар – машина жасау, адами ресурсты дамыту, өңірлік инновациялық жүйені құру, жасыл экономика белгілерін қолданысқа енгізу, туризм, коммуникациялық технологияларды дамыту, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік құралын толайымымен қолдану, қазақстандық үлесті арттыру. Биыл әкімдік 120 үміткерді «Болашақ» бағдарламасы бойынша таңдап алды, оның ішінде 40 маман – машина жасау кәсіпорындарының қызметкерлері. «Облыста құны 63, млн теңге жоғары технологиялық қызмет көрсету саласында газдытрубиналық машина жасау орталығын құру жобасының болашағы бар. Қазақстанда қазіргі таңда осындай кәсіпорын жоқ. Барлық жөндеу жұмыстары шетелде атқарылады. Сонымен бірге, «Интергаз Орта Азия» АҚ-ында 284 газсоратын агрегаты бар 26 компрессорлық станса жұмыс істейді. Сондай-ақ әуе қозғалтқыштарына жөндеу жүргізуді ұйымдастыру мүмкіндігі бар. Бұл жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік органдар тарапынан қолдау керек», - деп мәлімдеді М.Кәрімов. М. Кәрімов айтуына қарағанда, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік саласында «Орал» ӘКК-нің рөлін көтеру қолға алыну керек. Әлеуметтік кәсіпкерлік ұйымымен бірге жобалық құны 14 млрд теңге 7 жоба қолға алынған. Алдағы уақытта оны тұрақтандыру қорларына беру керек. Облыс экономикасына шетелден инвестиция тарту үшін қыруар шаруаны жүргізу керек. Осы мақсатта алдағы қыркүйек айында «Ақжайық – сенімді серіктестік» атты инвестициялық форум өткізіледі. Оған Ресей мен Қазақстанның шекаралас бес облысы қатысады деп күтілуде.  bnews.kz  
03.07.2013 03:46 3286

Батыс Қазақстан облысында 2013-2014 жылдары Индустриаландыру картасының құны 6,9 млрд теңге тең 6 жобасы жүзеге асырылады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысының өңірлік жалпы ішкі өнімі 968,4 млрд теңгеге жеткен. Облыста 347 өнеркәсіптік өндіріс жұміс істейді. Олардың өндіріс көлемі 1 трлн 632,9 млрд теңге.

«Биылғы алғашқы үш айда облыс өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша елімізде үшінші орынға тұрақтады. Ал, белсенді жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпкерлік саны бойынша бесінші орында. Негізгі капиталға салынған инвецтиция көлемі бойынша он бірінші орында», - дейді облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімов.

Үш жылда облыста Индустриализация картасы бойынша құны 250,8 млрд теңге тұратын 29 жоба жүзеге асырылған. ҮИИДМБ екінші кезеңінің басым бағыттары анықталған. Бұлар – машина жасау, адами ресурсты дамыту, өңірлік инновациялық жүйені құру, жасыл экономика белгілерін қолданысқа енгізу, туризм, коммуникациялық технологияларды дамыту, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік құралын толайымымен қолдану, қазақстандық үлесті арттыру.

Биыл әкімдік 120 үміткерді «Болашақ» бағдарламасы бойынша таңдап алды, оның ішінде 40 маман – машина жасау кәсіпорындарының қызметкерлері.

«Облыста құны 63, млн теңге жоғары технологиялық қызмет көрсету саласында газдытрубиналық машина жасау орталығын құру жобасының болашағы бар. Қазақстанда қазіргі таңда осындай кәсіпорын жоқ. Барлық жөндеу жұмыстары шетелде атқарылады. Сонымен бірге, «Интергаз Орта Азия» АҚ-ында 284 газсоратын агрегаты бар 26 компрессорлық станса жұмыс істейді. Сондай-ақ әуе қозғалтқыштарына жөндеу жүргізуді ұйымдастыру мүмкіндігі бар. Бұл жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік органдар тарапынан қолдау керек», - деп мәлімдеді М.Кәрімов.

М. Кәрімов айтуына қарағанда, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік саласында «Орал» ӘКК-нің рөлін көтеру қолға алыну керек. Әлеуметтік кәсіпкерлік ұйымымен бірге жобалық құны 14 млрд теңге 7 жоба қолға алынған. Алдағы уақытта оны тұрақтандыру қорларына беру керек. Облыс экономикасына шетелден инвестиция тарту үшін қыруар шаруаны жүргізу керек. Осы мақсатта алдағы қыркүйек айында «Ақжайық – сенімді серіктестік» атты инвестициялық форум өткізіледі. Оған Ресей мен Қазақстанның шекаралас бес облысы қатысады деп күтілуде. 

bnews.kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға