Жаңалықтар

Тел Жаманмұрынұлы

Жаманмұрынұлы Тел – Алаш қайраткері, Қазақстанда ауылшаруашылығы ісін дамытуды мемлекеттік дәрежеде ұйымдастырушы. 1888 жылы Торғай облысы Ырғыз уезінде (қазір Ақтөбе облысы) туған. 1907-1912 жылдары Орынбордағы реалдық училищеде оқыған. 1913-1917 жылдары Петров-Разумов атындағы Мәскеу ауылшаруашылығы академиясында оқып жүріп ұлт-азаттық қозғалыстарына қатысқан. 1916 жылы І дүниежүзілік соғысқа қатысу үшін майданға алынған қазақ сарбаздарына көмек көрсетуші арнайы топтың (Минск, Батыс майданындағы «Земсоюз») ішіне кірді. 1917 жылы Орынборда құрылған «Еркін дала» ұйымының басшылығында болды. Осы жылы 1 сәуірде өткен Торғай облысы қазақтарының съезіне «ұлтшыл студент» деген мәртебемен қатысады. Алаштың 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынбор қаласында өткен бірінші жалпықазақ съезіне Торғай облысынан қатынасып, онда Бүкілресейлік құрылтайға депутат болып ұсынылған. 1917 жылы 20-25 тамызда Ақтөбеде өткен Торғай облысы қазақтарының ІІ съезін ұйымдастыру шараларына қатысып, жиында хатшы қызметін атқарды. 1917-1918 жылдары бірыңғай Түркістан автономиясына қосылуды жақтаушылардың қатарында болады. Осы уақытта Ырғыз уездік жер комитетінің төрағасы, алғаш атқару комитетінің төрағасы, кейін төрағаның орынбасары қызметін атқарады. 1919-1921 жылдары уездік жер бөлімінің меңгерушісі, жұмысшы-шаруа инспекциясының және статистикалық бюроның басшысы болады. 1921 жылдың шілде-тамыз аралығында Қазақ автономиялық республикасы Егін шаруашылығы халық комиссарының орынбасары, ал бұдан соң 1929 жылға дейін Егін шаруашылығы халық комиссариаты жабдықтау, мал шаруашылығы, егін шаруашылығы басқармаларының бастығы. 1927 жылы Түрксіб темір жолын жобалау және жабдықтау шараларына да қатысты. 1929-1930 жылдары Қазақ автономиялық республикасы Статистикалық басқармасы бастығының орынбасары. 1930 жылы Алашқа қатысы болғаны үшін «қылмыстық жауапкершілікке» тартылды. 1932-1933 жылдары Шымкенттегі Түйе шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, ауылшаруашылық тобының меңгерушісі, мал шаруашылығы секторының басшысы. 1933-1934 жылдары республикалық Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы төралқасының мүшесі. 1934 жылы Ақтөбе облыстық жоспарлау комиссиясының төрағасы. 1935 жылы Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы мал өсіру секторының меңгерушісі. НКВД шешімімен 1937 жылы мамырда тұтқындалып, 1938 жылы ақпанда нақақ атылған.
01.07.2013 05:58 3206

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға