Жаңалықтар

Танашұлы Уәлитхан

Танашұлы Уәлитхан – көрнекті Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер. 1887 жылы Ішкі Бөкей ордасы 2-Теңіз жағалауы округі №3 болысында туған. 1908 жылы Астрахань гимназиясын, 1912 жылы Қазан университетінің заң факультетін бітірген. Оқуын тәмамдаған соң Қазан қаласында адвокаттық жұмысқа тұрған. Осында татар және орыс зиялыларының пікірлес әрі әділеттік жолында күрескер тұлғасы болып қалыптасады. 1917 жылы сәуірде Орынборда өткен Торғай облысы қазақтарының съезіне шақырылып, мәжіліс төралқасына кіреді. Сол айда Ордада Бөкейлік қазақтардың съезін ұйымдастыру және өткізу шараларына тікелей атсалысады. Осы жолы съездің төралқа төрағасы болып сайланады. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен бірінші жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік құрылтайға депутат ретінде сайланады. 5-13 желтоқсанда өткен екінші жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі – Ұлт Кеңесінің құрамына енеді. Заңгер Алашорда үкіметін құруға байланысты құжаттардың дайындалуына тікелей ат салысты. Сол жылы Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. 1918 жылдары Алашорда атынан ішкі Ресей мен Сібірде құрылған Комуч, Сібір үкіметі, Уфа директориясы секілді түрлі бағыттағы билік құрылымдарымен келіссөз жүргізуге қатысады. Қайраткер Ж.Досмұхамедұлымен бірге Комучтың даярлық жұмыстарына қатысса, сол шамада өзі Уфа директориясының мәжілісінде болып, сөз сөйлейді. Заңгердің тағы бір батыл саяси қадамы «Ойыл уалаяты» аталып кеткен құрылымды таратып, Алашорданың Батыс бөлімшесін құруға бастамашы болуы еді. Қараша айында Уфа директориясы амалсыз жұмысын тоқтатқанда, заңгер Ә.Бөкейхан, А.Тұрлыбайұлымен бірге Колчак үкіметімен келіссөздер жүргізді. Саяси тактика болып табылатын осы басқосуда ол Алашорданың бейтараптығына кепілдік беретін және түрлі саяси оспадарлықтан сақтайтын билік құрылымын жасақтауды ұсынды. Большевиктер толық жеңгенде қайраткер жаңа биліктің жұмысына тартылды. 1919 жылдан бастап Қазақ әскери ревкомының кеңсесінде, Мемлекеттік баспа ісін ұйымдастыру комиссиясында қызмет атқарды. 1920 жылы Қазақ автономиясын жариялайтын құрылтайға Бөкей Ордасынан өкіл болып қатынасты. Осында Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланды. Кешікпей Қазақ АКСР Заң халық комиссарының орынбасары болып тағайындалды. 1921-1924 жылдары республиканың Мәскеудегі өкілеттігінің алқа төрағасының орынбасары, Ұлттар комиссариаты жанындағы Қазақстан өкілеттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1924-1937 жылдары Татар АКСР Жоғары сотында жұмыс істеді. 30-40 жылдары екі мәрте репрессияланды. Айдаудан 1955 жылы босатылды. 1968 жылы Алматыда қайтыс болды.
01.07.2013 05:57 4153

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға