Жаңалықтар

Хорватия ресми түрде Еуроодаққа енді

Бүгін Хорватия ресми түрде Еуропалық одақтың 28-інші мүшесі болды. Елдің ЕО-ға енуі Еуропадағы қаржы дағдарысымен тұспа-тұс келсе де, небәрі 20 жыл бұрын ғана тәуелсіздігін алған шағын мемлекет үшін бұл маңызды қадам болып табылады. Бұл туралы РБК хабарлайды. 1 шілде күні таңертең Хорватияның өкілдері Еуроодақтың түрлі органдарында өздерінің міндеттерін орындауға кіріседі. Елде Еуропарламентке сайлау биылғы сәуір айында өткен болатын. Еске сала кетейік, Хорватия ЕО-ға мүшелікке өтінімді 2003 жылы берді, 2004 жылдың ортасында мемлекетке үміткер мәртебесі берілді. 2006 жылы ел заңнамасы ЕО талаптарына сәйкестендірілді, бірақ Словениямен арадағы шиеленіске байланысты ЕО-ға ену кейінге қалдырылды. Елдің ЕО-ға қосылуы туралы Келісімге Загреб пен Брюссель 2011 жылдың 9 желтоқсанында қол қойды. ҚазАқпарат.
01.07.2013 03:20 2540

Бүгін Хорватия ресми түрде Еуропалық одақтың 28-інші мүшесі болды.

Елдің ЕО-ға енуі Еуропадағы қаржы дағдарысымен тұспа-тұс келсе де, небәрі 20 жыл бұрын ғана тәуелсіздігін алған шағын мемлекет үшін бұл маңызды қадам болып табылады. Бұл туралы РБК хабарлайды.

1 шілде күні таңертең Хорватияның өкілдері Еуроодақтың түрлі органдарында өздерінің міндеттерін орындауға кіріседі. Елде Еуропарламентке сайлау биылғы сәуір айында өткен болатын.

Еске сала кетейік, Хорватия ЕО-ға мүшелікке өтінімді 2003 жылы берді, 2004 жылдың ортасында мемлекетке үміткер мәртебесі берілді. 2006 жылы ел заңнамасы ЕО талаптарына сәйкестендірілді, бірақ Словениямен арадағы шиеленіске байланысты ЕО-ға ену кейінге қалдырылды. Елдің ЕО-ға қосылуы туралы Келісімге Загреб пен Брюссель 2011 жылдың 9 желтоқсанында қол қойды.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға