Жаңалықтар

Орта және шағын бизнеске 840 млрд теңге субсидия беріледі

Орта және шағын бизнеске 840 млрд теңге субсидия беріледі, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ баспасөз қызметі. «Қазіргі таңда 839,621 млрд теңгенің 3406 жобасын субсидияландыруға оң шешім қабылданды. Оның ішінде бірінші бағыт бойынша 500,87 млрд теңгенің 2952 жобасы, екінші бағыт бойынша 175,517 млрд теңгенің 223 жобасы, үшінші бағытпен 163,23 млрд теңгенің 231 жобасы қолдау тапты»,-деп жазылған хабарламада. 632,413 млрд теңгенің 2803 келісіміне қол қойылды. Төленген субсидия көлемі 35,063 млрд теңгені құрады. 21,535 млрд теңгенің 219 жобасы кепілдендірілген. 19,874 млрд теңге несиенің 189 жобасын кепілдендіруге келісім жасалды. Сондай-ақ, 8,077 млрд теңге кепілдеме берілді. Салалар бойынша алғанда жобалардың 41%-ы өңдеу өнеркәсібі, 26%-ы көлік және сақтауға қатысты. «Бизнестің жол картасы-2020» Жаңа индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырудағы негізгі механизм болып табылады. Аталған мемлекеттік бағдарламада экономиканы әртараптандырып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін шикізаттық емес секторды жеделдетіп дамыту қарастырылған. Бағдарлама аясында Қазақстанда соңғы үш жылда жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны тұрақты түрде артып, бизнес-орта айтарлықтай жақсарды.
30.06.2013 16:27 3348

Орта және шағын бизнеске 840 млрд теңге субсидия беріледі, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ баспасөз қызметі.

«Қазіргі таңда 839,621 млрд теңгенің 3406 жобасын субсидияландыруға оң шешім қабылданды. Оның ішінде бірінші бағыт бойынша 500,87 млрд теңгенің 2952 жобасы, екінші бағыт бойынша 175,517 млрд теңгенің 223 жобасы, үшінші бағытпен 163,23 млрд теңгенің 231 жобасы қолдау тапты»,-деп жазылған хабарламада.

632,413 млрд теңгенің 2803 келісіміне қол қойылды. Төленген субсидия көлемі 35,063 млрд теңгені құрады. 21,535 млрд теңгенің 219 жобасы кепілдендірілген. 19,874 млрд теңге несиенің 189 жобасын кепілдендіруге келісім жасалды. Сондай-ақ, 8,077 млрд теңге кепілдеме берілді.

Салалар бойынша алғанда жобалардың 41%-ы өңдеу өнеркәсібі, 26%-ы көлік және сақтауға қатысты.

«Бизнестің жол картасы-2020» Жаңа индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырудағы негізгі механизм болып табылады. Аталған мемлекеттік бағдарламада экономиканы әртараптандырып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін шикізаттық емес секторды жеделдетіп дамыту қарастырылған.

Бағдарлама аясында Қазақстанда соңғы үш жылда жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны тұрақты түрде артып, бизнес-орта айтарлықтай жақсарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға