Дамыған елдердің тарихына көз жүгіртсек, экономиканы дамытуда орта және шағын бизнес негізгі рөл атқарғанын байқауға болады, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ баспасөз қызметі.
«Түрлі есептерге қарағанда, Қазақстанда соңғы 7 жылда ішкі нарықтағы орта және шағын бизнес өндірген өнімнің көлемі 30-33% шамасында болған. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш ЖІӨ-нің 60%-ын құрайды»,-деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жаңа индустрияландыру бағдарламасының негізгі мақсаты орта және шағын бизнес «экономиканың локомотиві» болуына ықпал етіп, жұмыссыздық мәселесін шешуге бағытталған.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылдың қаңтарындағы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында кәсіпкерлер жаңа нарықты игеріп, инновацияны енгізу қажеттігіне тоқталған.
Соған байланысты Президент үкіметке аймақтарда кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететін бірыңғай бюджеттік бағдарламаны енгізуді қамтамасыз етуін жүктеген. Бағдарламаға «Бизнестің жол картасы-2020» деген атау берілді.
Қазір аталған бағдарлама жаңа индустрияландыру мембағдарламасын жүзеге асырушы негізгі тетік болып табылады. Осы бағдарлама аясында Қазақстанда соңғы үш жылда жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны тұрақты түрде артып, бизнес-орта айтарлықтай жақсарды.
Бағдарлама мемлекеттік бюджеттен бірқатар бағыттар бойынша қаржыландырылады.
Нәтижесінде, қазіргі таңда төленген субсидия көлемі 35,063 млрд теңгені құрады, 8,077 млрд теңге кепілдеме берілген. Жалпы, елімізде 37 мың кәсіпкер мембағдаламамен қамтылған. 136 жұмыс сақталып, қосымша 34 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға