Жаңалықтар

Алматы облысында 3 жылда 35 индустриялдық нысан іске қосылды

Алматы облысында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 3 жылда 235,3 млрд теңгенің 35 индустриялдық нысаны іске қосылды. 5142 жұмыс орны ашылды. Бұл туралы BNews.kz тілшісі облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметіне қарағанда, ашылған жұмыс орындарының саны жағынан алғанда Алматы облысы елімізде алдыңғы орында тұр. «Ағымдағы жылы 7,3 млрд теңгенің 8 жобасы жүзеге асады деп жоспарланған. Оларда 1284 жұмыс орны ашылады»,-деп хабарлады басқармадан. Олардың ішінде 4 нысан бірінші жартыжылдықта іске қосылған. Екінші жартыжылдықта Іле ауданында медициналық бұйымдар мен дәрілік заттар шығаратын фармацевтикалық зауыт пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Талғар ауданында «GLASMAN» ЖШС тігін өнеркәсібі, Қарасай ауданында 750 бас сүт-тауарлы ферма мен «Алматы бояулары» ЖШС лак-бояу материалдары зауыты ашылады деп межеленген. 2014-2015 жылдары 88,9 млрд теңгенің 6 жобасы іске асып, 863 жұмыс орны ашылмақ. Жалпы аталған бағдарлама аясында Индустрияландыру картасына Алматы облысынан 331,6 млрд теңгенің 49 жобасы енді, дейді басқарма өкілдері.  
30.06.2013 16:22 3101

Алматы облысында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 3 жылда 235,3 млрд теңгенің 35 индустриялдық нысаны іске қосылды. 5142 жұмыс орны ашылды. Бұл туралы BNews.kz тілшісі облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.Алматы облысында 3 жылда 35 индустриялдық нысан іске қосылды

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметіне қарағанда, ашылған жұмыс орындарының саны жағынан алғанда Алматы облысы елімізде алдыңғы орында тұр.

«Ағымдағы жылы 7,3 млрд теңгенің 8 жобасы жүзеге асады деп жоспарланған. Оларда 1284 жұмыс орны ашылады»,-деп хабарлады басқармадан.

Олардың ішінде 4 нысан бірінші жартыжылдықта іске қосылған.

Екінші жартыжылдықта Іле ауданында медициналық бұйымдар мен дәрілік заттар шығаратын фармацевтикалық зауыт пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Талғар ауданында «GLASMAN» ЖШС тігін өнеркәсібі, Қарасай ауданында 750 бас сүт-тауарлы ферма мен «Алматы бояулары» ЖШС лак-бояу материалдары зауыты ашылады деп межеленген.

2014-2015 жылдары 88,9 млрд теңгенің 6 жобасы іске асып, 863 жұмыс орны ашылмақ.

Жалпы аталған бағдарлама аясында Индустрияландыру картасына Алматы облысынан 331,6 млрд теңгенің 49 жобасы енді, дейді басқарма өкілдері.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға