37 мың кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен қамтылған
Қазіргі таңда бағдарлама бойынша төленген субсидия көлемі 35,063 млрд теңгені құрады. 8,077 млрд теңгеге кепілдеме беріліп, 37 мың кәсіпкер аталған бағдарламасымен қамтылған. 136 мың жұмыс орны сақталып, 34 мың қосымша жұмыс орны ашылды.
839,621 млрд теңгенің 3406 жобасын субсидияландыруға оң шешім қабылданды. Оның ішінде бірінші бағыт бойынша 500,87 млрд теңгенің 2952 жобасы, екінші бағыт бойынша 175,517 млрд теңгенің 223 жобасы, үшінші бағытпен 163,23 млрд теңгенің 231 жобасы қолдау тапты.
632,413 млрд теңгенің 2803 келісіміне қол қойылды. Төленген субсидия көлемі 35,063 млрд теңгені құрады.
21,535 млрд теңгенің 219 жобасы кепілдендірілген. 19,874 млрд теңге несиенің 189 жобасын кепілдендіруге келісім жасалды. 8,077 млрд теңге кепілдеме берілді.
2013 жылдың 1-ші маусымындағы мәлімет бойынша, «Бизнес-кеңесші» жобасы аясында 36616 адам оқып шыққан.
2011 жылы аталған курста 15 645 адам білімін жетілдірсе, олардың 3781-і кәсіпкерлер. 2012 жылы курста оқыған 17 316 адамның 5093-ін кәсіпкерлер құрады.
23296 кәсіпкерге 82959 сервистік қызмет көрсетілді.
«Назарбаев университеті» АҚ базасында 822 орта және шағын бизнестің жетекшісі білім алды.
«Іскерлік байланыстар» жобасы аясында 1123 кәсіпкер Германия мен АҚШ-та біліктілігін арттырды.