Жаңалықтар

«Қазақстанның индустриялық өмірінен 7 күн» - екінші күн (ВИДЕО)

Қазақстанның индустриялық өмірімен таныстыратын апталықтың екінші күнінің тақырыбы - шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі. Қазіргі заманғы Қазақстан үшін – бұл ең маңызды мәселе, себебі ол, әрбір азаматқа қатысты, мейлі кәсіпкер болсын немесе тауар мен қызмет тұтынушысы болсын. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2010 жылдың 29 қаңтарындағы Қазақстан халқына жолдауында: «Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады. Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Оны “Бизнестің жол картасы-2020” деп атауды ұсынамын»,-деген болатын. Бұл Бағдарлама әлемді есеңгіретіп отырған дағдарысқа қарамастан қазақстандық кәсіпкерлерге үш жарым жылдан бері қолдау көрсетіп және жаңа жұмыс орындарын құрып отырған президенттік индустрияландыру бағдарламасын іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады. “Бизнестің жол картасы-2020” (БЖК) бағдарламасын іске асырудың аясындағы міндеттер төмендегі төрт бағыт бойынша шешіледі: 1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау 2. Кәсіпкерлік секторды оңалту 3. Кәсіпкерлердің валюталдық тәуекелдерін төмендету; 4. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту. Бағдарлама жұмыс істей бастағалы бері 35,063 млрд. теңге субсидия төленді, 8,077 млрд. тенге теңге сомаға кепілдеме берілді, БКЖ бағдарламасы бойынша 37 000 астам кәсіпкерге қолдау шаралары көрсетілді, 136 мың жұмыс орны сақталды жәнге қосымша 34 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Атап айтар болсақ, Алматы облысындағы «ZHERSU POWER» ЖШС аккумулятор зауыты шығаратын өнімнің «БЖК» бағдарламасының арқасында бәсекелестік қабілеті артты, зауыт өндіріс көлемін 23% арттыра алды және 30 шақты жаңа жұмыс орнын ашты. Ал астаналық «LED Solution» ЖШС «БЖК» бағдарламасына қатыса отырып, кеңселік жай және жарық-диодты шам құрастыратын жабдықтар сатып алды. Осы жоба бойынша «Даму» қоры төлеген субсидияның сомасы 138 190,73 теңгені құрайды. «Сымбат Ойл» ЖШС Қызылорда облысында 320 орындық балабақша ашуды жоспарлап отыр. Бұл жобаны іске асырудың нәтижесінде 106 жаңа жұмыс орнын ашылмақ. Балабақша нысаны 2013 жылдың 1 қыркүйегінде ашылады. «Даму» қоры бұл жобаға субсидия ретінде қарасып отырған сома 28 080 433 теңгені құрайды. Бұған қоса, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірлерде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын ашуда, түрлі семинарлар мен тренингтер өткізуде. Мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлер үшін арнайы «Даму-Көмек» бағдарламасы да іске асырылуда.  
30.06.2013 08:19 2866

Қазақстанның индустриялық өмірімен таныстыратын апталықтың екінші күнінің тақырыбы - шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі. Қазіргі заманғы Қазақстан үшін – бұл ең маңызды мәселе, себебі ол, әрбір азаматқа қатысты, мейлі кәсіпкер болсын немесе тауар мен қызмет тұтынушысы болсын. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2010 жылдың 29 қаңтарындағы Қазақстан халқына жолдауында: «Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады. Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Оны “Бизнестің жол картасы-2020” деп атауды ұсынамын»,-деген болатын.

Бұл Бағдарлама әлемді есеңгіретіп отырған дағдарысқа қарамастан қазақстандық кәсіпкерлерге үш жарым жылдан бері қолдау көрсетіп және жаңа жұмыс орындарын құрып отырған президенттік индустрияландыру бағдарламасын іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.

“Бизнестің жол картасы-2020” (БЖК) бағдарламасын іске асырудың аясындағы міндеттер төмендегі төрт бағыт бойынша шешіледі:

1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау

2. Кәсіпкерлік секторды оңалту

3. Кәсіпкерлердің валюталдық тәуекелдерін төмендету;

4. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.

Бағдарлама жұмыс істей бастағалы бері 35,063 млрд. теңге субсидия төленді, 8,077 млрд. тенге теңге сомаға кепілдеме берілді, БКЖ бағдарламасы бойынша 37 000 астам кәсіпкерге қолдау шаралары көрсетілді, 136 мың жұмыс орны сақталды жәнге қосымша 34 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Атап айтар болсақ, Алматы облысындағы «ZHERSU POWER» ЖШС аккумулятор зауыты шығаратын өнімнің «БЖК» бағдарламасының арқасында бәсекелестік қабілеті артты, зауыт өндіріс көлемін 23% арттыра алды және 30 шақты жаңа жұмыс орнын ашты.

Ал астаналық «LED Solution» ЖШС «БЖК» бағдарламасына қатыса отырып, кеңселік жай және жарық-диодты шам құрастыратын жабдықтар сатып алды. Осы жоба бойынша «Даму» қоры төлеген субсидияның сомасы 138 190,73 теңгені құрайды.

«Сымбат Ойл» ЖШС Қызылорда облысында 320 орындық балабақша ашуды жоспарлап отыр. Бұл жобаны іске асырудың нәтижесінде 106 жаңа жұмыс орнын ашылмақ. Балабақша нысаны 2013 жылдың 1 қыркүйегінде ашылады. «Даму» қоры бұл жобаға субсидия ретінде қарасып отырған сома 28 080 433 теңгені құрайды.

Бұған қоса, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірлерде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын ашуда, түрлі семинарлар мен тренингтер өткізуде. Мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлер үшін арнайы «Даму-Көмек» бағдарламасы да іске асырылуда.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға