Жаңалықтар

«Қазақстанның индустриялық өмірінің 7 күні» атты ақпараттық науқан басталды (ВИДЕО)

2013 жыл - Президенттің индустрияландыру бағдарламасының алғашқы бесжылдығының 4-ші жылы. Бағдарлама әртараптандыру арқылы экономиканың тұрақты және теңгермелі өсуін қамтамасыз етуге және оның бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі. «Мемлекет Басшысы Н.Назарбаев атап өткендей, «екі бес жылдықта біздің экономикамыздың бейнесін өзгерту» міндеті қойылып отыр»,-деп жазылған хабарламада. Өткен кезеңде не жасалды? Аралық нәтижелер мен әлеуметтік-экономикалық тиімділік қандай? Бұл туралы 29 маусым мен 5-ші шілде аралығында қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында күн сайын жарияланады. Аптаның әр күні бір тақырыпқа арналады. 29 маусым - Қазақстандық экспорт; 30 маусым - Шағын және орта бизнес; 1 шілде - Аймақтар және адамдар; 2 шілде – Инфрақұрылым; 3 шілде - Инновациялар, энергия үнемдеу, еңбек өнімділігі; 4 шілде – Инвестициялар; 5 шілде - Қазақстандық мазмұн күні. 5 шілде күні таңғы 9 - 11 сағат аралығында «Transport tower» ғимаратында ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының Ашық есік күні өтеді. Бұл іс-шарада мемлекеттік органдар мен институттардың өкілдері өз қызметінің аясын баяндайды және де «Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізімі» ақпараттық жүйесінің тұсаукесеріне арналған отандық тауар өндіруші компаниялардың фотокөрмелері мен диалогтық алаң және дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Келушілер ҮИИД бағдарламасы бойынша сұрақтарына жауап алады. Мысалы, инновациялық грант алу жолдары, «Өнімділік-2020» бағдарламасына қатысу, Индустрияландыру картасына кәсіпорынды енгізу, жобаларды іріктеу критерийлері, инвестициялық жобалардың жалпы құны мен қаржыландыру көздері туралы мәселелерді нақтылауға болады. Сол үшін ҚР ИЖТМ құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдарының жетекшілерімен арнайы кездесу ұйымдастырылады.  
29.06.2013 16:50 3076

2013 жыл - Президенттің индустрияландыру бағдарламасының алғашқы бесжылдығының 4-ші жылы. Бағдарлама әртараптандыру арқылы экономиканың тұрақты және теңгермелі өсуін қамтамасыз етуге және оның бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Мемлекет Басшысы Н.Назарбаев атап өткендей, «екі бес жылдықта біздің экономикамыздың бейнесін өзгерту» міндеті қойылып отыр»,-деп жазылған хабарламада.

Өткен кезеңде не жасалды? Аралық нәтижелер мен әлеуметтік-экономикалық тиімділік қандай?

Бұл туралы 29 маусым мен 5-ші шілде аралығында қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында күн сайын жарияланады.

Аптаның әр күні бір тақырыпқа арналады.

29 маусым - Қазақстандық экспорт;

30 маусым - Шағын және орта бизнес;

1 шілде - Аймақтар және адамдар;

2 шілде – Инфрақұрылым;

3 шілде - Инновациялар, энергия үнемдеу, еңбек өнімділігі;

4 шілде – Инвестициялар;

5 шілде - Қазақстандық мазмұн күні.

5 шілде күні таңғы 9 - 11 сағат аралығында «Transport tower» ғимаратында ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының Ашық есік күні өтеді.

Бұл іс-шарада мемлекеттік органдар мен институттардың өкілдері өз қызметінің аясын баяндайды және де «Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізімі» ақпараттық жүйесінің тұсаукесеріне арналған отандық тауар өндіруші компаниялардың фотокөрмелері мен диалогтық алаң және дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Келушілер ҮИИД бағдарламасы бойынша сұрақтарына жауап алады. Мысалы, инновациялық грант алу жолдары, «Өнімділік-2020» бағдарламасына қатысу, Индустрияландыру картасына кәсіпорынды енгізу, жобаларды іріктеу критерийлері, инвестициялық жобалардың жалпы құны мен қаржыландыру көздері туралы мәселелерді нақтылауға болады.

Сол үшін ҚР ИЖТМ құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдарының жетекшілерімен арнайы кездесу ұйымдастырылады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға