«Қазконтент» журналистер күніне орай флешмоб өткізді
«Қазконтент» Акционерлік қоғамы 28 маусым – Байланыс және ақпарат күні мерекесіне орай Астанада Бәйтеректің жанында флешмоб өткізді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
Ірі қазақстандық интернет компанияның аталмыш шараны өткізуде басты мақсаты – журналистер мамандығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын насихаттау, халықтың назарын өзіне аудару. Флешмобқа «Қазконтент» компаниясының 100-ге жуық қызметкері қатысты. Флешмобты тамашалаған қала тұрғындары мен қонақтары тілшілерді төл мерекесімен құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
«Тілшілер күні құтты болсын! Сіздердің барлықтарыңыз осы Қазақстанның көркеюіне, гүлденуіне еңбек етіп жатсыңдар. Бүгінгі жасаған мерекелік шараларың кез келген адамды қуантады, қуаттандырады, оттандырады. Мен бақыттымын осы дүниені көріп отырғаныма. Немереммен келіп сіздердің қуаныштарыңызбен бірге ортақтасып отырмын», - деді Елорда тұрғыны Ардақ Абылқайдарқызы.
Сонымен қатар, флешмобды өз көзімен тамашалаған Астана тұрғыны Мақпал Тіленішева интернет компанияның мұндай шара арқылы халықтың назарын өзіне аудара білгенін ескеріп өтті.
«Адамдардың барлығының назарын өзіне аудара білді, яғни журналистер қауымы өздерінің дәрежесін бағалай білдірді. Бүкіл халықты өздеріне қарата білді. Мұнда үлкен, кіші – барлығы қарап отыр», - деген пікірімен бөлісті ол.
«Өте қызық би. Ол көптеген жастардың қолынан келе бермейді ғой. Өте қызықтым биге. Керемет», - деген таңданысын жасыра алмады Шымкенттен елордаға қонаққа келген Жандос Болат.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазконтент» компаниясы Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орайластырып бірнеше шара ұйымдастырған. 22-ші маусым күні БАҚ қызметкерлері арасында волейболдан турнир өткізген болатын. Турнир кубогы «Қазконтент» АҚ құрамасына бұйырды.
Сонымен қатар, 29 маусым күні сағат 9:00 - 14:00-ге дейін «Алатау» спорт кешенінде ерлер арасында футболдан турнир өтеді. Оған барлығы 8 команда қатысады: «Қазконтент» АҚ, «Хабар», «24.kz», «Қазақстан» телеарналары, «KzSport», «Керек Инфо» еркін блог жүйесі, «Егемен Қазақстан» мен «Астана Ақшамы» газеттерінің құрамасы қатысады.