Жаңалықтар

Кенжеұлы Аспандияр

Кенжеұлы Аспандияр – Алаш қайраткері, республиканың мемлекеттік басқару салаларын ұйымдастырушы. 1887 жылы Атырау жерінде туған. 1906 жылы Орынбор Мұғалімдер семинариясын бітірген. 1906-1917 жылдары Ілбішін уезінде мұғалім, ІІ басқыш мектептің меңгерушісі, педагогикалық курс пен жоғары бастауыш училищенің оқытушысы. 1917-1919 жылдары Алаш қозғалысына белсене атсалысады. 1917 жылы Орынборда құрылған «Еркін дала» ұйымының құрамында болды. Осы жылы Петроградта өткен Оқу комиссиясы жиналысына барады. 1917 жылы Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына ыждағатпен қатысады. Екінші съезде Алаш Орда үкіметі – Ұлт кеңесіне орынбасар болып сайланды. Алаш әскері жасақталатын кезде Алаш Орданың Торғай әскери кеңесінің мүшелігіне енді. Алаш Орда атынан Колчакпен, Жангелдинмен келіссөз жүргізу шараларына қатысты. 1918 жылдың басында Қаратөбеде өткен Орал облысы қазақтарының съезіне Алаш қозғалысына жергілікті жерлердің белсенділігі қажеттігін айтты. Кейбір деректерге қарағанда, осы шамада ол «Ақ жол» партиясын құрумен де айналысқан. Аталған партия Алашқа тілектес болған. 1919-1920 жылдары 4-Армия мен Батыс Алаш Орданың арасындағы келіссөзге қатысып, кеңестік платформаға шығудың тиімді жолдарын ұсынады. Осы уақыттан бастап Орал облысы Қызылқоға уезінде төңкеріс комитетінің төрағасы, Қазақ өлкелік халық ағарту бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бірыңғай редакциялық алқаның мүшесі. 1920 жылы Қазақ автономиялық республикасы халық ағарту комиссариаты мектептен тыс білім секторының меңгерушісі, саяси ағарту бас комитетінің төрағасы, алқа мүшесі. 1921 жылы маусы-қазан айлары аралығында Халық ағарту комиссарының орынбасары. 1921-1922 жылдары Халық ағарту комиссары. 1922-1924 жылдары Қазақ облыстық партия комитеті үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1924 жылы Қазақ автономиялық республикасы Жұмысшы-шаруа инспекциясы Халық ағарту комиссарының орынбасары. 1924-1928 жылдары Сауда халық комиссары, астананы Қызылордаға көшіру үкіметтік комиссиясының төрағасы. 1928-1929 жылдары КСРО Сауда халық комиссариаты Шикізат өнімдері басқармасы бастығының орынбасары. 1929 жылы Қазақстанның халық шаруашылығы саласы басшылығының жауапты қызметкері. 1929-1930 жылдары Алматы шұға фабрикасының директоры, бүкілодақтық «Қой шаруашылығы» тресі басқармасының өкілі және осы мекеменің Қазақстандағы мекемесінің басшысы. 1931-1932 Семей ет комбинаты құрылысының бастығы. 1932 жылы жаламен сотталған. 1934-1936 жылдары Ашхабатта, Орынборда қызмет істеген. 1937 жылы тағы ұсталып, 1938 жылы нақақ атылған.       
27.06.2013 17:27 3542

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға