Жаңалықтар

Есболұлы Мырзағазы

Есболұлы Мырзағазы – Алаш қозғалысының қайраткері. 1891 жылы Қостанай уезі Аманқарағай болысының №4 ауылында туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң мұғалімдер мектебін бітіріп, қаламгерлік қабілетінің арқасында қазақ, орыс тілдеріндегі мерзімді баспасөзбен тығыз байланыс жасаған. Қолынан келгенше «Айқап» журналына, «Қазақ» газетіне жәрдемдескен. Империя астанасы Петерборда ресми шығып тұрған «Мусульманская газетаның» тілшісі болған. «Қазақта» жарияланған «Жер туралы», «Үлгі алатын іс», «Үлгілі мектеп», «Күнбатыс майданы», «Майданнан хат», «Жұмысшылар жайынан доклад», «Адасқан жігіттер» атты мақалалары белгілі. Монархиялық режим тұсында «Мусульманская газета» басылымында жарық көрген «Вол в степи» («Қырдағы өгіз») атты мақаласы үшін оған 400 сом айып салынған. 1916 жылы әйгілі «июнь жарлығынан» кейін майданға аттанған қазақ жігіттеріне бас-көз болуды ойлап Ә.Бөкейхандармен бірге (сол жылдың соңғы айлары мен 1917 жылдың басында) Минскідегі әскери қосындарды аралайды. Отандастарына арашашы, қорған болады. 1917 жылдың наурыз-сәуір айларында елге келіп, саяси-қоғамдық істерге араласады. Алаш қозғалысына ат салысады. Осы жылы Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. 1929 жылдың 3 ақпанында тергеушіге берген жауабында: «1919 жылғы ақпанда Троицкіде Дутов штабының қамауына, 15 шілдеде Қостанайда Колчактың қамауына түстім» дейді. ҰҚК архивінде қайраткердің Торғай оқиғасына, Таран, Амангелді өліміне қатысты жазба мәлімдемелері тіркелген. Мұнда ол аласапыран кезеңге шынайы баға беріп, көрген-білгенін, түйгенін жасырмай айтқан. 1920 жылдан бастап ол жаңа қоғамның шаруашылық басқару жұмыстарына кірді. 20-жылдардың басында-ақ қуғын-сүргіні аздау Түркістан автономиялық республикасының орталығы Ташкентке қоныс аударды. Мұнда Жер-су комиссариатында, Мемлекеттік сауда басқармасында жауапты қызметтер атқарды. Осы шақта «Ақ жол» газеті мен «Талап» атты қауымының жұмысына атсалысады. Соңғысының басқарма мүшесі болып, Ы.Алтынсариннің қилы тағдыры мен шығармашылығы туралы дәріс оқиды. 1924 жылы қаламгер ресейлік профессор Д.Кудрявскийдің «Как жили люди в старину» атты танымдық зерттеу кітабын «Арғы мәдениет» деген атпен аударып шықты. Қайраткер 30-жылдардың басында саяси айдауда М.Дулатұлымен бірге болады. Осында қосымша фельшерлік курсті бітіріп, кіші дәрігерлік қызмет істейді. Ол 1938 жылы наурызда нақақ атылады. Әдебиеттер: 1. Қамзабекұлы Д. Руханият. Алматы, 1997 2. Дулатова Г. Шындық шырағы. Алматы, 1998
27.06.2013 17:17 4849

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға