Жаңалықтар

Ермек Әлімхан Әбуұлы

Ермек Әлімхан Әбуұлы – мемлекет және қоғам қайраткері, ұлтымыздан шыққан тұңғыш математика профессоры. 1891 жылы Қарқаралы уезі жерінде (қазіргі Қарағанды обл. Ақтоғай ауд.) туған. 1912 жылы Семей гимназиясын бітіріп, Том технология институтына түскен. 1913 жылы ғалым Г.Потаниннің қазақ жеріне келген арнайы сапарында ауыз әдебиеті үлгілерін жинауына көмектесіп, мұраларды орыс тіліне аударып береді. 1917 жылы ақпан төңкерісінен соң Томдағы оқуын 5-курстан үзіп, Алаш қозғалысына белсене араласады. Сол жылы І жалпықазақ съезіне Семей облысынан делегат болып қатысады, ал ІІ жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметіне мүше болып сайланады. 1917-1918 жылдары қайраткер Алаш автономиясы, Уақытша Сібір үкіметі, Комуч, Башқұрт үкіметі, Сібір облыстық думасы, Уфа директориясы атынан Колчактың Омбы үкіметімен келіссөздер жүргізіп, саясат айдынына көтеріледі. 1918 жылы 2 сәуірде Ә.Бөкейхан және Х.Ғаббасұлымен бірге Семейден тікелей байланыс арқылы большевик басшылар - Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы В.И.Ленинмен және Ұлт істері халық комиссары И.В.Сталинмен Алаш автономиясын тану жөнінде келіссөз жүргізеді. 1919 жылы Семей губревкомының мүшесі, өлкелік әскери-революция комитетінің мүшесі әрі төралқа төрағасы болды. 1920 жылдың 17 тамызында Ленин төрағалық еткен мәжілісте болашақ ҚазКСР шекарасын белгілеу мәселесі бойынша баяндама жасап, қазақ жерінің тұтастығын қорғап қалады. 1921-22 жылдары Қарқаралыда халық ағарту жүйесінде жұмыс істеді. 1923 жылы Томдағы оқуын бітірді. 1924-1925 жылдары Семей губревком атқару комитеті мен жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары. 1925-1926 жылдары ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары. 1926 жылы бірыңғай білім саласына қызметке көшіп, Қазақ педагогика институтында оқытушы, жаратылыстану-математика факультетінің деканы, Қазақ мемлекеттік педагогика институтында доцент, 1932-1935 жылдары Қазақ мал дәрігерлік институтында доцент, профессор, кафедра меңгерушісі. 1935-1937 жылдары Қазақ тау-кен,металлургия институтында профессор, математика және теориялық механика кафедрасының меңгерушісі, 1938 жылы Куйбышев жоспарлау институтында кафедра меңгерушісі, 1947-1948 жылдары Шымкент технология институты математика кафедрасының меңгерушісі, 1955-1958 жылдары Қарағанды тау-кен институтының аға оқытушысы қызметтерін атқарады. 1958 жылдан кейін ғылыми-педагогтік қызметтен біржола шеттелді. Қайраткер 1930-1932 жылдары Алматыда 2 жыл түрмеде отырады. 1938-1947 жылдары репрессияға ұшырап, көп азап тартады. 1948 жылы қайта қамауға алынып, 1955 жылға дейін абақтыда болады. Қайраткер 1970 жылы Қарағандыда дүниеден озады.  
27.06.2013 17:16 4824

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға