Жаңалықтар

Бірімжан Ахмет Қорғанбекұлы

Бірімжан Ахмет Қорғанбекұлы – көрнекті Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер. 1871 жылы Торғай уезі Тосын болысының №1 ауылында туған. Шақшақ Жәнібек батырдың тікелей ұрпағы. 1891 жылы Орынбор ерлер гимназиясын, 1895 жылы Қазан университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. Университетті бітірген соң Орынбор округтік сотының кандидаты, Торғай облысының бітімші соты қызметін атқарады. Кейбір деректерде Троицк округтік, Ақтөбе уездік соттарында қызмет еткені айтылады. Халық ортасында әділдігімен көрінген қайраткер Торғай облысынан І және ІІ Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған. Думада мұсылман фракциясы төрағасының орынбасары қызметін атқарған. І Думаның 2 шілдедегі мәжілісінде қазақ депутаттарын аграрлық комиссияға енгізу туралы мәселе қояды. 1906 жылы 4 маусымда Қазақ даласына заңсыз орналасушылар мен олардың орынсыз басып алған жерлері туралы бір топ қайраткерлермен бірге Министрлер кеңесіне сұрау салады. ІІ Думада қазақтың жеріне байланысты нақты мәселе көтеріп, мұсылман фракциясы қатысқан аграрлық заң жобасын даярлауға қатысады. Сондай-ақ осы Думада әскери дала соттарын жою жөнінде заң жобасын даярлайтын комиссияның құрамына кіреді. ІІ Дума таратылғанда оны қазақ жеріне жібермей, Бузлук қаласына сот тергеушісі етіп тағайындайды. Қайраткер мұнда төңкеріске дейін болады. 1917 жылғы ақпан төңкерісінен соң Уақытша үкіметтің алғаш Торғай уездік комиссары, сонан соң Қостанай уездік комиссары болып тағайындалды. Осы жылы сәуірде және тамызда өткен Ақтөбе және Торғай облысы қазақтарының съезіне қатынасады. Осы шамада жаңа сот жүйесінің жобасын даярлау комиссиясының құрамына енеді. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен бірінші жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік құрылтайға депутат ретінде сайланады. 5-13 желтоқсанда өткен екінші жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі – Ұлт Кеңесінің құрамына енеді. 1918-26 жылдары Семейде заң кеңесшісі, Орынбор мен Қызылорда қаласында, яғни Қазақ АКСР-і Ішкі істер халкоматы мен заң орындарында жауапты қызметтер атқарады. Заң комиссариатының алқа мүшесі және Қазақ АКСР Жоғары сотының мүшесі болады. Алаш қайраткерлері оны таза, иманды, білімді әрі білікті деп бағалап, большевизм саясатының заңдық-заңсыз негіздері бойынша жиі ақылдасып отырған. Қайраткер 1927 жылы 5 қаңтарда Ленинградта қайтыс болған. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне Мәскеу мен Ленинградта жүрген Алаш азаматтары түгел қатысқан. М.Дулатұлы мұнақып жазған.
27.06.2013 17:14 6667

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға