Ж.Таймағамбетов: Қазақстан тарихын оқытуды тәртіпке келтіретін уақыт жетті
«Көптеген техникалық жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихына бөлінген кредиттер саны жыл сайын қысқартылып жатқаны жасырын емес. Тіпті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі республикалық оқу-әдістемелік кеңесте кейбір техникалық оқу орындарының басшылары жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан тарихын оқытпау туралы ұсыныс жасаған кездер болды. Мұндай мәселе біздің университетте де көтерілді. Ол кезде мен Қазақстан тарихын оқытудан бас тартуға болмайтынын айтып едім», - деді Ж.Таймағамбетов.
Оның сөзіне қарағанда, бұған аталған пән бойынша оқулықтардың саны анағұрлым көп болуына байланысты орта мектеп оқушылары мен студенттер Қазақстан тарихының бұрмаланған нұсқасын оқуына мәжбүр болуы себеп болып отыр.
«Соңғы он жылда оқу құралын жазудың методологиясын білмейтін, тарихтан хабары жоқ адамдардың қолынан көптеген оқулықтар шықты. Бұл кітаптарда тіпті Ұлы Отан соғысы Қазақстанға қатысы жоқ оқиға ретінде қарастырылған», - деп түйіндеді тарихшы.