Жаңалықтар

NASA астрономдары өмір сүруге қолайлы үш ғаламшарды анықтады

NASA астрономдары кем дегенде алты ғаламшардан тұратын жүйенің анықталғаны туралы хабарлады. Олардың үшеуі өмір сүруге жарайтын болып шықты, деп Reuters-ке сілтеме жасай отырып РБК ақпарат таратты. «Анықталған ғаламшарлар Жерден 22 жарық жылдағы қашықтықта орналасқан Gliese 667C жұлдызын айнала қозғалады. Алты ғаламшардың үшеуі жұлдыздан белгілі бір қашықтықта орналасқан, сол арқылы ғаламшар бетінде сұйық формасындағы су қалыптасады», - делінген ақпаратта.  Барлық үш ғаламшар көлемі бойынша Жерден үлкен, Нептуннан кіші болып келеді.
26.06.2013 12:20 3445

NASA астрономдары кем дегенде алты ғаламшардан тұратын жүйенің анықталғаны туралы хабарлады. Олардың үшеуі өмір сүруге жарайтын болып шықты, деп Reuters-ке сілтеме жасай отырып РБК ақпарат таратты.

«Анықталған ғаламшарлар Жерден 22 жарық жылдағы қашықтықта орналасқан Gliese 667C жұлдызын айнала қозғалады. Алты ғаламшардың үшеуі жұлдыздан белгілі бір қашықтықта орналасқан, сол арқылы ғаламшар бетінде сұйық формасындағы су қалыптасады», - делінген ақпаратта. 

Барлық үш ғаламшар көлемі бойынша Жерден үлкен, Нептуннан кіші болып келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға