Жаңалықтар

Қ.Баталов: Тұтас халық пен ғалымдардың тарихи санасын өзгерту қажет

Астанадағы Қазақстан тарихшыларының форумындағы тарих ғылымы мен білімін дамытудың белгіленген бағыты тұтас халық пен ғалымдардың тарихи санасын өзгертуге қабілетті, деп санайды С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің тарих кафедрасының доценті Қайрат Баталов. «Астанадағы өткен Қазақстан тарихшыларының форумы бүгінгі таңдағы тарих білімінің өзектілігін ашық айттуға мүмкіндік берді. Көтерілген мәселелер бүгінге дейін шешім таппай келген болатын. Тарих ғылымы мен білімін дамытудың белгіленген бағыты тұтас халық пен ғалымдардың тарихи санасын өзгертуге қабілетті», - деді Қ. Баталов. «Тарихи үдерістерді айқын талдауға қатысты көтерілген мәселелердің негізі бар. Қазақстанда бұл ғылыммен айналысып жүргендерді саусақпен санауға болады. Яғни ғылыми мектептердің пайда болуы туралы айтуға әлі ертерек. Иделогиялық тұсауларды алып тастау тарихшылардың зерттеу аясын кеңетуі тиіс еді, бұл болған жоқ. Плюрализм Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін түрлі тіпті бір біріне қайшы  бағалауды дүниеге әкелді», - деп атап өтті. Тарихшының айтуына қарағанда, сиппаттау әдісінің бел алуы жұртқа тарихшы болу үшін оқудың қажеті жоқ деген ой тудырды.  Нәтижесінде тарихқа қатысты кездейсоқ еңбектер пайда болды, онда өз атасын дәріптеген сол арқылы өзін мақтаған толғамдар жасалынған. «Басқарушы топтағылар Қазақстан мемлекеттілігінің негізін барын, халықтың тәуелсіздікке жетуін жүйелі түрде зерттеу қажеттілігін ұсынғаны жақсы болды», - дейді Қ.Баталов. «М. Тәжин білім мекемелерінде тарихқа қатысты өзгерістің қажеттілігін оның жастар арасында патриоттық пен тарихи сана қалыптастыруға қатыстылығын атап өтті», - деп отыр тарих кафедрасының доценті. Қ. Баталова, жастар арасында тарих пәнінің маңыздылығы төмендеп кетті деп санайды. «ҚР білімді дамытудың 2011-2020 бағдарламасында «Қазақстан тарихы» пәнін мектептегі жоғарғы сынып оқушылары мен тарих емес мамандықтарға оқытуды ауыстыруды жағдайды ушықтырып тұр. Еліміздегі тарихшы мамандарды даярлау жайы, негізгі әрі фундаменталдық дайындықты қамтамасыз ететін базалық пәндерді алып тастау қатты алаңдатуда. Типтік оқу жоспарында Шығыс пен Батыс елдерінің жаңа және жаңаша тарихын игеру 540 сағаттан 45 сағатқа азайтылды. Қазақстанның көне және ортағасырлық тарихын оқыту 45 сағат аудиториялық сабақпен шектелген. Бұл тарихшы маманды сапалы әрі негізді түрде дайындауға мүмкіндік бермейді», дейді тарихшы. К. Баталов Мемлекеттік хатшының баяндамасынан кейін аталған мәселелер шешімін табады деп сенеді.
26.06.2013 12:09 3326

Астанадағы Қазақстан тарихшыларының форумындағы тарих ғылымы мен білімін дамытудың белгіленген бағыты тұтас халық пен ғалымдардың тарихи санасын өзгертуге қабілетті, деп санайды С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің тарих кафедрасының доценті Қайрат Баталов.

«Астанадағы өткен Қазақстан тарихшыларының форумы бүгінгі таңдағы тарих білімінің өзектілігін ашық айттуға мүмкіндік берді. Көтерілген мәселелер бүгінге дейін шешім таппай келген болатын. Тарих ғылымы мен білімін дамытудың белгіленген бағыты тұтас халық пен ғалымдардың тарихи санасын өзгертуге қабілетті», - деді Қ. Баталов.

«Тарихи үдерістерді айқын талдауға қатысты көтерілген мәселелердің негізі бар. Қазақстанда бұл ғылыммен айналысып жүргендерді саусақпен санауға болады. Яғни ғылыми мектептердің пайда болуы туралы айтуға әлі ертерек. Иделогиялық тұсауларды алып тастау тарихшылардың зерттеу аясын кеңетуі тиіс еді, бұл болған жоқ. Плюрализм Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін түрлі тіпті бір біріне қайшы  бағалауды дүниеге әкелді», - деп атап өтті.

Тарихшының айтуына қарағанда, сиппаттау әдісінің бел алуы жұртқа тарихшы болу үшін оқудың қажеті жоқ деген ой тудырды.  Нәтижесінде тарихқа қатысты кездейсоқ еңбектер пайда болды, онда өз атасын дәріптеген сол арқылы өзін мақтаған толғамдар жасалынған.

«Басқарушы топтағылар Қазақстан мемлекеттілігінің негізін барын, халықтың тәуелсіздікке жетуін жүйелі түрде зерттеу қажеттілігін ұсынғаны жақсы болды», - дейді Қ.Баталов.

«М. Тәжин білім мекемелерінде тарихқа қатысты өзгерістің қажеттілігін оның жастар арасында патриоттық пен тарихи сана қалыптастыруға қатыстылығын атап өтті», - деп отыр тарих кафедрасының доценті.

Қ. Баталова, жастар арасында тарих пәнінің маңыздылығы төмендеп кетті деп санайды.

«ҚР білімді дамытудың 2011-2020 бағдарламасында «Қазақстан тарихы» пәнін мектептегі жоғарғы сынып оқушылары мен тарих емес мамандықтарға оқытуды ауыстыруды жағдайды ушықтырып тұр. Еліміздегі тарихшы мамандарды даярлау жайы, негізгі әрі фундаменталдық дайындықты қамтамасыз ететін базалық пәндерді алып тастау қатты алаңдатуда. Типтік оқу жоспарында Шығыс пен Батыс елдерінің жаңа және жаңаша тарихын игеру 540 сағаттан 45 сағатқа азайтылды. Қазақстанның көне және ортағасырлық тарихын оқыту 45 сағат аудиториялық сабақпен шектелген. Бұл тарихшы маманды сапалы әрі негізді түрде дайындауға мүмкіндік бермейді», дейді тарихшы.

К. Баталов Мемлекеттік хатшының баяндамасынан кейін аталған мәселелер шешімін табады деп сенеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға