Жаңалықтар

"Күшің жетсе — үзіп кет", "Жапалақтар мен қарлығаштар", "Ортаға түспе

«Күшің жетсе — үзіп кет» — ұлттық ойын. Ойнаушылар кең алаңга, не мектеп ауласына жиналып келіп, екі топқа бөлінеді. Екі топ -15—20 қадамдай қашықтықта біріне-бірі қарама-қарсы тұрысады. Бір жағында тұрган балалар былай деп шақырады. Қаңжығадан қан керек Тебінгіден тер керек, Сонау топтың ішінен, Әлі-күші кем сен керек! — деп, қарсы топтың біреуін нұсқап көрсетеді. Шақырылған бала ұстасып тұрған топтың бір жерінен бар пәрменімен үзіп өтуге тырысады. Үзіп шықса, сол жерден екі ойыншыны өз тобына алып кетеді. Үзе алмаса, қарсы топта қалып қояды. Белгіленген уақытқа дейін қай жағының «тұтқыны» көп болса, сол жағы ұтқан болып есептеледі. Ойын дене күшін шыңдауды, оны орынды пайдалануды үйретеді. Жапалақтар мен қарлығаштар — ұлттық ойын. Ойын кең, жазық алаңда өтеді. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді де бірінің арқасына бірі арқасын қаратып, екі сан құрып тұрады. Бір қатардағыларды жапалақтар екіншісін қарлығаштар деп атайды. Орталарынан біреуін ойын жүргізуші етіп алады. Ол ойыншылардың арасынан жүріп отырып, сөзін үзіп-үзіп, созып сөйлейді: қар-үзіліс-лығаш немесе жа..., ал сөз аяғын айтпайды. Сонда аты аталған топ бытырап қаша жөнеледі де, аты толық аталмаған топ оларды қуады. Ұсталған ойыншы үстаған топтың ойыншыларының қатарына қосылады. Ойын тәртібі: қашушылар мен ұстаушылар алдын ала келісілген белгі бойынша ұсталғанын мойындайды. Ол үшін қашушы ойыншы қолын тигізсе болды. Қай топтың жеңгенін ойын соңында қайсысының саны көп болса, соған қарай шешеді. «Ортаға түспек» — ұлттық ойын. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді. Ойын үлкен алаңда өту тиіс. Ортадан көп ойыншы сиярлықтай үлкен төрт бүрыш сызылады. Бірінші топ сол төрт бұрыштың ішіне енеді де, екінші топ сырттан орын алады. Ойын басталған соң сырттағы ойыншылар тік төрт бұрыштың ішіндегі ойыншыларды бір доппен дәлдеп ұра бастайды. Доп тиген ойыншы сызықтың сыртына шығарылады. Егер ол допты денесіне дарытпай, әрі жерге түсірмей қағып алса, сыртқа шығарылғандардың біреуін қайта кіргізіп алады. Тік төрт бұрыштың ішінде жалғыз ойыншы қалғанда, ұтып жатқан топ оған 10 не 20 рет сызықты айнала жүгіруге айып бұйырады. Ол бұл сыннан сүрінбей өтсе, сырттағы өз тобын түгел ішке кіргізіп алады. Егер айнала алмай, құлап қалса, өзі де сыртқа шығып, ішке ұтқан топ кіреді. Ойын төзімділікке, күш-қуатты молайтуға, нерві жүйелерін шыңдауға жаттықтырады.
26.06.2013 07:46 7644

«Күшің жетсе — үзіп кет» — ұлттық ойын.

Ойнаушылар кең алаңга, не мектеп ауласына жиналып келіп, екі топқа бөлінеді. Екі топ -15—20 қадамдай қашықтықта біріне-бірі қарама-қарсы тұрысады. Бір жағында тұрган балалар былай деп шақырады.

Қаңжығадан қан керек
Тебінгіден тер керек,
Сонау топтың ішінен,
Әлі-күші кем сен керек!

— деп, қарсы топтың біреуін нұсқап көрсетеді. Шақырылған бала ұстасып тұрған топтың бір жерінен бар пәрменімен үзіп өтуге тырысады. Үзіп шықса, сол жерден екі ойыншыны өз тобына алып кетеді. Үзе алмаса, қарсы топта қалып қояды. Белгіленген уақытқа дейін қай жағының «тұтқыны» көп болса, сол жағы ұтқан болып есептеледі. Ойын дене күшін шыңдауды, оны орынды пайдалануды үйретеді.

Жапалақтар мен қарлығаштар — ұлттық ойын.

Ойын кең, жазық алаңда өтеді. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді де бірінің арқасына бірі арқасын қаратып, екі сан құрып тұрады. Бір қатардағыларды жапалақтар екіншісін қарлығаштар деп атайды. Орталарынан біреуін ойын жүргізуші етіп алады. Ол ойыншылардың арасынан жүріп отырып, сөзін үзіп-үзіп, созып сөйлейді: қар-үзіліс-лығаш немесе жа..., ал сөз аяғын айтпайды. Сонда аты аталған топ бытырап қаша жөнеледі де, аты толық аталмаған топ оларды қуады. Ұсталған ойыншы үстаған топтың ойыншыларының қатарына қосылады.

Ойын тәртібі: қашушылар мен ұстаушылар алдын ала келісілген белгі бойынша ұсталғанын мойындайды. Ол үшін қашушы ойыншы қолын тигізсе болды. Қай топтың жеңгенін ойын соңында қайсысының саны көп болса, соған қарай шешеді.

«Ортаға түспек» — ұлттық ойын.

Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді. Ойын үлкен алаңда өту тиіс. Ортадан көп ойыншы сиярлықтай үлкен төрт бүрыш сызылады. Бірінші топ сол төрт бұрыштың ішіне енеді де, екінші топ сырттан орын алады. Ойын басталған соң сырттағы ойыншылар тік төрт бұрыштың ішіндегі ойыншыларды бір доппен дәлдеп ұра бастайды. Доп тиген ойыншы сызықтың сыртына шығарылады. Егер ол допты денесіне дарытпай, әрі жерге түсірмей қағып алса, сыртқа шығарылғандардың біреуін қайта кіргізіп алады. Тік төрт бұрыштың ішінде жалғыз ойыншы қалғанда, ұтып жатқан топ оған 10 не 20 рет сызықты айнала жүгіруге айып бұйырады. Ол бұл сыннан сүрінбей өтсе, сырттағы өз тобын түгел ішке кіргізіп алады. Егер айнала алмай, құлап қалса, өзі де сыртқа шығып, ішке ұтқан топ кіреді. Ойын төзімділікке, күш-қуатты молайтуға, нерві жүйелерін шыңдауға жаттықтырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға