"Аш қасқыр", "Қара сиыр", "Шалма тастау"
«Аш қасқыр» — кең жазықта ойналатын халықтың ең көне ойындарының бірі. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Алдымен ойынға жиылған жастар орталарынан біреуін «аш қасқыр» деп белгілейді. Сонан соң алаңның бір шетінен шеңбер сызып, оны қасқырдың апаны деп атайды. Осының бәрін орындап болған соң, ойыншылар өздеріне басқарушы етіп бір ойыншыны тағайындайды. Қалған ойыншылар басқарушының артынан тізіліп тұрады да бірінің белдігінен бірі ұстасады. Ойын басталады. «Аш қасқыр» шабуылға шығады. Ойын басқарушы екі қолын жайып, оның қарсы алдынан шығып, кес-кестеп, бөгет жасайды. «Қасқыр» қайтсе де «қойларды» ұстауға тырысады. Егер бұл «аң қасқырдың» қолынан келсе, ұстаған «қойларды» өзінің апанына «апарады», олар сол «апанда» ойын біткенше қала береді. Ойын соңғы ойыншыға дейін ойнала береді де, қайта басталады.
«Қара сиыр» — ұлттық ойын.
Ойын көбінесе далада, көгалды жерде, кең аулада ойналады. Ойынға кіші, орта буын мектеп оқушылары қатынасады. Ойынға 3 не 10, одан да көп ойыншы қатынасады. Көбінесе ойынға қара зат таңдап алынады (ескі малақай, құм салған дорба т. б.). Ойынға қатынасушылар шеңбер құрып, көздерін жұмып түрысады. Ойынды басқарушының берген бұйрығымен бір ойыншы шеңберден шығып, тығуға әзірленген затты алып тығылады. Ойынға қатынасушылардың міндеті — сол тыққан затты іздеп табу. Егер тығылған зат табылса, ойын жүргізуші ойынға қатынасушылардың барлығына естірте дауыстап жариялайды да, барлығын табылған заттың төңірегіне жинайды. Заттың иесі өз затын қорғайды да, басқалары оны алдап-сулап, көңілін басқа жаққа бұрып әлгі затты тартып алуға тырысады. Затты кім ала алатын болса, сол затты тығушы қызметін атқарушы болады да, қалғандары қайта шеңбер құрысып көздерін жұмады. Ойын осы тәртіппен жүре береді. Ойын таза ауада дем алуға, ойлауға, тапқырлыңқа баулиды.
Шалма тастау — ұлттық ойын.
Ойынға қатынасушылар жиналып келіп, алаңды жерді таңдап алады. Сол жерден көн белгіленеді, он метр жерге қазық қағылады немесе бұтағын жоғары қаратып, қу томар тасталады. Содан кейін ұзындығы сол қазыққа немесе томарға еркін жететіндей арқан әзірленіп, бір жағын ілмектеп, шалма жасайды. Орталарынан біреуін ойын жүргізуші етіп тағайындайды да, соның басқаруымен жиналғандар кезектесіп әлгі қағылған қазыққа немесе томардың бұтағына шалманы кезектесіп тастай бастайды. Ол үшін белгіленген көнбеде тұрған ойыншы, арқанның бір ұшын сол қолына ұстайды да, екінші шалма жағын оң қолының шынтағына орап, шеңберлеп алады да қазыққа не томарлы бұтаңқа лаңтырады.
Ойынға қатынасушылардың санына қарай кезек төрт-бес қайталанады. Шалманы нысанаға кім көп түсірсе, сол жеңеді. Жеңіске жеткен ойыншының құрметіне өлең айтылып, ән шырқалады. Ойын жалғаса береді.