"Қыз қуу"
Қыз қуу — қазақ халқының өте көне ойындарының бірі. Ол республикамыздың халықтарының арасында кеңінен тараған ұлттық ат ойыны тобына жатады. Сонау ертеден келе жатқан спорт ойыны, ертеде «Қыз қашар», «Қыз қуалар» деп аталғаны болмаса, біздің заманымызға дейін оншама өзгеріссіз жеткенін атап өтуіміз керек. Бұл жарыс өзінің түрі жағынан біздің заманымыздан бұрын қандай болса, қазірде сол күйінде қалды. Сол заманғы тәртіп бойынша жарыс жігіт пен оның қалыңдығы арасында өткізілген (біздің заманымыздан бұрын VIII—VII ғасырларда Қазақстанның территориясын жайлаған кейбір рулардың арасында осындай тәртіп болған). Егер жігіт жарыста жеңілсе, ол өзіне қойылатын талапты ақтай алмағаны үшін оның қызбен некелесуге құқы болмаған. Ертедегі аңыз-ертегілерге қарағанда, қазақтарда тағы бір мынадай әдет-ғұрып болған. Осы әдет бойынша жарысқа екі рудың қыз бен жігіті түскен. Жігіттің жеңілуі оған салынатын айыппен қоса, өз руында еті тірі жігіт пен жүйрік атының жоқтығы үлкен кемістік болып табылған. Егер қыз жеңілген деп табылса, оның жағының келісімі бойынша, ешқандай қалыңсыз-ақ ол жеңген жігітке тұрмысқа шығады.
Бұл сияқты ескі әдет әлдеқашан ұмыт болды. Қазіргі қыз қуу өзінің идеялық мазмұны жағынан одақтағы ұлт республикаларының мәдениетіне енген халықтың спорттардың қай-қайсысынан болса да кем түспейді.
Қазіргі кездегі қыз қуу спорт жарысында күшті теңдестіру үшін әлсіз жаққа берілетін тиімді шартты еске салады. Жарыс мынадай тәртіппен өткізіледі. Сөреге қыз бен жігіт шақыралады. Жігіт қыздан 10—15 метр кейін тұрып жарысқа қосылады.
Жігіт қызды қуып жетсе, өзінің жеңгендігін білдіру үшін оның білегінен орамалды алуға тырысады. Ал қыз оның керісінше, қуғыншыдан қашып құтылып, сөреге бұрын жетуге әрекет жасайды.
Қыз қуу-ды қазіргі бағытымен келешекте де дамытудың үлкен спорттық маңызы бар. Оны ұлттық спорт ойындарының қызғылықты бір түріне айналдыру үшін мүмкіншілік толық. Ол өзінің маңызы жағынан дене тәрбиесін беруде бүгінгі талапқа толық сай келеді.
Қыз қуу «Манас» эпосында:
Боз бала, жігіт аралас,
Қыз-келінменен жарысып,
Қызық өзен бойласып,
Қызығысып қырандар
Қыз қууспай ойнасып,
Талықпай көшіп, бел байлап
Таласты көздей бет алып,
Ел шұрқырап, шу болып
Ер қуанып, ду болып,
Кіндік кесіп, кір жуған
Жеріне көшіп келе жатад.
Қыз қу жөніндө ел аузында да төмендегідей шумақтар айтылатын:
Қыз, жігіті қырғыздың,
Ғасырлап ойнайд қыз куу!
Қыз қуу ойнын қарасаң,
Қызығына ел батып,
Қиқырып дулап тік тұрмай!
Қыз қуу ойны қырғыздың,
Ежелден қалған салты екен!
Еңкейіп жандап жарысып,
Қызға жетсе жігіті,
Бұралтып тұрып қыз сүю,
Байырдан қырғыз нарқы екен!
Ал енді қырғыз-қазақтың белгілі ақыны Жалил Садықтың:
Ойынның бірі қыз қуу,
Күліктер көкте сызшудай.
Тізгінді шауып жөнелсе,
Жігіті – сұңқар, қыз - қудай!
Ойын деп шіркін осыны айт,
Көргенде кімдер қызықпайд.
Жігіті жетіп қызды сүйсе,
Көзіңе сүйкім ұшырайд,
- деген жыры бұл ойын жөнінде небір көркем елес беріп тұрады.