Жаңалықтар

"Бөрік теппек", "Тауық күрес", "Атқаума"

Бөрік теппек — ұлттық ойын. Бұл ойын жаздыгүні көгалда, алаңда, ашық далада ойналады. Ойынға 2 ойыншыдан 20-ға дейін қатынаса береді. Ойынға жиылғандар қатар-қатар сан құрып тұрады да, қолдарындағы көлемі бірдей тасты не допты (кішірек) кезектесіп лақтырады. Ең жаңын түскен тастың, не доптың иесі лақтырылған барлық тастарды (не доптарды) жиып әкеліп ойыншылардың әрқайсысына үлестіріп береді. Лақтырушылардың ішінде кімде-кім үш рет барлығынан алысқа лақтырса, сол жеңімпаз атанып ойыннан шығады. Ойын сол тәртіппен жүре береді де, екінші және үшінші жеңімпаздар белгіленеді. Тас не доп түскен жердің алыс-жақындығы лақтырылған заттың алғашқы түскен орыны болып белгіленеді. Бұл ойын қатынасушыларды алысқа лақтыра білуге жаттықтырып, таза ауада дем алып, денелерін шыңдауға мүмкіншілік жасайды. Тауық күрес — ұлттық ойын. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Осы екі жақтан екі жігіт ортаға шығып, кәдімгіше күрес жасайды. Оның ең қызыгы да, басқаша күрестен айырмасы да тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп, иықтарымен қағысып, күресуінде, бұл адамның нық басып, орнықты жүруін жеңілдетеді. Күресетіндердің бір аягын тізесіне бүгіп, мата белбеумен байлап тастайды. Сол аяқты, егер оң жақ аяғы бүгулі болса, сол жақ қолын; сол жақ аяғы бүгулі болса, оң жақ қолын шынтағынан бүгіп байлайды. Сонда күресушілердің екеуі де тек бір аяқ, бір қолымен жүріп күреседі. Күресушілерді екі жақтың ойынбасылары сүйемелеп әкеліп ұстастырады, қайсысы сүрініп жығылса, сол ұтылады.   Атқаума. Бір топ бала алаңға немесе дене шынықтыру залына жиналады да, ортаға екі бала шығады. Бірінші бала өзінің сол қолымен оң қолының білегінен мықтап ұстайды, екінші бала да осылай істейді. Бұдан соң екі бала бос тұрған оң қолдарымен бірінің білегінен бірі ұстап, айқасқан 4 қолдың басынан «орындық» жасайды да, соған үшінші баланы аяғын салбыратып отырғызады. Атқаума, атқаума, Арқар атқан қай тауда? — деп оны көтеріп алып жүреді де, бір жұмсақтау жер кездескенде: Атқаума, атқаума, Арқар атқан ақ тау ма? Көк тау ма? Көк тау болса, Көп тау ма? Ал тастадық бұл тауға, — деп қол үстінде отырған баланы жерге тастап жібереді. Отырған бала жығылмай, ептілікпен ғана тез ыршып түсу үшін әрқашан сақ және жинақы отыруы керек. Жығылып қалса, ұпай тартады, жығылмай кетсе, қолдың үстіне әлгі екі баланың бірі отырады. Ойын осы тәртіппен жүре береді. Қолдың үстінде отырған ойыншыны «Лақтырып» тастауға, әдейлеп жығуға болмайды. Мұнда шапшаңдық пен ептілік керек.   
26.06.2013 05:48 5297

Бөрік теппек — ұлттық ойын.

Бұл ойын жаздыгүні көгалда, алаңда, ашық далада ойналады. Ойынға 2 ойыншыдан 20-ға дейін қатынаса береді.

Ойынға жиылғандар қатар-қатар сан құрып тұрады да, қолдарындағы көлемі бірдей тасты не допты (кішірек) кезектесіп лақтырады. Ең жаңын түскен тастың, не доптың иесі лақтырылған барлық тастарды (не доптарды) жиып әкеліп ойыншылардың әрқайсысына үлестіріп береді. Лақтырушылардың ішінде кімде-кім үш рет барлығынан алысқа лақтырса, сол жеңімпаз атанып ойыннан шығады. Ойын сол тәртіппен жүре береді де, екінші және үшінші жеңімпаздар белгіленеді.

Тас не доп түскен жердің алыс-жақындығы лақтырылған заттың алғашқы түскен орыны болып белгіленеді. Бұл ойын қатынасушыларды алысқа лақтыра білуге жаттықтырып, таза ауада дем алып, денелерін шыңдауға мүмкіншілік жасайды.

Тауық күрес — ұлттық ойын.

Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Осы екі жақтан екі жігіт ортаға шығып, кәдімгіше күрес жасайды. Оның ең қызыгы да, басқаша күрестен айырмасы да тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп, иықтарымен қағысып, күресуінде, бұл адамның нық басып, орнықты жүруін жеңілдетеді.

Күресетіндердің бір аягын тізесіне бүгіп, мата белбеумен байлап тастайды. Сол аяқты, егер оң жақ аяғы бүгулі болса, сол жақ қолын; сол жақ аяғы бүгулі болса, оң жақ қолын шынтағынан бүгіп байлайды. Сонда күресушілердің екеуі де тек бір аяқ, бір қолымен жүріп күреседі. Күресушілерді екі жақтың ойынбасылары сүйемелеп әкеліп ұстастырады, қайсысы сүрініп жығылса, сол ұтылады.

 

Атқаума. Бір топ бала алаңға немесе дене шынықтыру залына жиналады да, ортаға екі бала шығады. Бірінші бала өзінің сол қолымен оң қолының білегінен мықтап ұстайды, екінші бала да осылай істейді. Бұдан соң екі бала бос тұрған оң қолдарымен бірінің білегінен бірі ұстап, айқасқан 4 қолдың басынан «орындық» жасайды да, соған үшінші баланы аяғын салбыратып отырғызады.

Атқаума, атқаума,
Арқар атқан қай тауда?

— деп оны көтеріп алып жүреді де, бір жұмсақтау жер кездескенде:

Атқаума, атқаума,
Арқар атқан ақ тау ма?
Көк тау ма?
Көк тау болса, Көп тау ма?
Ал тастадық бұл тауға,

— деп қол үстінде отырған баланы жерге тастап жібереді. Отырған бала жығылмай, ептілікпен ғана тез ыршып түсу үшін әрқашан сақ және жинақы отыруы керек. Жығылып қалса, ұпай тартады, жығылмай кетсе, қолдың үстіне әлгі екі баланың бірі отырады. Ойын осы тәртіппен жүре береді. Қолдың үстінде отырған ойыншыны «Лақтырып» тастауға, әдейлеп жығуға болмайды. Мұнда шапшаңдық пен ептілік керек. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға