Жаңалықтар

"Таяқ жүгірту", "Атшылар жарысы", "Бөрік теппек"

«Таяқ жүгірту» — ұлттық ойын. Қары қалың қыста ойналатын ойын. «Таяқ жүгірту» ойыны 10—15 жігіттің қатысуымен қарлы жерде өтеді. Ойынға қатынасушы әр жігіттің қолында ұзындығы 2—3 метрдей жонылған таяқтары болуы керек. Таяқты қайыңнан, ырғайдан, самырсыннан, ондай ағаш болмаған кезде талдан жасайды. Кейде таяқтың ұшына мұңалмас үшін қаңылтыр кигізеді. Ойнаушылар кезекпен өздері тұрған жерден он шаңты қадам жердегі белгіленген жарқабақ қарға қолдарындағы таяқтарын лақтырады. Шарт бойынша лақтырған таяқ жарқабақ қарды тесіп ар жағына өтуі керек. Әр ойыншының таяқтарының өтіп шыққан жеріне белгі қойылады да, сонда таяқтың қай шамадағы жарқабақты тесіп өткені, немесе қайсысының таяғының (тең болғанда) көбірек шығып тұруына байланысты жеңімпаздар белгіленеді. Ойын бірнеше рет қайталанып ойналады. Ойын көп жаттығуды, қолдың қарулығын, дененің сомдығын, дәлділікті қажет етеді.   «Атшылар жарысы» — ұлттық ойын. Ойын алаңда, спорт залында өткізіле береді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді де, әрбір топ ішінара және екі топқа бөлінеді. (Сонда барлығы төрт бөліктен тұрады.) Қай топтың «аттар», ал қай топтың «Салт аттылар» болатынын жеребе арқылы шешеді. Алаңнан немесе залдан ара қашықтығы 20 метр қатар екі сызық сызылады. «Салт аттылар» «аттарына» мініп сол сызықтың бойымен қатар түзеп тұрады. Ойын басқарушының берген белгісі бойынша «Салт аттылар» екінші сызыққа жетіп орын ауыстырады да, қайта жүгіріп бірінші сызықтан өтеді. «Салт атты» бұл кезде үнемі өз «атының» арқасынан қағып қойып отырады, ал «ат» үнемі алға ұмтылады. Ойын қызып, жалғаса түседі. Қай жақ жылдам екінші сызыққа жетіп, қайтып бірінші сызыққа бұрын жетіп келсе, солар жеңіске жеткен болып есептеледі. Ойын жастарды жинақылыққа, ұйымшылдық, коллективтік әрекет жасай білуге үйретеді, жолдастық қарым-қатынасты қалыптастырады, дене күшін сомдап, төзімділікке үйретеді.   «Бөрік теппек» — ұлттық ойын. Бұл ойын жаздыгүні көгалда, алаңда, ашық далада ойналады. Ойынға 2 ойыншыдан 20-ға дейін қатынаса береді. Ойынға жиылғандар қатар-қатар сан құрып тұрады да, қолдарындағы көлемі бірдей тасты не допты (кішірек) кезектесіп лақтырады. Ең жаңын түскен тастың, не доптың иесі лақтырылған барлық тастарды (не доптарды) жиып әкеліп ойыншылардың әрқайсысына үлестіріп береді. Лақтырушылардың ішінде кімде-кім үш рет барлығынан алысқа лақтырса, сол жеңімпаз атанып ойыннан шығады. Ойын сол тәртіппен жүре береді де, екінші және үшінші жеңімпаздар белгіленеді. Тас не доп түскен жердің алыс-жақындығы лақтырылған заттың алғашқы түскен орыны болып белгіленеді. Бұл ойын қатынасушыларды алысқа лақтыра білуге жаттықтырып, таза ауада дем алып, денелерін шыңдауға мүмкіншілік жасайды.
26.06.2013 05:39 4496

«Таяқ жүгірту» — ұлттық ойын.

Қары қалың қыста ойналатын ойын. «Таяқ жүгірту» ойыны 10—15 жігіттің қатысуымен қарлы жерде өтеді. Ойынға қатынасушы әр жігіттің қолында ұзындығы 2—3 метрдей жонылған таяқтары болуы керек. Таяқты қайыңнан, ырғайдан, самырсыннан, ондай ағаш болмаған кезде талдан жасайды. Кейде таяқтың ұшына мұңалмас үшін қаңылтыр кигізеді.

Ойнаушылар кезекпен өздері тұрған жерден он шаңты қадам жердегі белгіленген жарқабақ қарға қолдарындағы таяқтарын лақтырады. Шарт бойынша лақтырған таяқ жарқабақ қарды тесіп ар жағына өтуі керек. Әр ойыншының таяқтарының өтіп шыққан жеріне белгі қойылады да, сонда таяқтың қай шамадағы жарқабақты тесіп өткені, немесе қайсысының таяғының (тең болғанда) көбірек шығып тұруына байланысты жеңімпаздар белгіленеді. Ойын бірнеше рет қайталанып ойналады. Ойын көп жаттығуды, қолдың қарулығын, дененің сомдығын, дәлділікті қажет етеді.

 

«Атшылар жарысы» — ұлттық ойын.

Ойын алаңда, спорт залында өткізіле береді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді де, әрбір топ ішінара және екі топқа бөлінеді. (Сонда барлығы төрт бөліктен тұрады.) Қай топтың «аттар», ал қай топтың «Салт аттылар» болатынын жеребе арқылы шешеді.

Алаңнан немесе залдан ара қашықтығы 20 метр қатар екі сызық сызылады. «Салт аттылар» «аттарына» мініп сол сызықтың бойымен қатар түзеп тұрады. Ойын басқарушының берген белгісі бойынша «Салт аттылар» екінші сызыққа жетіп орын ауыстырады да, қайта жүгіріп бірінші сызықтан өтеді. «Салт атты» бұл кезде үнемі өз «атының» арқасынан қағып қойып отырады, ал «ат» үнемі алға ұмтылады. Ойын қызып, жалғаса түседі. Қай жақ жылдам екінші сызыққа жетіп, қайтып бірінші сызыққа бұрын жетіп келсе, солар жеңіске жеткен болып есептеледі. Ойын жастарды жинақылыққа, ұйымшылдық, коллективтік әрекет жасай білуге үйретеді, жолдастық қарым-қатынасты қалыптастырады, дене күшін сомдап, төзімділікке үйретеді.

 

«Бөрік теппек» — ұлттық ойын.

Бұл ойын жаздыгүні көгалда, алаңда, ашық далада ойналады. Ойынға 2 ойыншыдан 20-ға дейін қатынаса береді.

Ойынға жиылғандар қатар-қатар сан құрып тұрады да, қолдарындағы көлемі бірдей тасты не допты (кішірек) кезектесіп лақтырады. Ең жаңын түскен тастың, не доптың иесі лақтырылған барлық тастарды (не доптарды) жиып әкеліп ойыншылардың әрқайсысына үлестіріп береді. Лақтырушылардың ішінде кімде-кім үш рет барлығынан алысқа лақтырса, сол жеңімпаз атанып ойыннан шығады. Ойын сол тәртіппен жүре береді де, екінші және үшінші жеңімпаздар белгіленеді.

Тас не доп түскен жердің алыс-жақындығы лақтырылған заттың алғашқы түскен орыны болып белгіленеді. Бұл ойын қатынасушыларды алысқа лақтыра білуге жаттықтырып, таза ауада дем алып, денелерін шыңдауға мүмкіншілік жасайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға