Астана күніне орай Алматыдан Астанаға марафоншылар аттанатын болды
Ережеге сәйкес, марафонға қатысатын әйелдер әр бес шақырым сайын ауысып отырса, ал ерлер алты шақырымда демалатын болады. Алғашқыда Болтабаевпен бірге эстафетада үш ер адам жүгірмек. Олардың бірі Қазақстан туын ұстаса, қалғандары оның артынан еріп отырады.
Сонымен шараға қатысушылар ірі екі қала арасындағы жол бойында үздіксіз бір күн бойына жүгіріп отырмақ.
"Бұл біздің қала күніне орай жасаған сыйымыз. Ара қашықтықты бағындырып болғаннан кейін, біз барлық қазақстандықтарды осы айтулы мерекемен құттықтағымыз келеді. Жалпы марафон төрт күнге созылатын болады. Біз еш аялдамақ емеспіз, асымызды да жүгіріп ішетін боламыз",-дейді клуб төрағасы Шәріпов.
Эстафеталық жүгіру 2-шілде күні 09:00-де Алматының "Астана" алаңында басталып, 5-шілдеде Астана қаласындағы "Қазақ Елі" монументінде аяқталады деп күтілуде.
http://www.massaget.kz