Рей Захаб Гоби шөлін жүгіріп өтпек
Канадалық желаяқ Рей Захаб өзінің тайвандық серіктесі Кевин Линмен бірге 2,3 мың шақырымға созылып жатқан Азияның ірі шөлді аймағы – Гобиді 35 күннің ішінде бағындыруды көздеп отыр, деп жазады ИТАР-ТАСС.
Жексенбі күні желаяқтар шөлдің Моңғолиядағы солтүстік-шығыс шетінен көптен күткен сапарларына аттанды.
«Сахарадан өткен соң бізді ең ауыр жол күтіп тұр деген ойдамын, - деп атап өтті 44 жастағы атлет. – Өз басым жүгіргеннен ләззат аламын, оның маған керек екенін сеземін. Сонымен қатар, өзгелерге, әсіресе жастарға өз өмірінде қандай да бір таңқаларлық нәрсе істеуге болатынын көрсеткім келеді».
Желаяқтар тәулігіне 70-80 шақырым жолды басып өтуді жоспарлауда, жолда олар Қытай шекарасын қиып өтпек. Әрқайсы аздаған тамақ қорын, 6 литр су, компас, карта, iPhone және бейнекамера алып жүреді. Күніне бір немесе екі рет олар автокөлікпен жүретін қолдау тобымен кездесіп, азық қорын толықтырады.