Астанада «Жібек жолы» батик өнері жұмыстарының көрмесі өтеді
25.06.2013 04:11
4186
Көрме балалар шығармашылығы арқылы ертедегі батик өнерімен танысуға мүмкіндік береді. Батик - матаны қолмен безендірудің ерекше техникасы. «Батик» термині бізге Индонезиядан келген. Батик тарихы сан ғасырларды қамтиды. Алғашында ол жай қол өнері, қазіргі күнде - өнердің жеке бір түрі болып табылады. Қазіргі заманда батик техникасы арқылы Үндістанда авангардтық көркем шығармалар дүниеге келеді.
Үндістаннан басқа көптеген елдер де батик өнерін өздерінің ұлттық өнері деп санайды. Олар мысалы, Индонезия, Малайзия, Шри-ланка және Тайланд. Батик техникасы үлгісінде жасалған ғажайып дүниелер Шығыс пен Батыс елдері нарығында көптеген сұранысқа ие.
Батик өнері бойынша сайыста Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Бадамша және Павлодар қалаларынан 100-ден астам жұмыстар қойылған. Сайысқа жергілікті конкурстық іріктеу нәтіжесінде алынған, көркем және өнер мектептерінде оқитын 10 мен 17 жас аралығындағы балалар қатысты.
Осы сайыс аясында батик өнері бойынша мастер-кластар, жеңімпаздарды құттықтау рәсімі, қаланың көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылады. Жеңімпаздар сайыстың дипломдарымен және құнды сыйлықтармен марапатталады.
Көрме 2013 жылдың тамыздың 25 дейін жалғасады.
bnews.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мавзолей Бабаджи-Хатун
Келесі жаңалық
Жұмысбасты ана: тепе-теңдікті қалай ұстауға болады