Жаңалықтар

Астанада «Астана – арман қала» атты көрме ашылады

ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде белгілі астаналық фотосуретші Владимир Куриловтың «Астана – арман қала» атты жеке көрмесі ашылады. Серіктестік жобасы аясында ұйымдастырылып отырған бұл көрме, Музейдің Қала күніне арналған іс-шаралар топтамасын бастайды. Экспозиция резиденция кезінде Н.Ә. Назарбаев Ақмоланы жаңа астана деп жариялаған Музейдің Күмбезді залында орналасқан. Владимир Курилов көпшілікке Астананың жылнамашы-фотосуретшісі ретінде белгілі. Қазақстанның жас астанасына арналған көптеген фотосюжеттер арасында оның жұмыстары өзінің қайталанбастығы және тың көзқарасымен ерекшеленеді. Осы өңір тумасының дүниетанымынан көрініс тапқан фотосуреттер кешені Қазақстан астанасы дамуының әртүрлі кезеңдері жайлы баяндайды. Владимир Иванович Курилов 1956 жылы 25 маусымда Ақмола (Астана) қаласында дүниеге келген. Оның еңбек және шығармашылық өмірбаянының барлық кезеңдері туған қаласымен тығыз байланысты. Автордың фотосуреттері ертегі қаланың, арман қаланың қалыптасу тарихын бейнелейді. Соңғы жылдары астанамыздың сарайлары мен музейлерінде В. Куриловтың бірнеше жеке жобалары өтті. Бұл іс-шараның басты ерекшелігі көрмеде жаңа, үлкен көлемде орындалған фотосуреттер ұсынуында. Ұйымдастырушылар фотосуреттерді Күмбезді залдың кеңістігіне орналастыра отырып, орынның нышандық мәнін, оның сәулеттік ерекшеліктерін ескертеді.  Көрмеге Владимир Ивановичтің 2013 жылы «ұшар биіктіктен» орындалған 30-дан астам жұмысы қойылады. Қаланың панорамалық көріністерін ол биік ғимараттардың төбесінен, әртүрлі жарық беру кезінде және күтпеген ракурстерде түсірді. Фотосуреттерден бәрімізге жақсы таныс қаланың көрікті ғимараттары: Президенттіқ резиденциясы «Ақорда», «Бәйтерек», Бейбітшілік және Келісім Сарайы, «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы басқа ракурстерден ұсынылып, тәуліктің әр мезгіліндегі қаланың тынысын жеткізетіндей. Шебердің фотосуреттері қаланың күндізгі және түнгі өмірінің көңіл-күйін сезінуге мүмкіндік береді.  Әсіресе, Астананың панорамалық көріністері таң қалдырады. Осындай фотосуреттер үшін биік ғимараттардың төбесіне шығып қана қоймай, қатаң ережелерді бұзуға дәл келеді. Астананың мұндай көріністерін тек Владимир Курилов қана жасайды. «Өз ісіңді сүйіспеншілікпен атқаратын болсаң, әрқашан қажетті нәтижеге қол жеткізуге болады», – деп айтады Владимир Иванович. Бүгінде бұл фотосуреттер өте құнды болып саналады, себебі олардан біз астанамыз бен Қазақстанның тарихын көре аламыз. Уақыт өтісімен, кез-келген басқа тарихи жылнаманың тағдырын қайталай отырып, оның құндылығы арта түспек. «Астана – арман қала» көрме 26 маусымнан  31 тамызға дейін жалғасады.  Baq.kz
25.06.2013 04:03 2767

ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде белгілі астаналық фотосуретші Владимир Куриловтың «Астана – арман қала» атты жеке көрмесі ашылады. Серіктестік жобасы аясында ұйымдастырылып отырған бұл көрме, Музейдің Қала күніне арналған іс-шаралар топтамасын бастайды. Экспозиция резиденция кезінде Н.Ә. Назарбаев Ақмоланы жаңа астана деп жариялаған Музейдің Күмбезді залында орналасқан.

Владимир Курилов көпшілікке Астананың жылнамашы-фотосуретшісі ретінде белгілі. Қазақстанның жас астанасына арналған көптеген фотосюжеттер арасында оның жұмыстары өзінің қайталанбастығы және тың көзқарасымен ерекшеленеді. Осы өңір тумасының дүниетанымынан көрініс тапқан фотосуреттер кешені Қазақстан астанасы дамуының әртүрлі кезеңдері жайлы баяндайды.

Владимир Иванович Курилов 1956 жылы 25 маусымда Ақмола (Астана) қаласында дүниеге келген. Оның еңбек және шығармашылық өмірбаянының барлық кезеңдері туған қаласымен тығыз байланысты. Автордың фотосуреттері ертегі қаланың, арман қаланың қалыптасу тарихын бейнелейді. Соңғы жылдары астанамыздың сарайлары мен музейлерінде В. Куриловтың бірнеше жеке жобалары өтті. Бұл іс-шараның басты ерекшелігі көрмеде жаңа, үлкен көлемде орындалған фотосуреттер ұсынуында. Ұйымдастырушылар фотосуреттерді Күмбезді залдың кеңістігіне орналастыра отырып, орынның нышандық мәнін, оның сәулеттік ерекшеліктерін ескертеді. 

Көрмеге Владимир Ивановичтің 2013 жылы «ұшар биіктіктен» орындалған 30-дан астам жұмысы қойылады. Қаланың панорамалық көріністерін ол биік ғимараттардың төбесінен, әртүрлі жарық беру кезінде және күтпеген ракурстерде түсірді.

Фотосуреттерден бәрімізге жақсы таныс қаланың көрікті ғимараттары: Президенттіқ резиденциясы «Ақорда», «Бәйтерек», Бейбітшілік және Келісім Сарайы, «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы басқа ракурстерден ұсынылып, тәуліктің әр мезгіліндегі қаланың тынысын жеткізетіндей. Шебердің фотосуреттері қаланың күндізгі және түнгі өмірінің көңіл-күйін сезінуге мүмкіндік береді. 
Әсіресе, Астананың панорамалық көріністері таң қалдырады. Осындай фотосуреттер үшін биік ғимараттардың төбесіне шығып қана қоймай, қатаң ережелерді бұзуға дәл келеді. Астананың мұндай көріністерін тек Владимир Курилов қана жасайды. «Өз ісіңді сүйіспеншілікпен атқаратын болсаң, әрқашан қажетті нәтижеге қол жеткізуге болады», – деп айтады Владимир Иванович.


Бүгінде бұл фотосуреттер өте құнды болып саналады, себебі олардан біз астанамыз бен Қазақстанның тарихын көре аламыз. Уақыт өтісімен, кез-келген басқа тарихи жылнаманың тағдырын қайталай отырып, оның құндылығы арта түспек.

«Астана – арман қала» көрме 26 маусымнан  31 тамызға дейін жалғасады. 

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға