Жаңалықтар

«Атқаума», «Ақ байпақ»

«Атқаума» Бір топ бала алаңға немесе дене шынықтыру залына жиналады да, ортаға екі бала шығады. Бірінші бала өзінің сол қолымен оң қолының білегінен мықтап ұстайды, екінші бала да осылай істейді. Бұдан соң екі бала бос тұрған оң қолдарымен бірінің білегінен бірі ұстап, айқасқан 4 қолдың басынан «орындық» жасайды да, соған үшінші баланы аяғын салбыратып отырғызады. Атқаума, атқаума, Арқар атқан қай тауда? — деп оны көтеріп алып жүреді де, бір жұмсақтау жер кездескенде: Атқаума, атқаума, Арқар атқан ақ тау ма? Көк тау ма? Көк тау болса, Көп тау ма? Ал тастадық бұл тауға, — деп қол үстінде отырған баланы жерге тастап жібереді. Отырған бала жығылмай, ептілікпен ғана тез ыршып түсу үшін әрқашан сақ және жинақы отыруы керек. Жығылып қалса, ұпай тартады, жығылмай кетсе, қолдың үстіне әлгі екі баланың бірі отырады. Ойын осы тәртіппен жүре береді. Қолдың үстінде отырған ойыншыны «Лақтырып» тастауға, әдейлеп жығуға болмайды. Мұнда шапшаңдық пен ептілік керек. «Ақ байпақ» Жануарлар дүниесін көз алдыңа елестетіп ойнайтын ойындардың бірі — «Ақ байпақ» ойыны. Ойынға қатынасушылардың санына шек кел тірілмейді. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын солғұрлым қызықты болады. Ойыншылар көгалды жазық жерді таңдап алады да, дөңгелене жүрелеп отырады. Сонан соң орталарынан бір ойыншыны ортаға шығарып оны бота деп, көрсетпей жауып қояды. Осы кезде боздап ботасын іздеп інген келеді де, отырған ойыншылардың біреуінің иығына отырады. Ойыншы: — Ақ иығымның үстіндегі кім? «Інген»: — «Ақ байпақ». Ойыншы:— Нең жоқ? «Інген»: — «Ботам» жоқ. Ойыншы: — «Ботаң» көлде бетін жуып жатыр. Осы кезде «інген» орнынан тұрып, 4—5 адымдай жерге барып келіп: Бе-е-е, жоқ қой деп ойыншының иығына тізесімен бір түйіп кетеді. Екіншісіне барып отырады. Ол да солай, «Ботаң шөпшек теріп жүр», дейді... Келесі ойыншы «ботаң ұйқтап жатыр», дейді. Осылайша, барлық ойыншының иығына отырып болған кезде, ойнаушылардың әрқайсысы ботаға бергенін айтып, біреуі су бердім, екіншісі шөп бердім, үшіншісі тамақ бердім, тағысын тағы... дейді де «ботаны» тастай сала жан-жаққа бытырай қаша жөнеледі. Жаны жай тауып «ботасын» көрген інген «ботасынан» «Кім не берді?» деп сұрай бастайды. Ботаның айтуымен оған жөндеп тамақ бермегендер «інгеннің» бұйрығымен жазаланады, демек өнер көрсетеді. Жаза біткеннен кейін «інген» мен «ботаның» рөлін басқалар ауыстырады да, ойын басталып, жалғаса береді.  
23.05.2013 11:45 4434

«Атқаума»

Бір топ бала алаңға немесе дене шынықтыру залына жиналады да, ортаға екі бала шығады. Бірінші бала өзінің сол қолымен оң қолының білегінен мықтап ұстайды, екінші бала да осылай істейді. Бұдан соң екі бала бос тұрған оң қолдарымен бірінің білегінен бірі ұстап, айқасқан 4 қолдың басынан «орындық» жасайды да, соған үшінші баланы аяғын салбыратып отырғызады.

Атқаума, атқаума,
Арқар атқан қай тауда?

— деп оны көтеріп алып жүреді де, бір жұмсақтау жер кездескенде:

Атқаума, атқаума,
Арқар атқан ақ тау ма?
Көк тау ма?
Көк тау болса, Көп тау ма?
Ал тастадық бұл тауға,

— деп қол үстінде отырған баланы жерге тастап жібереді. Отырған бала жығылмай, ептілікпен ғана тез ыршып түсу үшін әрқашан сақ және жинақы отыруы керек. Жығылып қалса, ұпай тартады, жығылмай кетсе, қолдың үстіне әлгі екі баланың бірі отырады. Ойын осы тәртіппен жүре береді. Қолдың үстінде отырған ойыншыны «Лақтырып» тастауға, әдейлеп жығуға болмайды. Мұнда шапшаңдық пен ептілік керек.

«Ақ байпақ»

Жануарлар дүниесін көз алдыңа елестетіп ойнайтын ойындардың бірі — «Ақ байпақ» ойыны.

Ойынға қатынасушылардың санына шек кел тірілмейді. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын солғұрлым қызықты болады. Ойыншылар көгалды жазық жерді таңдап алады да, дөңгелене жүрелеп отырады. Сонан соң орталарынан бір ойыншыны ортаға шығарып оны бота деп, көрсетпей жауып қояды. Осы кезде боздап ботасын іздеп інген келеді де, отырған ойыншылардың біреуінің иығына отырады.

Ойыншы: — Ақ иығымның үстіндегі кім?
«Інген»: — «Ақ байпақ».
Ойыншы:— Нең жоқ?
«Інген»: — «Ботам» жоқ.
Ойыншы: — «Ботаң» көлде бетін жуып жатыр.

Осы кезде «інген» орнынан тұрып, 4—5 адымдай жерге барып келіп: Бе-е-е, жоқ қой деп ойыншының иығына тізесімен бір түйіп кетеді. Екіншісіне барып отырады. Ол да солай, «Ботаң шөпшек теріп жүр», дейді... Келесі ойыншы «ботаң ұйқтап жатыр», дейді.

Осылайша, барлық ойыншының иығына отырып болған кезде, ойнаушылардың әрқайсысы ботаға бергенін айтып, біреуі су бердім, екіншісі шөп бердім, үшіншісі тамақ бердім, тағысын тағы... дейді де «ботаны» тастай сала жан-жаққа бытырай қаша жөнеледі. Жаны жай тауып «ботасын» көрген інген «ботасынан» «Кім не берді?» деп сұрай бастайды.

Ботаның айтуымен оған жөндеп тамақ бермегендер «інгеннің» бұйрығымен жазаланады, демек өнер көрсетеді. Жаза біткеннен кейін «інген» мен «ботаның» рөлін басқалар ауыстырады да, ойын басталып, жалғаса береді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға