Жанақ Сағындықұлы, Бәйдібек Қарашаұлы
Жанақ Сағындықұлы
Сағындықұлы Жанақ (1770-1856) - жыршы, айтыс ақыны. Абыралы өңірінде туып-өскен. «Қозы-Көрпеш - Баян сұлу» жырының ең таңдаулы нұсқаларының бірін ел арасына таратушы. Ж. шығармашылығын Ш.Уәлиханов жоғары бағалаған.
Халық-қазына, хан-қақпа, батыр-қорған.
Ел, халық туралы
Ат - биеден, алып - анадан.
Адам өмірі туралы
Ер - аттан мұқалады, ат - тағадан,
Ел - ағадан азады, тон - жағадан.
Ел, халық туралы
Қарашасын қарақтамаған хан оңбас.
Бек, хан туралы
Арам табақтан адал ас өтпейді.
Адалдық туралы
Ер туса - елге тыныс.
Ел, халық туралы
Хан - қайраң, қарашы - тас.
Бек, хан туралы
Халық - дария, хан - балық.
Ел, халық туралы
Бақыты зордың - бақталасы да мол.
Күншілдік, қызғаныш туралы
Хан сыртынан жұдырық.
Бек, хан туралы
Аттың сыны: ескек желіс, емен бел.
Төрт түлік мал туралы
Хан - астың дәмі болғанда, ханым -тұзы.
Бек, хан туралы
Адамның жан жолдасы - сүйген жары.
Әйел, ана туралы
Шешен - шеңбер болғанда, би - таразы.
Би-шешендер туралы
Тоқты менен ешкінің - қаны бірдей,
Жақсы менен жаманның - жаны бірдей.
Жақсы мен жаман туралы
Бәйдібек Қарашаұлы
Қарашаұлы Бәйдібек (1356-1419) — атақты би, батыр. Ташкентте туған. Үш жасында жетім қалады. Ер жеткен соң ел тізгінін ұстаған көшпелілер аристократиясының ірі өкіліне айналады. Серт пен сөзді қанына қатар дарытатын дала дүлдүлдері дәстүріне сай шешен болған. Б. туралы ел жадында сақталған аңыз-әңгімелер аз емес. Ойлы орамдары моральдік-этикалық ұстындар ұлағатына, әлеуметтік әділдік пен саяси ұстамдылық принциптеріне негізделген.
Төрде отырып - теріс сөйлегеннен без,
Есікте отырып - керіс сөйлегеннен без.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Аяққа кісен салуға болар, қолға кісен салуға болар - тілге кісен салуға болмас.
Тіл туралы
Тірлік басқа болса да - тілек бір, бармақ басқа болса да - білек бір.
Ынтымақ-бірлік, татулық туралы
Өткелді саяз деме - таяғыңды салып бойлат,
Ісіңді мақұл деме - ағайынға салып ойлант.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Малыңды жақсы баққаның - асып абырой тапқаның,
Малыңды жаман баққаның - келген бақты қаққаның.
Төрт түлік мал туралы
Кендірмен байлама, жыңғылмен айдама, кендірмен байласаң, жыңғылмен айдасаң - мал өсер деп ойлама.
Төрт түлік мал туралы
Қасқыр мен ұры мінездес - екеуі де түнді аңдиды,
Бұлбұл мен гүл мінездес - екеуі де күнді аңдиды.
Мінез-құлық туралы
Жылқышы - жылқысын баққанын айтар,
Қойшы - қойына өріс тапқанын айтар.
Төрт түлік мал туралы
Аңшы - қақпанын қакқанын айтар,
Саудагер - базарда тапқанын айтар.
Аң-құс туралы
Алыс жолға шығар болсаң - алдымен жолдасыңды сайла,
Жауға қарсы шабар болсаң - алдымен қолбасыңды сайла.
Адамгершілік туралы
Керуен басы білікті болса - түйесі азбайды,
Қолбасы білікті болса - сарбазы азбайды.
Ынтымақ-бірлік, татул