Жаңалықтар

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы

Соңғы редакциялау: 24 қазан 2012 жыл СӘТБАЕВ Қаныш Имантайұлы [12.4.1899, Павлодар обл. Баянауыл ауд. Ақкелін болысы, Шадра (қазіргі Сәтбаев) а. — 31.1.1964, Мәскеу, Алматыда жерленген] — ұлы ғалым-геолог, қоғам қайраткері, геол.-минерал. ғыл. докт. (1942), проф. (1950). Қазақстан ҒА-н ұйымдастырушылардың бірі және тұңғыш президенті (1946). КСРО ҒА-ның акад. (1946; 1943 жылдан коор. мүшесі), Қазақстан ҒА-ның акад. (1946), Тәжікстан ҒА-ның құрметті мүшесі (1951). С. қазақтан шыққан тұңғыш тау-кен инженер-геологы, Қазақстан ғылымының атасы, Қазақстан геологтары ғыл. мектебінің негізін қалаушы, Қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы. С-тың атасы Сәтбай Шотықұлы (1823 — 1902) Баянауыл өңіріне танымал, қадірменді азамат болған. Ол қажылық сапары кезінде Меккеде қайтыс болып, сонда жерленген. Қаныштың әкесі Имантай Сәтбайұлы (1845 — 1928) Омбы қ-ндағы медреседе білім алған. С-тың анасы Әлима Исақызы (1860 — 1904) Қаныш бес жасқа келгенде қайтыс болған. Жас Қаныш Имантайдың бәйбішесі Нұрым Тасболатқызының (1850 — 1929) тәрбиесінде өсті. Сауатын ауыл молдасынан ашқан С. 1911 — 14 ж. Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде бастауыш білім алды. 1914 ж. Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түсті. Онда Ж.Аймауытов, М.Әуезов сияқты көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Семинария қабырғасында өз әріптестерімен бірге Семейде ұйымдастырылған қайырымдылық мақсаттағы шараларға қатысты. 1915 ж. Семейде Н.Құлжанованың жетекшілік етуімен өткізілген кеште С. Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқумен көзге түседі. Ол Ш.Құдайбердіұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қабылдап, жаңа үкімет қазақтарға бостандық әкеледі деп түсінді. Соған орай сол тұста құрылған Семей обл. Қазақ к-ті жұмысының нәтижелі жүруіне септігін тигізді. “Алаш” қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау көрсетті. 1918 ж. семинарияны бітірген соң Семейдегі пед. курста мұғалім, 1920 — 21 ж. Баянауылда халық судьясы болды. 1921 ж. Баянауылға емделуге келген геолог, ғалым М.А. Усов жас С-тың геолог болуына үлкен әсер етіп, туған елінің қазба-байлықтарын зерттеуге ынталандырды. 1921 ж. күзде С. Томск технол. ин-тының тау-кен ф-тіне оқуға түсті. 1926 ж. ин-ты бітірген соң Қазақ АКСР-і Халық ш. орт. кеңесінің ұйғаруымен Мәскеу қ-на “Атбасцветмет” тресінің геология бөлімін басқаруға жіберілді. Бұл треске Жезқазған мыс кен орындарын, Байқоңыр көмірін зерттеу және Қарсақбай мыс з-тының құрылысын жүргізу жүктелген еді. С. бұл істі қарқынды жүргізу мақсатында Қазақстанға қайтып оралды. 1929 ж. Қарсақбай мыс комб-ның геол. барлау бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. Көп ұзамай комб-тың бас геологы болды. 1941 — 64 ж. КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары ин-тының директоры, КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесі президиумы төрағасының орынбасары (1941 — 42), төрағасы (1942 — 46), Қазақстан ҒА-ның президенті (1946 — 52) болды. 1952 ж. әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен шеттетілді. Қызметтен босаған соң Қазақ КСР Геология ин-тының директоры болып еңбек етті. 1955 ж. Қазақ КСР ҒА-ның президенттігіне қайта сайланып, бұл қызметті өмірінің соңына дейін атқарды. C-тың негізгі ғыл. еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарын зерттеуге арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орт. Қазақстанның (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда (1952 — 58) көп еңбек сіңірді. С. ғылымға формац. металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді. 1926 — 29 ж. кені мардымсыз өңір болып саналған Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде С-тың еңбегі өте зор (ақиқат қоры бұрынғысынан 2,5 есе көп екенін анықтады). Бұрынғы геол. деректерге терең талдау жасаған С. бұл кеннің ауданның кең көлемдегі геол.-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі нысан екенін дәлелдеді. С. өз зерттеулерінің нәтижесінде Жезқазған кенінде кентас қалыптасуының кейіннен дәлелденген 4 белгісін ұсынды: 1. Тектоникалық белгісі. Жезқазған кенінің түзілуі қатпар түзуші тектоник. процестердің аяқталған, құрылымдық элементтердің қалыптасып болған кезімен байланысты. 2. Стратиграфиялық белгісі. Өндіруге тұрарлық кентас қызыл түсті Жиделісай свитасынан төмен орналасқан ортаңғы карбонның полимиктілік сұр құмтастары мен алевролиттерінде шоғырланған. 3. Литол.-петрогр. белгісі. Кентас сыйыстырушы шөгінді тау жыныстарының түйірлігі әр түрлі; бұларды біріктіруші керішті ыстық ерітінділер оңай алмастырады. Осы алмасудан пайда болған түйірлер арасындағы бос орындарда, қуыстарда, нәзік жарықшаларда минералдар жиналған. 4. Құрылымдық белгісі. Жезқазған свитасының жоғ. және төм. бөлігіндегі кентас денелері бір-біріне көлденең (созылымдары 50Ә және 330Ә) жарылыстарды қуалай орналасқан. Кентас сыйыстырушы осы жарылыстардағы гидротермалдық ерітінділердің таралуына бөгет болған қызыл түсті шөгінділермен жабылған. С-тың қағида-белгілері Жезқазғанның мысты құмтас кендеріне және кентас белгілеріне өндірістік-экон. баға берілгенде негізге алынатын болды. Болашағы ғыл. тұрғыдан аса тыңғылықты негізделген Жезқазған мыс балқыту комб. дүние жүзіндегі түсті металлургияның ірі кәсіпорындарының бірінен саналады. С. минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай, т.б. аймақтарды ерекше назар аударып зерттеді. 1927 — 28 ж. Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір алабы және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғыл. маңызды еңбектер жариялады. 1929 ж. Атасу темір-марганец кендерін игерудің негізінде Қарағанды обл-нда қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерді. С. Жезқазған — Ұлытау ауданында мыстан басқа темір (Қарсақбай), марганец (Жезді), көмір (Байқоңыр, Қияқты), қорғасын (Қорғасын) кендерін ашып, барлау нәтижесінде маңызды геол. қорытындылар жасады. С-қа осы еңбегі үшін диссертация қорғамастан, геол.-минерал. ғыл. докт. атағы берілді. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында танк бронын құюға қажет марганец тапшылығы туған кезде С-тың жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде Жезді марганец кені барланып, іске қосылды. С-тың басшылығымен ғылым мен техниканың тығыз байланысын күшейту мақсатында және Қазақстанның экон. аудандарының өндіргіш күштерін зерттеу мен игеруге бағытталған Қазақ КСР-і ҒА-ның көшпелі сессиялары (Алтайда, Солт. Батыс, Оңт. және Орт. Қазақстанда) өткізілді. С-тың қолдауымен Алматыда Орта Азия геофизика тресі ұйымдастырылып (1948), Қазақ КСР-і Геология және жер қойнауын қорғау мин. құрылды (1956). С. тікелей басшылық еткен металлогендік және болжам картасын жасау үшін ең алдымен Орт. Қазақстанның (Сарыарқа) сол кезге дейінгі геол. зерттелуі жөніндегі мәліметтер жиналды, сол өңірдің геол. дамуының ірі 6 кезеңі (палеозойға дейінгі, ерте каледон, соңғы каледон, ерте варисс, соңғы варисс, киммер-альпі) анықталды және әр кезеңнің геол. құрылысы мен металлогендік ерекшеліктеріне тән негізгі элементтік құрылымы табылды. Халықар. номенклатураға сай бірнеше стандарттық беттерден тұратын картаның жеке беттерінде мынадай геол. материалдар қамтылды: 1. Әр беттің геологиясы мен металлогениясының негізгі өзгешеліктерінің сипаттамалары; 2. Металлогендік формацияларға кіретін генотип ретіндегі кендердің басты сипаттамалары; 3. Жеке кендер мен кентас белгілерінің қысқаша сипаттамасы; 4. Бұлардың бәрі тіркелген бірыңғай кадастр; 5. Кендер мен кентас белгілері жөнінде толық мәлімет алуға болатын бастапқы әдебиеттердің тізімі; 6. Әр беттің әр уақыт үшін тиісті белгімен көрсетілген геол. зерттелуінің картасы; 7. Шлихтық және геофиз. зерттелгендіктің беттестіру картасы; 8. Геол.-құрылымдық карта; 9. Әр беттің пайдалы қазындыларын геол. құрылымдар және магматизммен беттестіру картасы; 10. Жеке беттердің кешенді-металлогендік картасы; 11. Әр бет аумағында болжамдық мақсат үшін жасалған фран, фамен, этрен, жоғ. палеозой шөгінділерінің палеогеогр. картасы; 12. Әр бет үшін темір мен марганец (екеуі бірге), мыс, полиметалл, сирек металдар (вольфрам, молибден, қалайы) кентастарының түрлі кезекте зерттелетін болжамдық алаңдарының және осы металдардың күткен нәтижені беруі ықтимал алаңдарының контурларын беттестіру (үйлестіру) картасы. Бұл картаның тағы бір ерекшелігі — геол. барлау жүргізілетін аймақтар, болжам қорына қарай бірінші және екінші кезекте зерттелетін өңірлерге бөлінді. Металлогендік болжам картасын қолдану нәтижесінде үлкен табысқа қол жеткізді. 1954 — 58 ж. аралығында Орт. Қазақстанда түсті металдардың көптеген жаңа кендері ашылды және олардың 90%-дан астамы бірінші және екінші кезекте зерттелетін өңірлерден табылды. С. басқарған бір топ қазақстандық ғалымдарға металлогендік және болжам картасын жасап шығарғаны үшін Лениндік сыйлық берілді (1958). 1958 жылдан бастап металлогениядан кеңес, симпозиум, конгрестер өткізілді. С-тың ашқан ғыл. мектебі Сарыарқаның металлогендік және болжам карталарының теор. негіздерін, оның берген нәтижелерін сын көзбен қарап, Қазақстанның басқа аймақтарының, бүкіл республиканың осындай картасын жасауды мақсат етті. С. “металлогендік дәуірлер”, “металлогендік формациялар”, “кентасты формациялар”, “генотиптер”, т.б. сияқты жаңа ғыл. терминдердің мәнін анықтады. С. Қазақстан ҒА-н ұйымдастырып, ондағы бөлімдерді, оған қарайтын ин-ттарды, лаб-ларды, секторларды, базаларды сол кезде-ақ дұрыс жоспарлады. Ғыл. кадрлар дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен қарады. Ғыл. зерттеулердің өзекті мәселелерін халық ш-ның мүддесіне бағыттап, шаруашылық және мәдени құрылыстың басты мәселелерін шешуге белсене қатысты. Жезқазған кен-металлургия комб-н, Қарағанды мен Балқаш металлургия з-ттарын, Ертіс-Қарағанды каналын салу, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің табиғи байлықтарын анықтау жөнінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; республикамыздың ірі минералдық шикізат қорларын — Кенді Алтайды, Қаратау фосфоритін, Қостанай мен Жезқазған — Ұлытау өңірлеріндегі темір, марганец, т.б. көптеген кен орындарын игеру С. есімімен тығыз байланысты. С-тің бастамасымен 1940 жылдан бастап КСРО ҒА-ның қазақ бөлімінде докторантура жұмыс істей бастады. Онда жүздеген ғылым кандидаттары мен докторлары даярланып шықты. Оның 50-ден астамына С. тікелей жетекшілік етті. С-тың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған іздері жеткілікті. С. халық ауыз әдебиетін зерттеуді Баянауылда жүргенінде бастап, студент шағында одан әрі жалғастырды. Ш.Уәлиханов жазып алған, әйгілі Едіге батыр жайындағы “Ер Едіге” эпосын қазақ тіліне аударғанда, үш қасиетін ашып берді: 1) тілді сақтауға, дамытуға пайдалылығын; 2) эпостағы шебер тілмен берілген ескі толғауларға назар аударды; 3) қазақ халқының өткен тұрмысы, салт-сана, әдет-ғұрпы суреттелген тарихын білуге құнды мағлұмат беретіндігін көрсетті. Жезқазған — Ұлытау өңірінде бұл талабын күрделі ғыл. зерттеуге айналдырып, көптеген этногр. мұраларды жинап, “Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері” атты еңбегін жазды. Қазақ орта мектебінің төм. және жоғ. сынып оқушыларына арналған “Алгебра” оқулығын 1919 ж. студент шағында бастап, 1924 ж. аяқтады да, Білім Наркомына (қазіргі Білім және ғылым мин.) бекіттірді. Бұл оқулық Қ.И. Сәтбаев Қоры (президенті К.Салықов) және Еуразиялық Л.Н. Гумилев атынд. ун-ттің араласуымен жуырда жарық көреді. С. Ш.Уәлихановтың алғашқы толық шығармалар жинағын басып шығаруды ұйымдастырды. КСРО Мемл. сыйл. (1942), Лениндік сыйл. лауреаты (1958), 4 мәрте Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстанның қала, ауылдарында С. есімімен аталатын жүздеген көше, 40-тан астам мектеп, т.б. ғалым ескерткіштері бар. 641 ғыл. еңбектің авторы, оның 534-і орыс, 98-і қазақ, қалғаны басқа тілдерде жарық көрді. Оның есімі Қазақстан ҒА-ның Геология ғылымдары ин-на, Жезқазған кен-металлургия комб-на, бір қалаға, Алматы, Балқаш, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Семей қ-ларындағы көшелерге, бір планетаға берілген. С-тың құрметіне Жоңғар (Жетісу) Алатауы жотасындағы мұздық пен шың, Қаратаудағы ваннадий кен орнында табылған “Сәтбаевит” минералы, “Академик Сәтбаев” гладиолиус гүлі аталған. Еліміздегі ең ірі жоғары тех. оқу орны Қазақ Ұлттық тех. ун-тіне С. есімі берілген. 1999 ж. С-тың 100 жылдық мерейтойы респ. деңгейде аталып өтті. Шығ.: Основные черты геологии и металлогении Джезказганского меднорудного района.: В книге “Большой Джезказган”, М.—Л., 1935; Черные металлы в Казахстане за 25 лет, “Изв. КазФАН СССР, серия геология”, 1945, ғ6 — 7; О прогнозах и металлогенических картах Центрального Казахстана, “Изв. АН КазССР, серия геология”, 1953, вып. 17; О некоторых специфических особенностях геологии медистых песчаников Атбасар-Терсакканского района, “Изв. АН КазССР, серия геология”, 1954, вып. 18; Главные закономерности пространственного размещения зон эндогенного орудения в Центральном Казахстане, “Советская геология”, 1957, вып. 58; Основные элементы геологии и металлогении Джезказган-Улутауского района.: В книге “Большой Джезказган”, А.-А., 1961; Основные результаты комплексного геологического изучения и вопросы генезиса Джезказгана, “Геология рудных месторождении”, 1962, ғ3; Избранные труды, т. 1 — 5, А.-А., 1968 — 70. А. Нұрлыбаев, К. Салықов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том  
09.11.2012 02:55 35166

Соңғы редакциялау:

24 қазан 2012 жыл

СӘТБАЕВ Қаныш Имантайұлы [12.4.1899, Павлодар обл. Баянауыл ауд. Ақкелін болысы, Шадра (қазіргі Сәтбаев) а. — 31.1.1964, Мәскеу, Алматыда жерленген] — ұлы ғалым-геолог, қоғам қайраткері, геол.-минерал. ғыл. докт. (1942), проф. (1950). Қазақстан ҒА-н ұйымдастырушылардың бірі және тұңғыш президенті (1946). КСРО ҒА-ның акад. (1946; 1943 жылдан коор. мүшесі), Қазақстан ҒА-ның акад. (1946), Тәжікстан ҒА-ның құрметті мүшесі (1951). С. қазақтан шыққан тұңғыш тау-кен инженер-геологы, Қазақстан ғылымының атасы, Қазақстан геологтары ғыл. мектебінің негізін қалаушы, Қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы. С-тың атасы Сәтбай Шотықұлы (1823 — 1902) Баянауыл өңіріне танымал, қадірменді азамат болған. Ол қажылық сапары кезінде Меккеде қайтыс болып, сонда жерленген. Қаныштың әкесі Имантай Сәтбайұлы (1845 — 1928) Омбы қ-ндағы медреседе білім алған. С-тың анасы Әлима Исақызы (1860 — 1904) Қаныш бес жасқа келгенде қайтыс болған. Жас Қаныш Имантайдың бәйбішесі Нұрым Тасболатқызының (1850 — 1929) тәрбиесінде өсті. Сауатын ауыл молдасынан ашқан С. 1911 — 14 ж. Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде бастауыш білім алды. 1914 ж. Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түсті. Онда Ж.Аймауытов, М.Әуезов сияқты көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Семинария қабырғасында өз әріптестерімен бірге Семейде ұйымдастырылған қайырымдылық мақсаттағы шараларға қатысты. 1915 ж. Семейде Н.Құлжанованың жетекшілік етуімен өткізілген кеште С. Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқумен көзге түседі. Ол Ш.Құдайбердіұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қабылдап, жаңа үкімет қазақтарға бостандық әкеледі деп түсінді. Соған орай сол тұста құрылған Семей обл. Қазақ к-ті жұмысының нәтижелі жүруіне септігін тигізді. “Алаш” қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау көрсетті. 1918 ж. семинарияны бітірген соң Семейдегі пед. курста мұғалім, 1920 — 21 ж. Баянауылда халық судьясы болды. 1921 ж. Баянауылға емделуге келген геолог, ғалым М.А. Усов жас С-тың геолог болуына үлкен әсер етіп, туған елінің қазба-байлықтарын зерттеуге ынталандырды. 1921 ж. күзде С. Томск технол. ин-тының тау-кен ф-тіне оқуға түсті. 1926 ж. ин-ты бітірген соң Қазақ АКСР-і Халық ш. орт. кеңесінің ұйғаруымен Мәскеу қ-на “Атбасцветмет” тресінің геология бөлімін басқаруға жіберілді. Бұл треске Жезқазған мыс кен орындарын, Байқоңыр көмірін зерттеу және Қарсақбай мыс з-тының құрылысын жүргізу жүктелген еді. С. бұл істі қарқынды жүргізу мақсатында Қазақстанға қайтып оралды. 1929 ж. Қарсақбай мыс комб-ның геол. барлау бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. Көп ұзамай комб-тың бас геологы болды. 1941 — 64 ж. КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары ин-тының директоры, КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесі президиумы төрағасының орынбасары (1941 — 42), төрағасы (1942 — 46), Қазақстан ҒА-ның президенті (1946 — 52) болды. 1952 ж. әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен шеттетілді. Қызметтен босаған соң Қазақ КСР Геология ин-тының директоры болып еңбек етті. 1955 ж. Қазақ КСР ҒА-ның президенттігіне қайта сайланып, бұл қызметті өмірінің соңына дейін атқарды.

C-тың негізгі ғыл. еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарын зерттеуге арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орт. Қазақстанның (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда (1952 — 58) көп еңбек сіңірді. С. ғылымға формац. металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді. 1926 — 29 ж. кені мардымсыз өңір болып саналған Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде С-тың еңбегі өте зор (ақиқат қоры бұрынғысынан 2,5 есе көп екенін анықтады). Бұрынғы геол. деректерге терең талдау жасаған С. бұл кеннің ауданның кең көлемдегі геол.-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі нысан екенін дәлелдеді. С. өз зерттеулерінің нәтижесінде Жезқазған кенінде кентас қалыптасуының кейіннен дәлелденген 4 белгісін ұсынды: 1. Тектоникалық белгісі. Жезқазған кенінің түзілуі қатпар түзуші тектоник. процестердің аяқталған, құрылымдық элементтердің қалыптасып болған кезімен байланысты. 2. Стратиграфиялық белгісі. Өндіруге тұрарлық кентас қызыл түсті Жиделісай свитасынан төмен орналасқан ортаңғы карбонның полимиктілік сұр құмтастары мен алевролиттерінде шоғырланған. 3. Литол.-петрогр. белгісі. Кентас сыйыстырушы шөгінді тау жыныстарының түйірлігі әр түрлі; бұларды біріктіруші керішті ыстық ерітінділер оңай алмастырады. Осы алмасудан пайда болған түйірлер арасындағы бос орындарда, қуыстарда, нәзік жарықшаларда минералдар жиналған. 4. Құрылымдық белгісі. Жезқазған свитасының жоғ. және төм. бөлігіндегі кентас денелері бір-біріне көлденең (созылымдары 50Ә және 330Ә) жарылыстарды қуалай орналасқан. Кентас сыйыстырушы осы жарылыстардағы гидротермалдық ерітінділердің таралуына бөгет болған қызыл түсті шөгінділермен жабылған. С-тың қағида-белгілері Жезқазғанның мысты құмтас кендеріне және кентас белгілеріне өндірістік-экон. баға берілгенде негізге алынатын болды. Болашағы ғыл. тұрғыдан аса тыңғылықты негізделген Жезқазған мыс балқыту комб. дүние жүзіндегі түсті металлургияның ірі кәсіпорындарының бірінен саналады. С. минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай, т.б. аймақтарды ерекше назар аударып зерттеді. 1927 — 28 ж. Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір алабы және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғыл. маңызды еңбектер жариялады. 1929 ж. Атасу темір-марганец кендерін игерудің негізінде Қарағанды обл-нда қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерді. С. Жезқазған — Ұлытау ауданында мыстан басқа темір (Қарсақбай), марганец (Жезді), көмір (Байқоңыр, Қияқты), қорғасын (Қорғасын) кендерін ашып, барлау нәтижесінде маңызды геол. қорытындылар жасады. С-қа осы еңбегі үшін диссертация қорғамастан, геол.-минерал. ғыл. докт. атағы берілді. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында танк бронын құюға қажет марганец тапшылығы туған кезде С-тың жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде Жезді марганец кені барланып, іске қосылды. С-тың басшылығымен ғылым мен техниканың тығыз байланысын күшейту мақсатында және Қазақстанның экон. аудандарының өндіргіш күштерін зерттеу мен игеруге бағытталған Қазақ КСР-і ҒА-ның көшпелі сессиялары (Алтайда, Солт. Батыс, Оңт. және Орт. Қазақстанда) өткізілді. С-тың қолдауымен Алматыда Орта Азия геофизика тресі ұйымдастырылып (1948), Қазақ КСР-і Геология және жер қойнауын қорғау мин. құрылды (1956). С. тікелей басшылық еткен металлогендік және болжам картасын жасау үшін ең алдымен Орт. Қазақстанның (Сарыарқа) сол кезге дейінгі геол. зерттелуі жөніндегі мәліметтер жиналды, сол өңірдің геол. дамуының ірі 6 кезеңі (палеозойға дейінгі, ерте каледон, соңғы каледон, ерте варисс, соңғы варисс, киммер-альпі) анықталды және әр кезеңнің геол. құрылысы мен металлогендік ерекшеліктеріне тән негізгі элементтік құрылымы табылды. Халықар. номенклатураға сай бірнеше стандарттық беттерден тұратын картаның жеке беттерінде мынадай геол. материалдар қамтылды: 1. Әр беттің геологиясы мен металлогениясының негізгі өзгешеліктерінің сипаттамалары; 2. Металлогендік формацияларға кіретін генотип ретіндегі кендердің басты сипаттамалары; 3. Жеке кендер мен кентас белгілерінің қысқаша сипаттамасы; 4. Бұлардың бәрі тіркелген бірыңғай кадастр; 5. Кендер мен кентас белгілері жөнінде толық мәлімет алуға болатын бастапқы әдебиеттердің тізімі; 6. Әр беттің әр уақыт үшін тиісті белгімен көрсетілген геол. зерттелуінің картасы; 7. Шлихтық және геофиз. зерттелгендіктің беттестіру картасы; 8. Геол.-құрылымдық карта; 9. Әр беттің пайдалы қазындыларын геол. құрылымдар және магматизммен беттестіру картасы; 10. Жеке беттердің кешенді-металлогендік картасы; 11. Әр бет аумағында болжамдық мақсат үшін жасалған фран, фамен, этрен, жоғ. палеозой шөгінділерінің палеогеогр. картасы; 12. Әр бет үшін темір мен марганец (екеуі бірге), мыс, полиметалл, сирек металдар (вольфрам, молибден, қалайы) кентастарының түрлі кезекте зерттелетін болжамдық алаңдарының және осы металдардың күткен нәтижені беруі ықтимал алаңдарының контурларын беттестіру (үйлестіру) картасы. Бұл картаның тағы бір ерекшелігі — геол. барлау жүргізілетін аймақтар, болжам қорына қарай бірінші және екінші кезекте зерттелетін өңірлерге бөлінді. Металлогендік болжам картасын қолдану нәтижесінде үлкен табысқа қол жеткізді. 1954 — 58 ж. аралығында Орт. Қазақстанда түсті металдардың көптеген жаңа кендері ашылды және олардың 90%-дан астамы бірінші және екінші кезекте зерттелетін өңірлерден табылды. С. басқарған бір топ қазақстандық ғалымдарға металлогендік және болжам картасын жасап шығарғаны үшін Лениндік сыйлық берілді (1958). 1958 жылдан бастап металлогениядан кеңес, симпозиум, конгрестер өткізілді. С-тың ашқан ғыл. мектебі Сарыарқаның металлогендік және болжам карталарының теор. негіздерін, оның берген нәтижелерін сын көзбен қарап, Қазақстанның басқа аймақтарының, бүкіл республиканың осындай картасын жасауды мақсат етті. С. “металлогендік дәуірлер”, “металлогендік формациялар”, “кентасты формациялар”, “генотиптер”, т.б. сияқты жаңа ғыл. терминдердің мәнін анықтады. С. Қазақстан ҒА-н ұйымдастырып, ондағы бөлімдерді, оған қарайтын ин-ттарды, лаб-ларды, секторларды, базаларды сол кезде-ақ дұрыс жоспарлады. Ғыл. кадрлар дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен қарады. Ғыл. зерттеулердің өзекті мәселелерін халық ш-ның мүддесіне бағыттап, шаруашылық және мәдени құрылыстың басты мәселелерін шешуге белсене қатысты. Жезқазған кен-металлургия комб-н, Қарағанды мен Балқаш металлургия з-ттарын, Ертіс-Қарағанды каналын салу, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің табиғи байлықтарын анықтау жөнінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; республикамыздың ірі минералдық шикізат қорларын — Кенді Алтайды, Қаратау фосфоритін, Қостанай мен Жезқазған — Ұлытау өңірлеріндегі темір, марганец, т.б. көптеген кен орындарын игеру С. есімімен тығыз байланысты. С-тің бастамасымен 1940 жылдан бастап КСРО ҒА-ның қазақ бөлімінде докторантура жұмыс істей бастады. Онда жүздеген ғылым кандидаттары мен докторлары даярланып шықты. Оның 50-ден астамына С. тікелей жетекшілік етті. С-тың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған іздері жеткілікті. С. халық ауыз әдебиетін зерттеуді Баянауылда жүргенінде бастап, студент шағында одан әрі жалғастырды. Ш.Уәлиханов жазып алған, әйгілі Едіге батыр жайындағы “Ер Едіге” эпосын қазақ тіліне аударғанда, үш қасиетін ашып берді: 1) тілді сақтауға, дамытуға пайдалылығын; 2) эпостағы шебер тілмен берілген ескі толғауларға назар аударды; 3) қазақ халқының өткен тұрмысы, салт-сана, әдет-ғұрпы суреттелген тарихын білуге құнды мағлұмат беретіндігін көрсетті. Жезқазған — Ұлытау өңірінде бұл талабын күрделі ғыл. зерттеуге айналдырып, көптеген этногр. мұраларды жинап, “Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері” атты еңбегін жазды. Қазақ орта мектебінің төм. және жоғ. сынып оқушыларына арналған “Алгебра” оқулығын 1919 ж. студент шағында бастап, 1924 ж. аяқтады да, Білім Наркомына (қазіргі Білім және ғылым мин.) бекіттірді. Бұл оқулық Қ.И. Сәтбаев Қоры (президенті К.Салықов) және Еуразиялық Л.Н. Гумилев атынд. ун-ттің араласуымен жуырда жарық көреді. С. Ш.Уәлихановтың алғашқы толық шығармалар жинағын басып шығаруды ұйымдастырды. КСРО Мемл. сыйл. (1942), Лениндік сыйл. лауреаты (1958), 4 мәрте Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстанның қала, ауылдарында С. есімімен аталатын жүздеген көше, 40-тан астам мектеп, т.б. ғалым ескерткіштері бар. 641 ғыл. еңбектің авторы, оның 534-і орыс, 98-і қазақ, қалғаны басқа тілдерде жарық көрді. Оның есімі Қазақстан ҒА-ның Геология ғылымдары ин-на, Жезқазған кен-металлургия комб-на, бір қалаға, Алматы, Балқаш, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Семей қ-ларындағы көшелерге, бір планетаға берілген. С-тың құрметіне Жоңғар (Жетісу) Алатауы жотасындағы мұздық пен шың, Қаратаудағы ваннадий кен орнында табылған “Сәтбаевит” минералы, “Академик Сәтбаев” гладиолиус гүлі аталған. Еліміздегі ең ірі жоғары тех. оқу орны Қазақ Ұлттық тех. ун-тіне С. есімі берілген. 1999 ж. С-тың 100 жылдық мерейтойы респ. деңгейде аталып өтті.

Шығ.: Основные черты геологии и металлогении Джезказганского меднорудного района.: В книге “Большой Джезказган”, М.—Л., 1935; Черные металлы в Казахстане за 25 лет, “Изв. КазФАН СССР, серия геология”, 1945, ғ6 — 7; О прогнозах и металлогенических картах Центрального Казахстана, “Изв. АН КазССР, серия геология”, 1953, вып. 17; О некоторых специфических особенностях геологии медистых песчаников Атбасар-Терсакканского района, “Изв. АН КазССР, серия геология”, 1954, вып. 18; Главные закономерности пространственного размещения зон эндогенного орудения в Центральном Казахстане, “Советская геология”, 1957, вып. 58; Основные элементы геологии и металлогении Джезказган-Улутауского района.: В книге “Большой Джезказган”, А.-А., 1961; Основные результаты комплексного геологического изучения и вопросы генезиса Джезказгана, “Геология рудных месторождении”, 1962, ғ3; Избранные труды, т. 1 — 5, А.-А., 1968 — 70.

А. Нұрлыбаев, К. Салықов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға