Жаңалықтар

Тайшықов Қадыр. Теміржанов Аллажар. Чернова Надежда

Тайшықов Қадыр Павлодар облысы, Баянауылда туған. 1926 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетіне түседі. 1928 жылы «Еңбекші қазақ», 1932 жылы «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінде әдеби қызметкер. 1933-1937 жж. Қазақ мемлекеттік баспасында редактор болған. «Мөлтең», «Бұйрас», «Қабсыңқа» деген лақап атпен жарияланған әңгімелері мен фельетондары бар. 1935 жылы «Күлмесек не?» атты сатиралық жинағы, 1936 жылы «Октябрь ұшқыны» атты кітабы жарық көрді. Гогольдің «Өлі жандар», Фурмановтың «Чапаев», М.Кольцовтың «Иван Вадимович өз дәрежесіндегі кісі» атты роман, повестерін аударған. Теміржанов Аллажар Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Аудандық газеттің хатшысы, облыстық «Советтік Қарағанды» газеті редакторының орынбасары, республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінде әдеби кеңесші болып істеді. Өлеңді техникумда оқып жүрген кезінен-ақ жаза бастайды. Алғашқы туындылары 1935 жылы жеке кітап болып шыққан. «Дарын» атты поэмасы әнші әрі композитор Доскей Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылығына құрылған. «Семіздікті қой көтереді», «Шөлмек мың күн сынбайды», «Кеме келсе, қайық судан таяды» атты пьесалары Қарағанды облыстық драма театры сахнасында қойылған. Чернова Надежда. Белгілі ақын - жазушы Н. М. Чернова 1947 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауылында туған. Сол жерде орта мектеп бітіріп, С.Киров атындағы университетінің журналистика факультетіне сырттай оқуға түсті. Н.Чернованың шығармашылық қызметі Семей облыстық телестудияда басталды. Онда телестудияның редакторы болды. Кейін, Көкшетау облысында орта мектепте мұғалімдік жұмыс атқарды. Н.Чернова Қазақстан Жазушылар Одағының Семей облыстық бөлімшесінде әдеби кеңесші болды. Университетті бітіргеннен кейін «Жалын» баспасында редактор, «Ленинская смена» газетінде әдеби қызметкер, Қазақстан ЖОЛК Орталық Комитеті жанындағы шығармашылық жастар кеңес басшысының орынбасары болды. 1980 жылдан «Простор» журналында бөлім редакторы қызметін атқарды. Н.Чернова өлең жазумен бірге аудармамен де шұғылданды.Ол К. Ахметованың өлеңдерін орысшаға аударып, жеке кітапша етіп шығарды. Ақынның өз өлеңдері де қазақ, украин, якут, болгар тілдеріне аударылған. Ақынның шығармалары: «Возраст августа», «Цветущий саксауыл», «Помню», «Кочевница» және т.б. 2008 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты болды. «Құрмет» орденінің иегері. Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі
08.04.2013 04:22 5232

Тайшықов Қадыр Павлодар облысы, Баянауылда туған. 1926 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетіне түседі. 1928 жылы «Еңбекші қазақ», 1932 жылы «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінде әдеби қызметкер. 1933-1937 жж. Қазақ мемлекеттік баспасында редактор болған. «Мөлтең», «Бұйрас», «Қабсыңқа» деген лақап атпен жарияланған әңгімелері мен фельетондары бар. 1935 жылы «Күлмесек не?» атты сатиралық жинағы, 1936 жылы «Октябрь ұшқыны» атты кітабы жарық көрді.

Гогольдің «Өлі жандар», Фурмановтың «Чапаев», М.Кольцовтың «Иван Вадимович өз дәрежесіндегі кісі» атты роман, повестерін аударған.

Теміржанов Аллажар Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Аудандық газеттің хатшысы, облыстық «Советтік Қарағанды» газеті редакторының орынбасары, республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінде әдеби кеңесші болып істеді.

Өлеңді техникумда оқып жүрген кезінен-ақ жаза бастайды. Алғашқы туындылары 1935 жылы жеке кітап болып шыққан. «Дарын» атты поэмасы әнші әрі композитор Доскей Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылығына құрылған.

«Семіздікті қой көтереді», «Шөлмек мың күн сынбайды», «Кеме келсе, қайық судан таяды» атты пьесалары Қарағанды облыстық драма театры сахнасында қойылған.

Чернова Надежда. Белгілі ақын - жазушы Н. М. Чернова 1947 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауылында туған. Сол жерде орта мектеп бітіріп, С.Киров атындағы университетінің журналистика факультетіне сырттай оқуға түсті.

Н.Чернованың шығармашылық қызметі Семей облыстық телестудияда басталды. Онда телестудияның редакторы болды. Кейін, Көкшетау облысында орта мектепте мұғалімдік жұмыс атқарды.

Н.Чернова Қазақстан Жазушылар Одағының Семей облыстық бөлімшесінде әдеби кеңесші болды. Университетті бітіргеннен кейін «Жалын» баспасында редактор, «Ленинская смена» газетінде әдеби қызметкер, Қазақстан ЖОЛК Орталық Комитеті жанындағы шығармашылық жастар кеңес басшысының орынбасары болды. 1980 жылдан «Простор» журналында бөлім редакторы қызметін атқарды.

Н.Чернова өлең жазумен бірге аудармамен де шұғылданды.Ол К. Ахметованың өлеңдерін орысшаға аударып, жеке кітапша етіп шығарды. Ақынның өз өлеңдері де қазақ, украин, якут, болгар тілдеріне аударылған. Ақынның шығармалары: «Возраст августа», «Цветущий саксауыл», «Помню», «Кочевница» және т.б.

2008 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты болды. «Құрмет» орденінің иегері.

Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға