Жаңалықтар

Абылай хан, Әбілмансұр

Өздерінің жауынгерлік және еңбектегі ерліктерімен, ғылыми жаңалықтарымен, дипдоматиялық жеңістерімен, әдебиеттегі, өнердегі, адам қызметтерінің басқа да салаларындағы жетістіктерімен туған Отанының даңқын асқақтатқан Солтүстік Қазақстанның белгілі өкілдері хақында жүгіртпе, қысқа түрде баяндау үшін ғана әрине кітаптың мыңдаған беттері қажет болар еді. Өлкенің көп ғасырлық тарихында сөзсіз талантты, батыл, бірегей адамдар аз емес. Олар өз ғұмырларында көптеген ұлы және ауқымды істерді жүзеге асырды. Сондықтан біз тек бірнеше барынша жарқын тағдырларды қысқаша баяндаумен шектелуге мәжбүрміз. Олардың арасында өткен тарихтың кейіпкерлері, кеңестік кезеңнің құрдастары және қазіргі замандастарымыз бар. Олардың барлығы дерлік Есіл өңірінің тумалары. Басқа өңірлерде дүниеге келіп, тағдырдың жазуымен біздің өңірге келгендер де өздерінің барлық білімдерін, тәжірибелері мен күш-қайраттарын құшақ жая қарсы алған жердің гүлденуіне жұмсай білді. Осы қысқа тізімнің өзі солтүстікқазақстандықтардың халық жадында қандай жарқын із қалдырғаны туралы анық түсінік берері сөзсіз. Абылай хан, Әбілмансұр (1711 - 1781), Орта жүздің ханы (1771 жылға дейін сұлтан), ірі мемлекет қайраткері. Орта жүздің ханы Әбілмәмбеттің әскерлерімен өз күштерін біріктірген сұлтан Абылай жоңғарлардың шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастырған. Әбілмәмбет 1771 жылы қайтыс болғаннан кейін ол хан тағына отырған. Ішкі саясатта хандық билікті нығайту бағытын ұстанған ол шаруашылық пен сауданы дамытты, тұрғындардан салық жинаудың жаңа түрлері мен мөлшерін енгізді. Мемлекетті орталықтандырылған басқару қағидаты бойынша ұлыстарды жергілікті жерлерде орталық билікке бағынатын сұлтандар арқылы басқарды. Абылай Ұлы және Кіші жүздерге де ықпалды болды. Сыртқы саясатта қазақ мемлекеттігін сақтауға ұмтылды, көрші мемлекеттермен дипломатиялық байланыстар орнатты және сауда-экономикалық қатынастарды нығайтты. Абылай заманында Ресей мен Қытай, Жоңғар, Бұқар және Хиуа хандықтары Қазақ хандығымен тығыз байланыста болды. Ол XVIII ғасырда Қазақстанды жаулап алуға ұмтылған Жоңғар хандығына қарсы күреске қазақтың барлық үш жүзінің басын қосуда орасан рөл атқарды. XVIII ғасырдың орта тұсында жоңғарлар басып алған қазақ жерлерін толық азат ету үшін үлкен күш-жігерін жұмсады. 1740 жылы Абылай Ресейдің бодандығын қабылдады. Орыс-қазақ қарым-қатынасын нығайту үшін Ресейге елшілер жіберді, патша әкімшілігімен келіссөздерге өзі қатысқан. 1740-1741 жылдары жоңғарлардың тұтқынында болған. Абылайды тұтқыннан азат етуге орыс елшілігі қатысты. Бұл кезеңде Орта жүздің экономикасының дамуына септігін тигізген Ресеймен сауда-экономикалық, дипломатиялық және мәдени байланыстар одан әрі нығая түсті. Абылай хан ерекше дипломатиялық талантқа, мемлекеттік көрегендікке ие болған, бұл оған Орталық Азиядағы күрделі және қарама-қайшылықты халықаралық қатынастарда ептілік жасауға мүмкіндік берді. Абылай хан билік құрған кезде қазақ-қытай байланысын нығайтуға септігін тигізген Пекинге қазақ өкілдігінің жөнелтілген фактісі белгілі. Абылай мен оның ұрпағы Петропавл қаласының қалыптасу тарихында және тұтастай алғанда өңірдің дамуында ерекше рөл атқарды. Қазіргі кезде Петропавл қаласында "Ат үстіндегі Абылай хан" мүсіндік композициясы орнатылатын Абылай ханның резиденциясын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
04.04.2013 03:02 4180

Өздерінің жауынгерлік және еңбектегі ерліктерімен, ғылыми жаңалықтарымен, дипдоматиялық жеңістерімен, әдебиеттегі, өнердегі, адам қызметтерінің басқа да салаларындағы жетістіктерімен туған Отанының даңқын асқақтатқан Солтүстік Қазақстанның белгілі өкілдері хақында жүгіртпе, қысқа түрде баяндау үшін ғана әрине кітаптың мыңдаған беттері қажет болар еді. Өлкенің көп ғасырлық тарихында сөзсіз талантты, батыл, бірегей адамдар аз емес. Олар өз ғұмырларында көптеген ұлы және ауқымды істерді жүзеге асырды. Сондықтан біз тек бірнеше барынша жарқын тағдырларды қысқаша баяндаумен шектелуге мәжбүрміз. Олардың арасында өткен тарихтың кейіпкерлері, кеңестік кезеңнің құрдастары және қазіргі замандастарымыз бар. Олардың барлығы дерлік Есіл өңірінің тумалары. Басқа өңірлерде дүниеге келіп, тағдырдың жазуымен біздің өңірге келгендер де өздерінің барлық білімдерін, тәжірибелері мен күш-қайраттарын құшақ жая қарсы алған жердің гүлденуіне жұмсай білді. Осы қысқа тізімнің өзі солтүстікқазақстандықтардың халық жадында қандай жарқын із қалдырғаны туралы анық түсінік берері сөзсіз.

Абылай хан, Әбілмансұр (1711 - 1781), Орта жүздің ханы (1771 жылға дейін сұлтан), ірі мемлекет қайраткері. Орта жүздің ханы Әбілмәмбеттің әскерлерімен өз күштерін біріктірген сұлтан Абылай жоңғарлардың шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастырған. Әбілмәмбет 1771 жылы қайтыс болғаннан кейін ол хан тағына отырған. Ішкі саясатта хандық билікті нығайту бағытын ұстанған ол шаруашылық пен сауданы дамытты, тұрғындардан салық жинаудың жаңа түрлері мен мөлшерін енгізді. Мемлекетті орталықтандырылған басқару қағидаты бойынша ұлыстарды жергілікті жерлерде орталық билікке бағынатын сұлтандар арқылы басқарды. Абылай Ұлы және Кіші жүздерге де ықпалды болды. Сыртқы саясатта қазақ мемлекеттігін сақтауға ұмтылды, көрші мемлекеттермен дипломатиялық байланыстар орнатты және сауда-экономикалық қатынастарды нығайтты. Абылай заманында Ресей мен Қытай, Жоңғар, Бұқар және Хиуа хандықтары Қазақ хандығымен тығыз байланыста болды. Ол XVIII ғасырда Қазақстанды жаулап алуға ұмтылған Жоңғар хандығына қарсы күреске қазақтың барлық үш жүзінің басын қосуда орасан рөл атқарды. XVIII ғасырдың орта тұсында жоңғарлар басып алған қазақ жерлерін толық азат ету үшін үлкен күш-жігерін жұмсады. 1740 жылы Абылай Ресейдің бодандығын қабылдады. Орыс-қазақ қарым-қатынасын нығайту үшін Ресейге елшілер жіберді, патша әкімшілігімен келіссөздерге өзі қатысқан. 1740-1741 жылдары жоңғарлардың тұтқынында болған. Абылайды тұтқыннан азат етуге орыс елшілігі қатысты. Бұл кезеңде Орта жүздің экономикасының дамуына септігін тигізген Ресеймен сауда-экономикалық, дипломатиялық және мәдени байланыстар одан әрі нығая түсті. Абылай хан ерекше дипломатиялық талантқа, мемлекеттік көрегендікке ие болған, бұл оған Орталық Азиядағы күрделі және қарама-қайшылықты халықаралық қатынастарда ептілік жасауға мүмкіндік берді. Абылай хан билік құрған кезде қазақ-қытай байланысын нығайтуға септігін тигізген Пекинге қазақ өкілдігінің жөнелтілген фактісі белгілі. Абылай мен оның ұрпағы Петропавл қаласының қалыптасу тарихында және тұтастай алғанда өңірдің дамуында ерекше рөл атқарды. Қазіргі кезде Петропавл қаласында "Ат үстіндегі Абылай хан" мүсіндік композициясы орнатылатын Абылай ханның резиденциясын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға