Жаңалықтар

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы

Соңғы редакциялау: 12 қазан 2012 Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы   – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым. Алматы қаласында 1912 жылдың 12 қаңтарында туған. 1936 ж. Мәскеудегі Түсті металдар және алтын институтын бітірген. 1936 – 42 ж. Балқаш, Алтай, Лениногор кен орындарында басшылық қызмет атқарды. 1942 – 52 ж. Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі, кейіннен Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары болды. 1952 ж. сәуірде Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып сайланды. 1955 – 60 және 1962 – 64 ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы. 1960 – 62 ж. және 1964 – 86 ж. Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы болды. Қонаев өмірінің 45 жылға жуығын ел басқару ісіне арнады,  ширек ғасырға жуық Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарды. Ол республиканы басқарған жылдары Қазақстанда жаңа өнеркәсіпті аудандар қалыптасып, елде жаңа қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды. Титан, магний, синтетикалық каучук өндіріле бастады. Машина жасау, химия салалары тез дамыды. Алайда Қазақстан экономикасы, жалпы алғанда, Одақ үшін шикізат базасы бағытында дамыды, мұнда көп жағдайда өнім шығаруға қол жетпеді. Бүкіл Кеңес Одағына тән экономиканың милитарлануы Қазақстанда да орын алды. Ол республика аумағының тұтастығын сақтап қалуда табандылық көрсетті. Кезінде Өзбекстанға берілген Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіруші аудандарын қайтарып алды, Қазақстанда неміс автономиясын құру, Маңғыстауды Түрікменстанға беру жөніндегі Орталықтың ұсыныс-жоспарларына қарсы шықты. Алматыны қазіргі заманғы көрікті қалаға айналдыруға көп күш жұмсады. 1985 ж. басталған қайта құру саясаты КСРО-ның басқа аймақтары сияқты Қазақстанда да қиындықтар мен кедергілер туғызды. 1986 ж. 16 желтоқсанда өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы Қонаевтың орнына Геннадий Колбинді сайлады. Бұл орынға өзге ұлт өкілінің тағайындалуын қазақ халқы ұлттық кемсітушілік ретінде қабылдады. Мұның соңы Желтоқсан көтерілісіне ұласты. Қонаев 1993 ж. 22 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды. Қайтыс болғаннан кейін Қазақстан Ғылым академиясының Тау-кен және түсті металлургия институтына, Алматы қаласындағы университетке, еліміздің бірқатар мектептері мен көшелеріне Қонаев есімі берілді. 1992 ж. Алматыда “Халықаралық Қонаев қоры” құрылып, 2002 ж. мұражай-үйі ашылды. Өмірінің соңғы сәтін өткізген Алматы облысы Алакөл ауданындағы Ақши ауылында арнайы құлпытас орнатылған.
08.11.2012 11:12 7966

Соңғы редакциялау:

12 қазан 2012

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы   – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым. Алматы қаласында 1912 жылдың 12 қаңтарында туған. 1936 ж. Мәскеудегі Түсті металдар және алтын институтын бітірген. 1936 – 42 ж. Балқаш, Алтай, Лениногор кен орындарында басшылық қызмет атқарды. 1942 – 52 ж. Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі, кейіннен Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары болды. 1952 ж. сәуірде Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып сайланды. 1955 – 60 және 1962 – 64 ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы. 1960 – 62 ж. және 1964 – 86 ж. Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы болды.

Қонаев өмірінің 45 жылға жуығын ел басқару ісіне арнады,  ширек ғасырға жуық Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарды. Ол республиканы басқарған жылдары Қазақстанда жаңа өнеркәсіпті аудандар қалыптасып, елде жаңа қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды. Титан, магний, синтетикалық каучук өндіріле бастады. Машина жасау, химия салалары тез дамыды. Алайда Қазақстан экономикасы, жалпы алғанда, Одақ үшін шикізат базасы бағытында дамыды, мұнда көп жағдайда өнім шығаруға қол жетпеді. Бүкіл Кеңес Одағына тән экономиканың милитарлануы Қазақстанда да орын алды.

Ол республика аумағының тұтастығын сақтап қалуда табандылық көрсетті. Кезінде Өзбекстанға берілген Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіруші аудандарын қайтарып алды, Қазақстанда неміс автономиясын құру, Маңғыстауды Түрікменстанға беру жөніндегі Орталықтың ұсыныс-жоспарларына қарсы шықты. Алматыны қазіргі заманғы көрікті қалаға айналдыруға көп күш жұмсады.

1985 ж. басталған қайта құру саясаты КСРО-ның басқа аймақтары сияқты Қазақстанда да қиындықтар мен кедергілер туғызды. 1986 ж. 16 желтоқсанда өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы Қонаевтың орнына Геннадий Колбинді сайлады. Бұл орынға өзге ұлт өкілінің тағайындалуын қазақ халқы ұлттық кемсітушілік ретінде қабылдады. Мұның соңы Желтоқсан көтерілісіне ұласты. Қонаев 1993 ж. 22 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.

Қайтыс болғаннан кейін Қазақстан Ғылым академиясының Тау-кен және түсті металлургия институтына, Алматы қаласындағы университетке, еліміздің бірқатар мектептері мен көшелеріне Қонаев есімі берілді. 1992 ж. Алматыда “Халықаралық Қонаев қоры” құрылып, 2002 ж. мұражай-үйі ашылды. Өмірінің соңғы сәтін өткізген Алматы облысы Алакөл ауданындағы Ақши ауылында арнайы құлпытас орнатылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға