Жаңалықтар

Білге Қаған ескерткіші

Соңғы редакциялау 17 қазан 2012   БІЛГЕ ҚАҒАН ЕСКЕРТКІШІ — Орхон түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені әрі аса ірі “мәңгі тас” (көне түркі тілінде — “Беңгү таш” ) қатарына жататын ескерткіш кешен. Күлтегін ескерткішінен 0,5 км жерде орнатылған. Б. қ. е. мен Күлтегін ескерткішін орыс ғалымы Н.М. Ядринцев тауып (1889), оны белгілі түркітанушы В.В. Радлов Дания ғалымы В.Томсен анықтаған әріптік жүйемен оқыды (1894). Б. қ. е-н А. Аманжолов, Ғ. Айдаров, т.б. ғалымдар әр қырынан қарастырып, зерттеген. Ескерткіш Екінші Шығыс Түрік қағанатының атақты қағаны — Білге қағанға арналған. Көне түркі бітік жазуындағы Білге қаған  () есімі қытай жазбарында рі-кіа, мо-кі-lіen, mo-gі-lan [могилен] т.б. кездеседі. Сол себептен ғалымдар “Білге қаған” лауазымы, ал “Могилиен, могилян” — оның өз аты дейді. Көне түркі бітігіндегі “Білге қаған” деген сөздің мән-мағынасы — “білікті, билік-төрелікті ұстай білген, сұңғыла-білгір қаған” деген ұғымды білдіреді.   Білге қаған тұсында Екінші Түрік қағанаты терр. тұрғыдан кеңейіп бекіді, аса қуатты құдыретті империяға айналды. Бұл жайында Б. қ. е-нде кеңінен мәлімет берілген. Ескерткіште көшпелілердің “тәңрітекті түрік елі үшін” Бумын, Естемі, Білге Құтылық қағандары мен баїадүр, ақылгөй ерлерінің “ел-жер-тірлік” тұтастығын сақтау, қорғау, болашақ ұрпаққа жеткізу жолындағы ерліктері, мемл. ұлы істің бірегей мақсат-мүддесі шебер тілмен, тұжырымды да тиянақты түрде жазылып, тарихи оқиғалар уақыт желісімен баяндалып бәдізделген. Ескерткіште “елді халық едім, елім енді қайда! Қағаны бар ел едім, қағаным енді қайда, қай қағанға іс-күшімізді жұмсар екенбіз!” деген астарлы тілмен ел тағдырын жырлайды. Тәңірі күш-қуат бергендіктен, қағандық әскері бөрідей, жаулары қойдай болды деген рухтандырғыш жолдар да мол. Б. қ. е-нде оғыз, тоғыз-оғыз, қырқыз, құрықан, отұз татар, татабы, қытан, ұйғыр, үч құрықан, қарлұқ, түргеш секілді көшпелі түркі этностары және де моңғол-манжұр тектес ру-тайпаларымен қатар Бөклі чөллік ел, түпүт, апар, пұрұм, табғач, т.б. отырықшы елдер туралы тарихи деректер, нақты мәліметтер баяндалған. Жер жүзінің төрт тарапы (бұрышы), Ұлы Түрік қағандығын нығайту, одан әрі ұлғайта дамыту жолындағы саяси іс-шаралар, көптеген жорық-шабуылдар, олар өткен Бөклі шөлі, Темір қақпа, Шантұң, Йашыл өзен, Көгмен, Қадырқан, Бесбалық, Селеңгі, Ертіс, Езгенті, Мағы Қорған, Байырқұ, т.б. жер-су, елді-мекендер көркем жырланады. Бұл “мәңгі таста” Білге қағанның інісі Күлтегін, дана білгір Тоныкөк жайында да сөз етеді. Б. қ. е-ндегі көне түрік бітік-жазуын бекзада Йоллық-тегін 1 ай 4 күн бәдіздеп жазған (734). Б. қ. е. сол заманға лайықты өте шеберлікпен жасалған. Кешен сегіз қырлы мәрмәр тас ескерткіш (құлпытас), тасбақа, тас мүсін (8 дана), бейіт тас (саркофаг) (4 дана), тасаттық тас (1 дана), арыстан бейнелі мүсін (2 дана) және балбал тастардан тұрады. Бұлармен қоса кесене (13´13´8 м), оны қоршаған қамал (80´70 м) орнатылған. 2,29´0,72´0,44 м өлшемді тасбақа тасқа орнатылған 3,45´1,74´0,78 м түркі бітік жазулы (бір жағы қытай иероглифті жазулы) тас ескерткіштің жалпы биікт. 3,89 м. Түркі бітік жазулы ескерткішінің күншығысқа қараған жағында 41 жол жазу, оның үстінде қағандық таңба, өзара алысқан екі айдаїар бейнесі [қалған 2 бойында 15 (15) жол (барлығы — 32), екі қырында бір-бір жолдан]. Барлығы — 80 жол жазуы бар. Қытай жазуы Таң мемлекеті кезеңіне қатысты. Ескерткіш о баста тасбақа тас үстіне күншығысқа қаратылып орнатылған. Күлтегін ескерткішінен 0,5 км жерде. Қазір осы кешеннен үш бөлінген ескерткіш, бірнеше бөлшектенген тасбақа тас және де табиғат құбылыстары әсерінен ескіріп, талқандалған тас мүсін, балбалдар ғана сақталынған. Кесененің орны ғана білінеді. Б. қ. е-ндегі бітік жазудың біршама жолдары толық танылмайтындай, анық емес, кейбір жерлері кетіліп, өшіп кеткен. Дегенмен, жазулардың 70%-ке жуық бөлігі сақталған. Б. қ. е. кешенінің құрылысы, жасалуы тұрғысынан Күлтегін ескерткіш-кешенімен өте ұқсас. Сонымен қатар Күлтегін ескерткішіндегі бітік жазулы жолдардың 30-ы (68 жолдан) мазмұны, сөз қолданысы жағынан Б. қ. е-мен айна-қатесіз бірдей. 80 жол, 3000-нан астам сөз, 10 мыңдай таңба-әріп бар. Б. қ. е-нде көне түрік () тілінің классикалық әдеби тіл нормасы кеңінен көрініс тапқан. Б. қ. е. тасбақа үстіне орнатылған құлпытасқа жоғарыдан төмен қарай өте нақышты, бірыңғай өлшеммен көркем бәдізделген. Ескерткіштің төртінші, яғни күнбатыс жағына қытай иероглифімен сол кездегі Таң (Табғач) мемлекетінің патшасы Минь-хуанның “көңіл айту” сөзі жазылған. Ескерткішті зерттеушілер шығыс жағындағы жазуды Х (41 жол), оңт. жағындағы жазуды  Х а (15 жол), солт-ндегі жазуды  Хь (15 жол), екі қырындағы бір-бір жолды ХІ, ХІІ және батыс жағының төменгі бойындағы 7 жолды Хс деп белгілеп қарастырады. Б. қ. е. “Теңрітег теңрі йаратмыш түрік Білге қаған сабым”, яғни “Тәңірітекті тәңірлік жаратылған түрік Білге қаған сөзім” деп басталады. Бұл жолдар көне түрік бітік жазуы бойынша: деген таңба-әріптермен жазылған. Мұның трансграфикасы: тңрітг: тңрі: иртмш: білге; қғн; сбм. Демек, жалпы түрік бітік жазуының тілдік (фонологиялық) құрылысы, графикалық жүйесі өзіндік төлтума сипатымен ерекшеленген аса ықшам әрі қолайлы жасалынған. Б. қ. е. және Күлтегін, т.б. ескерткіштер тілін ғалымдар көне түркі тілдерінің солтүстік тобына (В.В. Радлов) жатқызады. Оның басты ерекшелігі: сөз басында б, м (ben/men) дыбысы алмасып кездеседі, жатыс септігінің -да, -де, ілік септігінің -ың, -ің, т.б. тұлғалары деп көрсетеді. Ескерткіштің тілі “таза” сақталған, кірме сөздер өте аз дерлік. Сол себептен түркі этностарының тілдік табиғатын, тарихи, әдеби, этнографиялық, т.б. сыр-қырын анықтай зерттеу үшін қайталанбас дара мұра. Әдеб.: Ядринцев Н.М., Отчет экспедиции на Орхон, совершенной в 1889 г. “Труды археологического съезда в Москве”, т. 4, М., 1890; Heіkel A., Іnscrірtіons de І’Orkhon recueіlles par І’ expedіtіon fіnnoіse 1890 et puplіes par la Socіete Fіnno — Ougrіenne, Helsіngfors, 1892; Радлов В.В., Труды Орхонской экспедиции. Атлас древностей Монголии, вып. 1 — 4, СПб., 1892 — 1899; Thomsen V., Іnscrіptіon de І’ Orkhon, Helsіngfors, 1896; Радлов В.В., Мелиоранский Л.М., Древнетюркские памятники в Кошо-Цайдаме. “Сборник трудов Орхонской экспедиции”, т. 4, СПб., 1897; Orhun H.N., Eskі tôrk Yazіtlarі. cіlt І — ІV, Іstanbul, 1936 — 1941; Малов С.Е., Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизии, М.—Л., 1959; Насилов В.М., Язык орхоно-енисейских памятников, М., 1960; Кононов А.Н., Грамматика языка тюркских рунических памятников (VІІ — ІХ вв.), Л., 1980; Аманжолов А.С., Түркі филологиясы және жазу тарихы, А., 1996; Сэр-оджав Н., Эртний Түрэгүүд (VІ — VІІІ зуун), УБ.,  1970; Санжмятав Т., Архангай аймгийн нутаг дахь эртний түүх соелын дурсгал, УБ., 1993.  Б. Нәпіл Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том
08.11.2012 11:07 6129

Соңғы редакциялау

17 қазан 2012

 

БІЛГЕ ҚАҒАН ЕСКЕРТКІШІ — Орхон түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені әрі аса ірі “мәңгі тас” (көне түркі тілінде — “Беңгү таш” ) қатарына жататын ескерткіш кешен. Күлтегін ескерткішінен 0,5 км жерде орнатылған. Б. қ. е. мен Күлтегін ескерткішін орыс ғалымы Н.М. Ядринцев тауып (1889), оны белгілі түркітанушы В.В. Радлов Дания ғалымы В.Томсен анықтаған әріптік жүйемен оқыды (1894). Б. қ. е-н А. Аманжолов, Ғ. Айдаров, т.б. ғалымдар әр қырынан қарастырып, зерттеген. Ескерткіш Екінші Шығыс Түрік қағанатының атақты қағаны — Білге қағанға арналған. Көне түркі бітік жазуындағы Білге қаған  () есімі қытай жазбарында рі-кіа, мо-кі-lіen, mo-gі-lan [могилен] т.б. кездеседі. Сол себептен ғалымдар “Білге қаған” лауазымы, ал “Могилиен, могилян” — оның өз аты дейді. Көне түркі бітігіндегі “Білге қаған” деген сөздің мән-мағынасы — “білікті, билік-төрелікті ұстай білген, сұңғыла-білгір қаған” деген ұғымды білдіреді.   Білге қаған тұсында Екінші Түрік қағанаты терр. тұрғыдан кеңейіп бекіді, аса қуатты құдыретті империяға айналды. Бұл жайында Б. қ. е-нде кеңінен мәлімет берілген. Ескерткіште көшпелілердің “тәңрітекті түрік елі үшін” Бумын, Естемі, Білге Құтылық қағандары мен баїадүр, ақылгөй ерлерінің “ел-жер-тірлік” тұтастығын сақтау, қорғау, болашақ ұрпаққа жеткізу жолындағы ерліктері, мемл. ұлы істің бірегей мақсат-мүддесі шебер тілмен, тұжырымды да тиянақты түрде жазылып, тарихи оқиғалар уақыт желісімен баяндалып бәдізделген. Ескерткіште “елді халық едім, елім енді қайда! Қағаны бар ел едім, қағаным енді қайда, қай қағанға іс-күшімізді жұмсар екенбіз!” деген астарлы тілмен ел тағдырын жырлайды. Тәңірі күш-қуат бергендіктен, қағандық әскері бөрідей, жаулары қойдай болды деген рухтандырғыш жолдар да мол. Б. қ. е-нде оғыз, тоғыз-оғыз, қырқыз, құрықан, отұз татар, татабы, қытан, ұйғыр, үч құрықан, қарлұқ, түргеш секілді көшпелі түркі этностары және де моңғол-манжұр тектес ру-тайпаларымен қатар Бөклі чөллік ел, түпүт, апар, пұрұм, табғач, т.б. отырықшы елдер туралы тарихи деректер, нақты мәліметтер баяндалған. Жер жүзінің төрт тарапы (бұрышы), Ұлы Түрік қағандығын нығайту, одан әрі ұлғайта дамыту жолындағы саяси іс-шаралар, көптеген жорық-шабуылдар, олар өткен Бөклі шөлі, Темір қақпа, Шантұң, Йашыл өзен, Көгмен, Қадырқан, Бесбалық, Селеңгі, Ертіс, Езгенті, Мағы Қорған, Байырқұ, т.б. жер-су, елді-мекендер көркем жырланады. Бұл “мәңгі таста” Білге қағанның інісі Күлтегін, дана білгір Тоныкөк жайында да сөз етеді.

Б. қ. е-ндегі көне түрік бітік-жазуын бекзада Йоллық-тегін 1 ай 4 күн бәдіздеп жазған (734). Б. қ. е. сол заманға лайықты өте шеберлікпен жасалған. Кешен сегіз қырлы мәрмәр тас ескерткіш (құлпытас), тасбақа, тас мүсін (8 дана), бейіт тас (саркофаг) (4 дана), тасаттық тас (1 дана), арыстан бейнелі мүсін (2 дана) және балбал тастардан тұрады. Бұлармен қоса кесене (13´13´8 м), оны қоршаған қамал (80´70 м) орнатылған. 2,29´0,72´0,44 м өлшемді тасбақа тасқа орнатылған 3,45´1,74´0,78 м түркі бітік жазулы (бір жағы қытай иероглифті жазулы) тас ескерткіштің жалпы биікт. 3,89 м. Түркі бітік жазулы ескерткішінің күншығысқа қараған жағында 41 жол жазу, оның үстінде қағандық таңба, өзара алысқан екі айдаїар бейнесі [қалған 2 бойында 15 (15) жол (барлығы — 32), екі қырында бір-бір жолдан]. Барлығы — 80 жол жазуы бар. Қытай жазуы Таң мемлекеті кезеңіне қатысты. Ескерткіш о баста тасбақа тас үстіне күншығысқа қаратылып орнатылған. Күлтегін ескерткішінен 0,5 км жерде. Қазір осы кешеннен үш бөлінген ескерткіш, бірнеше бөлшектенген тасбақа тас және де табиғат құбылыстары әсерінен ескіріп, талқандалған тас мүсін, балбалдар ғана сақталынған. Кесененің орны ғана білінеді. Б. қ. е-ндегі бітік жазудың біршама жолдары толық танылмайтындай, анық емес, кейбір жерлері кетіліп, өшіп кеткен. Дегенмен, жазулардың 70%-ке жуық бөлігі сақталған.

Б. қ. е. кешенінің құрылысы, жасалуы тұрғысынан Күлтегін ескерткіш-кешенімен өте ұқсас. Сонымен қатар Күлтегін ескерткішіндегі бітік жазулы жолдардың 30-ы (68 жолдан) мазмұны, сөз қолданысы жағынан Б. қ. е-мен айна-қатесіз бірдей.

80 жол, 3000-нан астам сөз, 10 мыңдай таңба-әріп бар. Б. қ. е-нде көне түрік () тілінің классикалық әдеби тіл нормасы кеңінен көрініс тапқан. Б. қ. е. тасбақа үстіне орнатылған құлпытасқа жоғарыдан төмен қарай өте нақышты, бірыңғай өлшеммен көркем бәдізделген. Ескерткіштің төртінші, яғни күнбатыс жағына қытай иероглифімен сол кездегі Таң (Табғач) мемлекетінің патшасы Минь-хуанның “көңіл айту” сөзі жазылған. Ескерткішті зерттеушілер шығыс жағындағы жазуды Х (41 жол), оңт. жағындағы жазуды  Х а (15 жол), солт-ндегі жазуды  Хь (15 жол), екі қырындағы бір-бір жолды ХІ, ХІІ және батыс жағының төменгі бойындағы 7 жолды Хс деп белгілеп қарастырады. Б. қ. е. “Теңрітег теңрі йаратмыш түрік Білге қаған сабым”, яғни “Тәңірітекті тәңірлік жаратылған түрік Білге қаған сөзім” деп басталады. Бұл жолдар көне түрік бітік жазуы бойынша:


деген таңба-әріптермен жазылған. Мұның трансграфикасы: тңрітг: тңрі: иртмш: білге; қғн; сбм. Демек, жалпы түрік бітік жазуының тілдік (фонологиялық) құрылысы, графикалық жүйесі өзіндік төлтума сипатымен ерекшеленген аса ықшам әрі қолайлы жасалынған. Б. қ. е. және Күлтегін, т.б. ескерткіштер тілін ғалымдар көне түркі тілдерінің солтүстік тобына (В.В. Радлов) жатқызады. Оның басты ерекшелігі: сөз басында б, м (ben/men) дыбысы алмасып кездеседі, жатыс септігінің -да, -де, ілік септігінің -ың, -ің, т.б. тұлғалары деп көрсетеді.

Ескерткіштің тілі “таза” сақталған, кірме сөздер өте аз дерлік. Сол себептен түркі этностарының тілдік табиғатын, тарихи, әдеби, этнографиялық, т.б. сыр-қырын анықтай зерттеу үшін қайталанбас дара мұра.

Әдеб.: Ядринцев Н.М., Отчет экспедиции на Орхон, совершенной в 1889 г. “Труды археологического съезда в Москве”, т. 4, М., 1890; Heіkel A., Іnscrірtіons de І’Orkhon recueіlles par І’ expedіtіon fіnnoіse 1890 et puplіes par la Socіete Fіnno — Ougrіenne, Helsіngfors, 1892; Радлов В.В., Труды Орхонской экспедиции. Атлас древностей Монголии, вып. 1 — 4, СПб., 1892 — 1899; Thomsen V., Іnscrіptіon de І’ Orkhon, Helsіngfors, 1896; Радлов В.В., Мелиоранский Л.М., Древнетюркские памятники в Кошо-Цайдаме. “Сборник трудов Орхонской экспедиции”, т. 4, СПб., 1897; Orhun H.N., Eskі tôrk Yazіtlarі. cіlt І — ІV, Іstanbul, 1936 — 1941; Малов С.Е., Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизии, М.—Л., 1959; Насилов В.М., Язык орхоно-енисейских памятников, М., 1960; Кононов А.Н., Грамматика языка тюркских рунических памятников (VІІ — ІХ вв.), Л., 1980; Аманжолов А.С., Түркі филологиясы және жазу тарихы, А., 1996; Сэр-оджав Н., Эртний Түрэгүүд (VІ — VІІІ зуун), УБ.,  1970; Санжмятав Т., Архангай аймгийн нутаг дахь эртний түүх соелын дурсгал, УБ., 1993.

 Б. Нәпіл

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға