Жаңалықтар

Қазақстанда ғылымды дамыту қаншалықты өзекті?

Ұлттың қазіргі заманғы және тиімді білім беру жүйесін қолдау, оқыту арқылы жұмыс күшінің зияткерлік әлеуетін арттыру бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды факторға айналуда.
18.05.2015 04:49 6031

Қазіргі заманғы әлемдік экономикада материалдық құндылықтардан гөрі зияткерлік әлеуетке көбірек назар аударылады. Ұлттың қазіргі заманғы және тиімді білім беру жүйесін қолдау, оқыту арқылы жұмыс күшінің зияткерлік әлеуетін арттыру бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды факторға айналуда.

Қазақстан қазіргі кезде экономиканы дамытудың индустриялық–инновациялық сатысына аяқ басты. Бұл кезең нарықтық шарттар талаптарына ғылым жүйесін қазіргі заманғы экономикалық талаптарға қайта бағдарлануымен сипатталады, сөйтіп, тиісті нормативтік құқықтық базамен реттелетін ғылымды дамытуды құрылымдық, ұйымдастырушылық, кадрлық, инфрақұрылымдық және қаржылық қамтамасыз етуде түбегейлі өзгерістерге алып келуге тиіс.

Ғылыми–техникалық әлеуетті дамыту экономиканың дәстүрлі секторларына тән болып табылмайтын ілеспелі фактор ретінде қарастырылмауға тиіс. Ғылым саласы – бұл да басқа секторлар үшін ортақ барлық ерекшеліктерге, ережелер мен реттеу тетіктеріне ие экономиканың бір секторы.

Қазақстан экономикасының 80%–тен астамы жекеше сектордың қолында болып отырған жағдайда нарықтық талаптарға әлсіз бағдарлануды мұраланған ғылым жүйесін реттеу принциптері ескірген әрі барабар болып табылмайды.

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2006 жылғы халыққа Жолдауында бәсекелестікке қабілетті әлемнің елу еліне қатарына кіру Стратегиясын жариялады. Аталған стратегияның мақсаттары мен міндеттеріне жетуде ғылымның атқарар рөлі өте жоғары. Себебі, ХХІ ғасырда мұнаймен немесе басқа да табиғи байлықпен әлем елдерімен бәсекелестікке түсу қиын. Біріншіден, табиғи байлық қоры шексіз емес, екіншіден, ғылымы дамыған елдер мұнайға тәуелсіз техникаларды көптеп шығаруды бастап кетті. Демек, қай жағынан алып қарасақ, болашақта табиғи байлық мемлекеттің даму көрсеткіші бола алмайды.

Әлемнің ең дамыған он елі мен артта қалған жүз елді салыстыратын болсақ, ең бірінші айырмашылық сол елдердегі ғылымның даму деңгейі болып табылады. Егер де бірінші аталған мемлекеттерде ғылымнан, инновациядан түсетін табыс ЖІӨ-нің негізгі бөлігін құраса, дамуы жағынан артта қалған елдерде, ғылым тұрмақ, халықты сауаттандыру мәселесі де дұрыс жолға қойылмаған. Қуанышқа орай, Қазақстандағы халықтың сауаттылғы 100 пайыз деп мақтанышпен айта аламыз. Бұл жақсы нәтиже Қазақстанның КСРО-дан мұра қылған өте керемет дәстүрі. Керек болса, Қазақстандағы білім сапасы АҚШ-тан да, Жапониядан да кем емес деп айтуға болады. Себебі, біздің елдегі оқушы, географияны да, физиканы, математиканы да, химия мен биологияны да жақсы біледі. Алайда, осыған қарамастан жоғарыда аталған елдерде ғылымның даму деңгейі бізге қарағанда жоғары. Міне сол себепті Қазақстандағы ғылымды дамыту саясаты, оны тиімді жүзеге асыру мәселесі өте өзекті болып табылады. 


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға