Қазақстанда сүт өнімдері қымбаттады
Қазақстанда дүкен сөрелеріндегі сүт өнімдері бір жылда 25%-ға қымбаттады, деп хабарлайды El.kz.
Energyprom ұсынған деректерге сәйкес, осы жылдың 1 тамызына қарай елімізде 4,6 млн сиыр болды, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 5,9%-ға артық. Сиырлардың ең көп саны Түркістан облысында тіркелді (609,4 мың), мұндағы жылдық өсім 10,7%-ды құрады. Үздік үштікке Абай (393,9 мың бас, жылына плюс 4,5%) және Батыс Қазақстан (388,9 мың бас, плюс 11,5%) облыстары да ілікті.
2022 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша еліміздің шаруашылықтарында 3,8 млн тонна сүт өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2%-ға артық. Ең үлкен көлем Түркістан облысына келеді деп күтілуде: 492 мың тонна. Жеті айдың қорытындысы бойынша сүт өнімдерінің өндірісі құндық мәнде 259 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 8,4%-ға аз.
«Сүт өнімдері арасында шұбат (бірден 49,2%-ға, 1,6 мың тоннаға дейін), сары май және сүт спредтері (12,6%-ға, 13,9 мың тоннаға дейін), өңделген сұйық сүт және кілегей (9,8%-ға, 324,4 мың тоннаға дейін), балмұздақ (4,4%-ға, 25,5 мың тоннаға дейін), йогурттар (1,8%-ға, 134,8 мың тоннаға дейін) қымбаттаған. Қымыз өндірісі 18,9%-ға, 900 тоннаға дейін, қатты түрдегі сүт - 10,5%-ға, 4,6 мың тоннаға дейін, ірімшік пен сүзбе - 0,8%-ға, 21,3 мың тоннаға дейін өсті», - делінген зерттеуде.
Осы жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша сүт өнімдерінің құны бір жылда 24,6%-ға өсті.
«Оның ішінде сүт 24,6%-ға, консервіленген сүт 28,9%-ға, ашыған сүт өнімдері 26,4%-ға қымбаттады. Ашыған сүт өнімдерінің ішінде йогурт 33,5%-ға, 2,5%-дық айран - 17,1%-ға, қаймақ 30,4%-ға, 5%-дық сүзбе - 9%-ға, қатты ірімшік 29%-ға қымбаттады. Өңірлер тұрғысынан бағаның жылдық өсуін Маңғыстау облысының (жылына 34,8%-ға), Шымкент (28,6%-ға) және Түркістан облысының (27,6%-ға) тұрғындары қатты сезінді», - деп қорытындылады талдаушылар.